Мазмұнға өту
Мақала жариялау
Axiomus олимпиадасы·математика мен физика, 3–11 сынып·нәтиже 20 минутта, дипломда жетекші мұғалімнің аты Математика, физика олимпиадасы·3–11 сынып Қатысу

«Бағдаршам және мен»

Карлыбаева Гульмира Жумагазыкызы
3 мин оқу 703 оқылым

Карлыбаева Гульмира Жумагазыкызы

Тәрбие сағаты  «Бағдаршам және мен»

Мақсаты: Балаларды бағдаршам, жол белгілерімен таныстыруды жалғастыру. Көшеде жүру ережелері туралы түсініктерін қалыптастыру. Жауапкершілік сезімдерін дамыту. Көшеде жүру ережесін білу арқылы жолда жүру мәдениетін үйретіп, қауіпсіздікке тәрбиелеу. Сұраққа  толық  сөйлеммен  жауап  беруге  дағдыландыру.

Әдіс-тәсілі: Әңгімелеу, түсіндіру, ойын, сұрақ - жауап.слайд видео.
Көрнекілігі:  Жол белгілері, көше макеті, бағдаршам, алдын ала әзірленген киімдер, ойыншық, интерактивті тақта. машиналар.

Сөздік жұмыс: Қызыл, сары, жасыл;

Өтілу барысы.

  1. Ұйымдастыру кезеңі.

Ғажайып сәті.

Телефон шырылдайды. Топқа  «Полиция» кіреді.
Полиция: Сәлеметсіңдерме балалар?

Тәрбиеші: Балалар бізге қонаққа кім келді?

Полиция: -Балалалр  мен сендерге жолда жүру ережесі және бағдаршам туралы қызықты видио алып келдім.

  1.  Негізгі бөлімі.

Бағдаршам жол белгілерімен таныстыру  видео слайд арқылы.

Балалар  Тимур өзінің достарымен апасының үйіне бармақшы. Бұл балалар жолда жүру ережесін біледі екен, сондықтан олар жолдан өтуге дайын, ал сендер жолда жүру ережесін білесіңдерме. Мына  балалардың алдында жаяу жүргіншілердің белгісі тұр. Қараңдаршы мына белгінің қайсысы жолдан өту белгісі?

Бағдаршам ол біздің  жолдан өтуге көмектесетін көмекшіміз.

Бағдаршам өзінің әр түрлі түстерінің көмегімен жолдан өтуге болатыны туралы  айтып тұрады. Оның түстері қызыл, сары, жасыл.

Жолдан өтер кезде қызыл түсті адам бейнесі шықса жолдан өтуге болмайды.

Жасыл түсті адамның бейнесі  шықса өтуге болады.

Балалар естеріңе сақтаңдар жасыл түс қауіпсіз, ал қызыл түс өте қауіпті.

Ал енді бір ойын ойнайық: «Бағдаршам».

Бағдаршамның бірінші түсі қандай?

Екінші түсі қандай?

Үшінші түсі қандай?

Ал мына екінші бағдаршамда неше түс бар?

Бағдаршамның қай түсі жанған кезде жолдан өтуге болады?

Қызыл түс жанған кезде не істейміз?

Бағдаршамның қай түсі жанған кезде машина жүрмейді?

Бағдаршамның қай түсі жанған кезде машина қозғалып жүреді?

Жаяу жүргіншілердің белгісін көрген кезде ғана  жолдан өт.

Мына суреттен балалардың дұрыс жасап тұрғанын көрсет?

Ал,  енді  балалар сендер « Жолда  жүру  ережесін»  білесіңдер, мен осы ережені сендер қалай түсінгендеріңді тексерейін.

Бауырсақ жолда келе жатады, алдынан қоян шығады,

- Бауырсақ бауырсақ мені мына жолдан өткізіп жіберші?

-Бауырсақ сен менің тапсырмамды орындасаң өткіземін.

- Маған бағдаршамды құрастырып бер,

Қоян бағдаршамды құрастырып береді. Бауырсақ  қоянды жолдан өткізіп жібереді.

Әрі қарай домалап кетеді. Келе жатса алдынан қасқыр шығады. Бауырсақ бауырсақ мен қалаға келіп адасып кеттім, маған орманға баратын жолды көрсетесіңбе?

- Бауырсақ сен менің тапсырмамды орындасаң көрсетем.

- Бағдаршамның қай түсі жанған кезде жолдан өтуге болады?

- Қасқыр белгіні көсетеді,  бауырсақ қасқырды орманға қарай баратын жолды көрсетіп береді.

Бауырсақ ары қарай жүгіріп келе жатады, алдынан аю шығады мен осы жерде доппен ойнап жүр едім добым домалап жолға шығып кетті, енді қалай аларымды білмей тұрмын.

  • Бауырсақ сен менің тапсырмамды орындасаң добыңды алып беремін.

Қай түс жанған кезде жолдан өтуге болмайды?

Аю тапсырманы орындайды, бауырсақ аюдың  добын алып береді. Доппен жолда ойнауға болмайды, машиналар тоқтай алмай қағып кетуі мүмкін.

Бауырсақ жүгіріп келе жатады алдынан түлкі шығады.

  • Түлкі бауырсақ бауырсақ маған маған балабақшаға баратын жолды көрсетші?
  • Бауырсақ менің тапсырмамды орындасаң көмектесем.
  • Мына марблс тастарын түстеріне қарай бағдаршамға орналастыр?

Түлкі жол белгісін  айтып береді.

Бауырсақ түлкіге балабақшаға баратын жолды көрсетеді.

Полиция: Бауырсақ сен бәрін біледі екенсің, рахмет саған, жануарларға көмектескенің үшін. Барлығына рахмет айтып қоштасып шығып кетеді.

Флеш моб «Бағдашам биі»

  1. Қорытынды.
  2. Балалар бүгін немен таныстык
  3. Жолдан қалай өту керек екен?
  4. Бағдаршамның қандай пайдасы бар?

- Балалар,  осы «Жолда  жүру» ережесін  естеріңе сақтандар, ұмытпандар!

«Жол  жүру  ережесін!», өмірімізді сақтау  үшін керек, соны біліңдер.

Материал пайдалы болды ма? Бөлісіңіз

WhatsApp Telegram

Мақала құжаттары

Журнал, мақала және жарияланғаны туралы анықтама — бөлек PDF файлдар

Осы материал бойынша

AI Көмекші 30 секундта дайындайды — жауап кілті мен PDF бірге.

Автор

Карлыбаева Гульмира Жумагазыкызы

Пікірлер

Пікір қалдыру үшін аккаунтқа кіріңіз

Әзірге пікір жоқ — алғашқы болыңыз.

Авторларға

Сіз де өз мақалаңызбен бөлісіңіз

Мақалаңызды жариялап, сертификат пен журналды бірден алыңыз. Жарияланым Google мен Yandex-те табылады.

  • Сертификат (QR-коды бар)
  • Google, Yandex жүйелерінде шығады
  • Журналға шығады (онлайн)
  • Анықтама, журнал
  • Жеке кабинетте құжаттар сақталады
  • Мақалаға тұрақты сілтеме

2015 жылдан бері · ресми тіркелген журнал

Мақала жариялау

Осы тақырыптағы материалдар

Тәрбие сағаты

25 қазан Республика күні: тәрбие сағатының дайын сценарийі

25 қазан Республика күніне арналған тәрбие сағатының дайын сценарийі: мақсат, жүргізушілер сөзі, топтық тапсырмалар, тарихи мәлімет және рефлексия. Сыныпқа бейімдеп қолданыңыз.

Bilimger Media 3 мин 1 992 оқылым
Тәрбие сағаты

Білім күніне арналған тәрбие сағатының жоспары

Тақырыбы: «Білім – болашақтың бастауы» Бағыты: Танымдық, патриоттық, тәрбиелік Сынып: 5–11 сыныптарға бейімдеуге болады Ұзақтығы: 40–45 минут Өткізу формасы: Тәрбие сағаты, пікір алмасу, сұрақ-жауап, шығармашылық…

Bilimger Media 7 мин 283 оқылым
Тәрбие сағаты

16-желтоқсан Тәуелсіздік күніне тәрбие сағаты мектепке

Тәрбие сағаты тақырыбы: «Тәуелсіздік — елдің тұғыры» Мереке: Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні Негізгі дата: 1991 жылғы 16 желтоқсан Мақсаты Оқушылардың тәуелсіздік құндылығын түсінуін арттыру, патриоттық…

Bilimger Media 4 мин 160 оқылым