Мазмұнға өту
Мақала жариялау
Axiomus олимпиадасы·математика мен физика, 3–11 сынып·нәтиже 20 минутта, дипломда жетекші мұғалімнің аты Математика, физика олимпиадасы·3–11 сынып Қатысу

Бабалар арманы -Тәуелсіздік

Zhanerke
1 мин оқу 49 оқылым

Бабалар арманы - Тәуелсіздік

Тәуелсіздік - еркіндіктің символы. Өз алдына жеке мемлекет болып, ешкімнің құзырына бағынбай , азат мемлекет болғанымызға, міне 30 жыл болыпты.
Жыл сайын желтоқсан айында ғана еске алатын күн.1 желтоқсан - Тұңғыш президент күні. Қазақстан Республикасының тұңғыш президенті - Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың ,қажырлы еңбегінің арқасында осы күнге жеттік. Ал бұл азаттық ,бізге қандай қиындықпен келгенін ұмытпағанымыз жөн. Қайран қазағым ашаршылықты да ,жұтты да , соғысты да көрді. Ел басына күн туған кезде де,сағы сынып кеткен жоқ. Қазақ өз қанын ,тегін ,тілін сақтау үшін, ата-бабамыз қасық қаны қалғанша күресті.
Халықтың жадында мәңгі қалатын «Желтоқсан оқиғасының» орны бөлек. Жазықсыздан жазықсыз жазаланған жастар. Қақаған қара қыстың ызғарлы күнінде аппақ қар қаншама адамның қанына боялды. Әділдікті талап еткен батыл ер-жігіттер, Әлия мен Мәншүктей өжет қыздар, Кеңестік биліктің өктемдігіне төтеп беруге тырысты. Желтоқсандағы наразылық шеруге басты себеп – Қазақстан Компартиясының жетекшісі Дінмұхамед Қонаевты қызметінен босатып, ол орынға Г.Колбинді халықпен санаспастан отырғызуы еді. Бұл шеруге қатысқандардың көбі – студенттер мен жұмысшы жастар. Қазағым,елім ,жерім дейтін нағыз патриот қыз-бозбалалар,билікке қарсы шығамыз деп , сол жолда мерт болды. Атап айтар болсам, қайтпас қайсар -Қайрат Рысқұлбеков, Ләззат Асанова,Ерболат Сыпатаев, Сәбира Мұхамеджанова. Дегенмен,бәрінің көздеген асқақ арманы орындалды.
Қазағым талай қиын қыстау күнді басынан кешті. Ал бұл қаһарлы желтоқсан оқиғасы тарих беттерінен ойып тұрып орын алары сөзсіз. Қыршыңынынан қиылған жастардың қанымен қол жеткізген бейбітшілігіміздің құны, адам өмірімен тең.
Ендігі ұрпақ,Тәуелсіздігімізді барынша бағалап,келер ұрпақтың жарқын болашағы үшін , үлкендер қадамдар жасап, Қазақстанымыздың өркендеп, дамуына үлесімізді қосайық !

Материал пайдалы болды ма? Бөлісіңіз

WhatsApp Telegram

Мақала құжаттары

Журнал, мақала және жарияланғаны туралы анықтама — бөлек PDF файлдар

Автор

Zhanerke

Пікірлер

Пікір қалдыру үшін аккаунтқа кіріңіз

Әзірге пікір жоқ — алғашқы болыңыз.

Авторларға

Сіз де өз мақалаңызбен бөлісіңіз

Мақалаңызды жариялап, сертификат пен журналды бірден алыңыз. Жарияланым Google мен Yandex-те табылады.

  • Сертификат (QR-коды бар)
  • Google, Yandex жүйелерінде шығады
  • Журналға шығады (онлайн)
  • Анықтама, журнал
  • Жеке кабинетте құжаттар сақталады
  • Мақалаға тұрақты сілтеме

2015 жылдан бері · ресми тіркелген журнал

Мақала жариялау

Автордың басқа материалдары

Эссе

Журналисттің басты қаруы сөз және тіл

Эсседе журналистің сөзді орынды қолдануы, тіл байлығы және ақпаратты бұрмаламай жеткізудегі кәсіби жауапкершілігі сөз болады.

Zhanerke 2 мин 36 оқылым

Осы тақырыптағы материалдар

Жалпы рубрика

1 қазан – Қарттар күніне арналған «Қарттарым – асыл қазынам» тәрбие сағаты

1 қазан – Қарттар күні: «Қарттарым – асыл қазынам» тәрбие сағаты Қарттар күні тәрбие сағаты оқушыларды үлкенді сыйлауға, ата-әжеге қамқор болуға және ұрпақтар сабақтастығын қадірлеуге баулиды. Төмендегі «Қарттарым – асыл…

Bilimger Media 7 мин 42 оқылым
Жалпы рубрика

Ұстаздарға құттықтау сөздер: әдемі тілектер мен жылы лебіздер

Ұстаздарға құттықтау сөздер Ұстаздарға құттықтау сөздер іздегенде, жүрекжарды әрі нақты лебіз таңдаған жөн. Ұстаз – білім беріп қана қоймай, шәкіртінің болашағына бағыт көрсететін ардақты жан. Мұғалімнің білімі, ақылы…

Bilimger Media 6 мин 148 оқылым
Жалпы рубрика

Мұғалімге тілек

Құрметті ұстаз! Сізге зор денсаулық, ұзақ ғұмыр, отбасыңызға амандық және еңбегіңізге толағай табыс тілейміз. Шәкірт тәрбиелеудегі қажырлы еңбегіңіз әрдайым жоғары бағаланып, оқушыларыңыздың жетістігі сізге қуаныш…

Bilimger Media 2 мин 62 оқылым