Мазмұнға өту

Бағдаршаммен танысу

Хасанова Акмарал Хайреденовна 3 мин оқу 479 оқылым

Хасанова Акмарал Хайреденовна

Мақсаты: Балаларды жолда жүру ережесіне сәйкес бағдаршамның  атқаратын қызметімен таныстыру, бағдаршамның көзінің түсін ажыратуға дағдыландыру, жол белгілерімен таныстыру. Балаларға жолда жаяу өткенде қиылыста ақ жолақтар болатынын ескерту. Бағдаршам жайлы тақпақтар жаттату.

Керекті құралдар: Бағдаршам, жаяу жүргінші өтпесі, жол белгілерінің суреттері.

Әдіс тәсілдері: Сұрақ –жауап , жұмбақ шешу, түсіндір, көрсету, тақпақ айту.

Сабақ барысы:  «Шаттық шеңбері»

                               Біз ерекше баламыз,

                               Айтқан тілді аламыз,

                               Достарымызды бір көргенде,

                               Қуана қарсы аламыз.

                               Қайырлы таң апайлар!

                               Қайырлы таң балалар!

-Балалар, бүгін  біз «жол жүріп  үйренеміз» тақырыбында милиция ағайларың жолда жаяу жүру ережесімен таныстырады.( балалардың назарын тақтаға аудару.)

-Тақтадан не көріп тұрсыңдар?

-Тақтада үш түсті дөңгелек бар.

-Үш түсті кім атап береді?

-Қызыл түс.

-Сары түс.

-Жасыл түс.

-Өте дұрыс, балалар, мен сендерге жұмбақ жасырамын.Бұл жұмбақтың шешуі дөңгелектерді құрау арқылы шешіледі.

Жасыл көзі «жүр» дейді,

Қызыл көзі «тұр» жейді,

Сары көзі «дайын бол» дейді.

Бұл не?

-Бағдаршам.

-Дұрыс айтасыңдар балалар. Қазір мен бағдаршамның не үшін керек екенін айтып берейін. Сендер мұқият тыңдап алыңдар.(ортада бағдаршам тұрады)Бағдаршам бізге жол қиылыстанан өтуге көмектеседі. Жаяу жүргіншілерді жол апатынан сақтайды. Жолдан өтерде өте мұқият болу керек, жүгіріп өтуге болмайды. Бағдаршамның үш көзі-үш түрлі. Бағдаршам бар қиылыста адамдар өтетін ақ жолақтар болады. Өйткені ол бұрылатын бағытты көрсетеді. Мысалы, өздерің келе жатқан көше бойынан бағдаршамның қызыл көзі жанды дейік. Не істеуіміз керек?

-Тоқтаймыз. Өйткені бағдаршамның қызыл көзі жолдың жабық екендігін ескертеді.

-Ал ортадағы сары көзі жанса не істейміз?

-Дайындал, қазір жасыл көзі жанады деген белгі.

-Жасыл көзі жанғанда жол ашылады. Бағдарамның үш көзі жаяу жүргіншілерге және көлікпен жүруге де өте қолайлы, адам өміріне пайдасы орасан зор.

Нұрәділ :                 «Бағдаршам»

Қызыл көзін ашқанда,

Сынық сүйем баспа алға,

Сары көзін ашқанда

Қарап қалма аспанға.

Жасыл көзін ашқанда,

Жүре бергін жасқанба.

Тосын сәт:  Кенеттен есік қағылады. Топқа адасып қалған бағдаршам кіреді.

Тәрбиеші:-Балалар, біздің топқа кім келді?

Балалар:  -Бағдаршам.

Тәрбиеші: -Бағдаршамның қолында хат бар екен.

Тәрбиеші хатты оқиды.

«Сәлем достар! Мен адасып қалдым, маған көмектесіндерші? Менің көздерімді бояп, іске қосуларыңды өтінемін. Бағдаршам.»

Тәрбиеші: -Балалар бағдаршамға көмектесесіңдерме?

-Иә.

Балалар бағдаршамға көмектесіп, қызыл,жасыл, сары,  түсті қарындашты қолданып, бағдаршамның тілегін орындап, оны іске қосуға көмектеседі.Бағдаршам балаларға рахметін айтып, басын иіп топтан шығып кетеді.

Тәрбиеші: -Жарайсыңдар, балалар! Адасқан бағдаршамнан көмектеріңді аямадыңдар. Ол сендерге рахметін айтып, ризашылығын білдірді.

(ортаға жол белгілері ұстаған балалар шығады)

Амин:       Қып-қызыл үш бұрыш

Ескерту белгісі мен болам,

Қауіптен сақ бол деп,

Сәт сапар жолдаға.

Толғанай:     -Қызыл жарық жанғанда

Қалт тоқтай қал табанда

Сары шамы жағылса

Сақ, абай бол барынша.

Жасыл жарық жол ашық,

Зымырай бел асып.

Милиция ағайдың ескертпелері:

Сақтандыру, ескерту белгісі: (айналасы қызыл жолақпен көмкерірген )

Тиым салу белгісі: (қызыл жолақпен көмкерілген дөңгелек)

Міндеттеу белгісі : ( көк түсті төртбұрыш )

Егер бәріміз топ болып жүрсек ,қандай ережелерді сақтауымыз керек.

Балалар:  1 Қатардан шықпау.

2Алысып ойнама

3 Шуылдама

4.Үлкенді тыңда

Ал ,жүргіншілер үшін жол қозғалысының арнай ережелері бар.

1 Алғашқы дәрігерлік көмек,

  1. Байланыс орны.
  2. Тамақтану орны.

                  4 Жанармай бекеті.

Қорытынды: -Балалар бүгінгі кездесуімізде не туралы әңгімелестік?

-Бағдаршам туралы.

-Сонымен жолдың арғы бетіне өту үшін жолдың кез келген жерінен өтемізбе?

-Жаяу жүргінші өтпесінен өту керек.

- Балалар сұрағыма өте жақсы қатыстыңдар. Жолда жүру ережесін жақсы меңгерген сияқтысыңдар. Жолда қиналмай арғы бетке ешқандай қиындықсыз өтетіндеріңе сенімдімін. Осымен, бүгінгі сабағымыз аяқталды.   Сендерге рахмет!

Білгені:  Бағдаршамның атқаратын қызметін білді.

Біліктілігі:  Кедергісіз жолдан қалай өту керектігін ұғынды.

Білу керек:  Адасқанға көмегін аямауды.

Материал пайдалы болды ма? Бөлісіңіз

WhatsApp

Автор

Хасанова Акмарал Хайреденовна

Осы тақырыптағы материалдар

Балабақша

Мектепке дейінгі ұйымдарда инклюзивті білім беруді ұйымдастыру: ерекше білім беру қажеттілігі бар балалармен жұмыс жүргізудің тиімді әдістері.

Қарағанды облысы Қарқаралы ауданы Егіндібұлақ ауылы "Айгөлек" бөбекжайы Тәрбиеші Аннотация Мақалада мектепке дейінгі ұйымдарда инклюзивті білім беруді ұйымдастырудың маңызы, негізгі қағидалары және ерекше білім беру…

Едильбаева Тойжан Батырбековна 65 оқылым 10 мин
Балабақша

Балабақшада балалардың сөйлеу тілін дамыту

«Жауқазын»бөбекжай-бақшасы МКҚК-нің тәрбиешісі Ақтөбе облысы,Шалқар ауданы,Тоғыз станциясы Мақалада мектепке дейінгі жастағы балалардың сөйлеу тілін дамыту мәселесі қарастырылады. Баланың сөздік қорын байыту,…

Садықова Маржанкүл Баянқұлқызы 68 оқылым 2 мин
Балабақша

2026–2027 жылғы оқу жылына Балабақша тәрбиешілеріне қажетті әдістемелік құжаттар тізімі

2026–2027 оқу жылы басталар алдында балабақша тәрбиешілері үшін ең маңызды жұмыстардың бірі – әдістемелік құжаттарды талапқа сай дайындау. Перспективалық жоспар қалай жасалады? Циклограмма қандай болуы керек? Баланың…

Bilimger Media 4 427 оқылым 10 мин
Балабақша

2026–2027 жылғы оқу жылына Балабақша тәрбиешілеріне қажетті әдістемелік құжаттар тізімі

2026–2027 оқу жылы басталар алдында балабақша тәрбиешілері үшін ең маңызды жұмыстардың бірі – әдістемелік құжаттарды талапқа сай дайындау. Перспективалық жоспар қалай жасалады? Циклограмма қандай болуы керек? Баланың…

Bilimger Media 936 оқылым 10 мин