Мазмұнға өту

«Бағдаршам – біздің досымыз!»

Каламкас 3 мин оқу 393 оқылым

Туралиева Каламкас Кариматовна
Мақсаты: Балаларды жолда жүру ережесіне сәйкес бағдаршамның атқаратын қызметімен таныстыру.
Балаларды жолда жүру ережесін мұқият cақтауға, жауапкершілік сезімдерін дамыту.
Баланы зейінді, епті болуға тәрбиелеу.
Әдіс - тәсілі: Әңгімелеу, түсіндіру, ойын сұрақ - жауап.
Көрнекілігі: бағдаршам, жол белгілері, жол қауіпсіздігі туралы суреттер.
Сөздік жұмыс: бағдаршам.
Билингвальді компонент: Бағдаршам – светофор, жол – дорого.
Шаттық шеңбері.
Қуан шаттан,
Қуан шаттан,
Қуанатын күн бүгін.
Қайырлы таң,
Қайырлы күн,
Күліп шықты, күн бүгін.
Шаттық шеңберінде балалар бір – біріне жылулық сыйлайды.
Жұмбақ:
- Балалар кәне мен сендерге
жұмбақ жасырайыншы?
Жасыл көзі «жүр» дейді.
Қызыл көзі «тұр» дейді
Сары көзі «дайын бол» дейді.
Бұл не? (Бағдаршам)
- Дұрыс айтасыңдар, балалар.
Бүгін «Бағдаршам – біздің досымыз» атты тақырыпты өтеміз, яғни жолда жаяу жүру ережесімен танысамыз. (балалардың назарын слайдқа аудару)
- Суретте не көріп тұрсыңдар?
- Үш түсті кім атап береді?
- Осы үш түсті біріктірсе, не пайда болады?
Бағдаршам.
үш түсті дөңгелек бар.
- Қызыл түс.
- Сары түс.
- Жасыл түс.
Бағдаршам.

- Өте дұрыс, бұл бағдаршам екен. Қазір мен бағдаршамның не үшін керек екенін айтып берейін. Сендер мұқият тыңдап алыңдар. Бағдаршам бізге жол қиылыстарынан өтуге көмектеседі. Жаяу жүрушілерді жол апатынан сақтайды. Жолдан өтерде өте мұқият болу керек. Жолдан жүгіріп өтуге болмайды.
Бағдаршамның үш көзі - үш түрлі. Бағдаршам бар қиылыста адамдар өтетін ақ жолақтар болады. Бағдаршамның қызыл көзі жанғанда көліктер тоқтайды, ал адамдар жаяу жүрушілер ақ жолақтармен өтеді.
- Ал, ортадағы сары көзі жанса, көліктер дайындалады.
- Ал жасыл көзі жанса, жол ашылады, көліктер жүреді. Бағдаршамның үш көзі жаяу жүргіншілерге және көлік пен жүруге де өте қолайлы, адам өміріне орасан зор.
Олай болса, көшеден өткенде арнайы ақ жолақтардан өту керек. Жол қиылысында аса абай бол, көшелерде, жолдарда доп ойнауға, шанамен сырғанап ойнауға, болмайды балалар.
Ғажайып сәт. Ортаға жол сақшысы келеді.
- Сәлеметсіңдерме балалар?
- Балалар бізге қонаққа кім келді?
- Жарайсыңдар, балалар! Жол сақшысы жолда жүру ережесін қадағалайтын маман иесі. Қанекей балалар, жол сақшысымен жолда жүру ережесімен танысайық!
Ойын: «Жолдан өту»
Шарты:Жол сақшысының көмегімен жолдан өтуі тиіс.
- Жарайсыңдар балалар,
Жол сақшысы бізге қандай ақыл – кеңес берер екен?
Жол сақшысы:
- Қызыл көзі жанғанда,
Сынық сүйем бас па алға,
Сары көзін ашқанда,
Қарап қалма аспанға,
Жасыл көзін ашқанда,
Өте бергін жасқан ба?
Сәлеметсіз бе!
Жол сақшысы.
- Жол сақшысы сізге көп рахмет! Бізге қонаққа келіп, балаларға ақыл – кеңес бергеніңізге рахмет айтамыз.
Жол сақшысы:
- Жарайды балалар сендерге де рахмет, ал енді, мен өз қызметіме барайын! Жолда жүргенде «Бағдаршамға» назар аударып өтіңдер! Сау болыңдар балалар!
Сергіту сәті.
- Ал, балалар, кәне сәл демалып алайық.
- Олай болса балалар, «Бағдаршам» ойынын ойнаймыз.
Мақсаты: Балалардың есте сақтау қабілетін дамыту.
Шарты: Балалар қызыл түсті дөңгелекті көрсеткенде тыныштық сақтайды, ал сары түсті дөңгелекті көрсеткенде алақандарын соғады, ал жасыл түсті дөңгелекті көрсеткенде жүреді.
- Жарайсыңдар балалар, ойын сендерге ұнады ма?
- Ендеше балалар,оқу қызметін ары қарай жапсырумен байланыстырайық! «Бағдаршамды» ақ қағазға рет – ретімен орналастырайық!
- Жарайсыңдар балалар!
- Кәнекей бәріміз
«Тәртіп керек баршаға.»
өлеңін жаттап алайық
«Бұзба көше тәртібін,
Ұрынасың апатқа.
Қызықты өтсін әр күнің,
Жақын болма шатаққа»
Балалар өлеңді қайталап, жаттайды.
- Балалар бүгінгі ұйымдастырылған әңгімеміз де не туралы өттік?
- Бағдаршамның неше көзі бар?
- Қандай?
- Жаяу жүрген кездегі белгілер қандай белгілер?
Жол тәртібін білейік.
Аман - есен жүрейік.
- Балалар, ұйымдастырылған ойын іс – әркетіне өте жақсы қатыстыңдар. Жолда жүру ережесін жақсы меңгерген сияқтысыңдар. Жолда қиналмай арғы бетке өтетіндеріңе сенімдімін. Бағдаршам туралы әңгімеміз аяқталды.

Материал пайдалы болды ма? Бөлісіңіз

WhatsApp

Осы материал бойынша

AI Көмекші 30 секундта дайындайды — жауап кілті мен PDF бірге.

Автор

Каламкас

Автордың басқа материалдары

Ашық сабақтар

«1 қыркүйек – Білім күні»

Туралиева Каламкас Кариматовна Мақсаты: Балаларға 1-қыркүйек күні – білім күні жайында түсінік беру. Өз туған елдеріне, жерлеріне, балабақшасына сүйіспеншілікке тәрбиелеу. Байланыстырып сөйлеуге, сөйлем құра білуге…

Каламкас 586 оқылым 3 мин

Осы тақырыптағы материалдар

Ашық сабақтар

Ашық сабақ: «Ата Заң — ел тірегі» (балабақша)

Мақсаты: Балаларға ҚР Конституциясы — Ата Заң екенін түсіндіру Құқық пен міндет туралы алғашқы ұғым қалыптастыру Отанына, заңға деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу Көрнекіліктер: Қазақстан Туы, Елтаңбасы, Президент суреті…

Bilimger Media 357 оқылым 2 мин
Ашық сабақтар

"Ата заң" ашық тәрбие сағаты (бастауыш сынып)

Тақырыбы: Ата Заң — ел тірегі Мақсаты: Оқушыларға Қазақстан Республикасының Ата Заңы туралы түсінік беру; Құқықтары мен міндеттері жайлы ой қалыптастыру; Заңды, елді, туған жерді құрметтеуге тәрбиелеу. Көрнекіліктер:…

Bilimger Media 424 оқылым 2 мин
Ашық сабақтар

«Ата Заң — ел тірегі» атты ашық сабақ (5–11 сынып оқушыларына)

Сабақтың тақырыбы: Ата Заң — ел тірегі Сабақтың мақсаты: Оқушыларды Қазақстан Республикасының Конституциясымен таныстыру; Оқушылардың құқықтық сауаттылығын арттыру, азаматтық белсенділікке баулу; Отанды, елді, заңды…

Bilimger Media 660 оқылым 2 мин
Ашық сабақтар

«Дене тәрбиесінде 3 D технологиясын білім беру жүйесінде қолдану»

Cабақ жоспары Модуль /пән атауы: Дене тәрбиесі, Информатика Дайындаған педагог: Усенова Багила Сәуірбайқызы,Майрамбаев Нұржан Асқарбайұлы,Рзаханов Даурен Мырзабекұлы 20__жылғы «____»____________ 1.Жалпы мәліметтер: Курс,…

Bilimger Media 40 оқылым 4 мин