Мазмұнға өту
Мақала жариялау
Axiomus олимпиадасы·математика мен физика, 3–11 сынып·нәтиже 20 минутта, дипломда жетекші мұғалімнің аты Математика, физика олимпиадасы·3–11 сынып Қатысу

Ажырасу

Bilimger Media
4 мин оқу 29 оқылым

Ұлтымыздың  ұлттық құндылықтардан алыстап, оларды дұрыс дәріптемей, немқұрайлы қарауынан отбасы құндылықтарының да тіптен ұмытылып бара жатқаны бәрімізге белгілі. “Отан-отбасынан басталады” деп өмір сүрген ата-бабаларымыз, көтерген шаңырақтарын шайқалтпай, оны берік ұстауды қашан да бірінші орынға қойғанмен, қазіргі заманның басты дерті–ажырасу болып отыр. Ең өкініштісі, бейкүнә баланың тағдыры осындай мәселеден тәлкекке түсуі. Сонда, ажырасу жазықсыз баланың тағдырымен тең болғаны ма?

Ажырасу–бұл қарапайым тілмен айтқанда, ерлі-зайыптылардың екі жаққа кетуі. Яғни, некенің заңды түрде бұзылғаны болып саналады. Бұл  екі тараптың құқығы мен міндеттері шектелмей, ешқандай қысымсыз шешім қабылдауы түрінде көрініс табады. Ажырасу күйзеліс, қайғы деңгейіне байланысты өлімнен кейін бірінші орында тұр.  Бұлекі адам үшін ауыр әрі қиынға соғады. Өмірдің қысқаруына әкелетін үлкен  тәжірибе болғандықтан, ол қатаң түрде Заң арқылы, нақты құжаттармен реттеледі.

Ажырасуды болдырмау үшін ең бірінші, оның орын алу себептерін анықтау керек. Шын мәнінде оның себептері өте көп. Әркімнің жеке тағдыры бар, сондықтан проблемалар мен қарым-қатынас жасау әр түрлі болады. Бірақ осы уақытқа дейін орын алған ажырасулардың нәтижесі келесісебептерден туындайды. Мысалы, тұрмыстық зорлық-зомбылық, ер немесе әйелдің ішімдікке салынуы, есірткі қолдану, жұмыссыздық, көзқарастардың сәкессіздігі, мәжбүрлі түрде қосылу, көзге шөп салу, материалды жағдай, бедеулік т.б

Алайда, қазақ отбасыларының ажырасу себептеріне келін мен ененің қарым-қатынасы даәсер етеді. Бүгінде жас отбасылардың көбісі ата-енеден бөлек тұруды жөн санайды. Себебі келін мен ененің арасында туындайтын жанжалдар ажырасуға негізгі себеп болады.Жігіттің ата-анасымен тұрған соң міндетті түрде арада түсініспеушілік, ұрыс-керіс кездеседі. Кейбір ата-енелер екі жастың арасына түсіп те жатады.Мәселен әйелі немесе ер азаматтың туған анасы тек бір тарапты таңдауды жөн санайды. Бұл таңдауажырасудың бірден-бір себебі десек болады.

Тағы бір себеп ретінде алып қашуды айта аламыз. Бір-бірін мүлде танымайтын, бұрын-соңды араласып көрмеген адамдардың неке қиып жатқанына да куәміз. Алайда бұл қуаныштың ұзаққа созылмайтыны бар. Бұл да еліміздегі ажырасу дертінің басты себебі.

Ажырасу қалай орын алса да, нақты қай тараптың кінәлі екенін анықтау мүмкін емес. Себебі кінә қашан да екі тараптан болады. Бірақ “кінә менен емес” деген ұстаныммен өмір сүру дұрыс емес. Адам баласы өзін-өзі тәрбиелеп, қателіктерді қайталамауға тырысатын болса өзара жанжалды да болдырмауға болады. Дүниеде мінсіз адамның жоқтығын негізге алып, істеген қателігін кешіре білетін, жарының мінін бетіне баспай, кемшіліктеріне көз жұма қарай алтын адамдар ғана шаңырақты қашан да биік ұстай алатын болады.

Жалпы ажырасу халықтың өсіп-өнуіне кері әсер ететін әлеуметтік-демографиялық құбылыс. Соңғы жылдары ажырасу деңгейінің күрт өскендігі туралы дабыл қағушылар көбейіп, бұл құбылыс өзекті мәселеге айналды.

Статистикалық деректерге сүйенсек, 2010-2019 жылдары 1000 адамға шаққанда ажырасу деңгейі 2,6 мен 3,2 пайыз аралығында болды. Пандемия басталғаннан бері елде ажырасу көрсеткіші күрт төмендеді. Бұның негізгі себебін қазір ашып айту, әрине, қиын. Бір себебі, оқшаулану шараларының нәтижесінде заңды түрде ажырасу процесі кейінге қалдырылады. Ажырасу деңгейінің өңірлік айырмашылықтарына көңіл аударсақ, Қазақстанның оңтүстігіндегі Түркістан, Қызылорда, Жамбыл облыстарында, Шымкент қаласында, елдің батысындағы Атырау, Маңғыстау, Ақтөбе облыстарында ажырасу деңгейі республикалық деңгейден төмен. Ал қалған облыстарда ажырасу деңгейі салыстырмалы түрде жоғары көрсеткішке жетіп отыр. Дәстүрлі өмір сүретін азиялық этнос өкілдері басым оңтүстік, батыс өңірлерде ажырасу төмен деңгейде болса, еуропалық этностар басымырақ қоныс тепкен солтүстік, шығыс, орталық өңірлерде ажырасу деңгейі жоғарырақ. Сонымен қатар еліміздің екі ірі мегаполисінде де ажырасу деңгейі басым.Статистика үнемі жаңарып отыратындықтан, нақты шешім айту әрине мүмкін емес. Бірақ деректерге сүйенсек ажырасудың елімізде аз еместігіне көзіміз жетеді.

Көбіне ерлі-зайыптылардың арасындағы ұрыс-керіс, түсініспеушіліктер баланың психикалық санасына да үлкен зиянын тигізеді. Ата-анасының күнделікті ұрыстарын өз көзімен көріп, естіп жүрген бала ертеңгі күні қатыгез, аяушылық сезімі жоқ, отбасы құруға мүлде ниеті жоқ адамға айналуы мүмкін. Себебі әр бала ситуацияны әртүрлі қабылдайды. Сондықтан балалардың жетім қалып, тірегінің болмауынан сақтап қалу біздің басты міндеттеріміздің бірі.

Ер мен әйел екі түрлі жаратылыс болғандықтан, әрине олар бір-біріне ұқсамайды, көзқарастары да, мінездері де әртүрлі болады. Бірақ отбасыны сақтап қалуға тырысатын екі адам, қашан да мейірімді болуға, өзгені тыңдап, оның жағдайына кіре алатындай болуы керек. Қарым-қатынасты жақсарту үшін екі адам бірдей әрекет жасамаса, олұзаққа бармайды, ол факт. Сол себепті, екі адамның арасында бірінші болып махаббат емес, сыйластық тұруы қажет. Сыйлай білетін адам, ешқашан да біреудің ала жібін аттап, оның жеке шегарасын бұзып, ажырасуға жол бермейді

Материал пайдалы болды ма? Бөлісіңіз

WhatsApp Telegram

Мақала құжаттары

Журнал, мақала және жарияланғаны туралы анықтама — бөлек PDF файлдар

Автор

Bilimger Media

Пікірлер

Пікір қалдыру үшін аккаунтқа кіріңіз

Әзірге пікір жоқ — алғашқы болыңыз.

Авторларға

Сіз де өз мақалаңызбен бөлісіңіз

Мақалаңызды жариялап, сертификат пен журналды бірден алыңыз. Жарияланым Google мен Yandex-те табылады.

  • Сертификат (QR-коды бар)
  • Google, Yandex жүйелерінде шығады
  • Журналға шығады (онлайн)
  • Анықтама, журнал
  • Жеке кабинетте құжаттар сақталады
  • Мақалаға тұрақты сілтеме

2015 жылдан бері · ресми тіркелген журнал

Мақала жариялау

Осы тақырыптағы материалдар

Жалпы рубрика

1 қазан – Қарттар күніне арналған «Қарттарым – асыл қазынам» тәрбие сағаты

1 қазан – Қарттар күні: «Қарттарым – асыл қазынам» тәрбие сағаты Қарттар күні тәрбие сағаты оқушыларды үлкенді сыйлауға, ата-әжеге қамқор болуға және ұрпақтар сабақтастығын қадірлеуге баулиды. Төмендегі «Қарттарым – асыл…

Bilimger Media 7 мин 41 оқылым
Жалпы рубрика

Ұстаздарға құттықтау сөздер: әдемі тілектер мен жылы лебіздер

Ұстаздарға құттықтау сөздер Ұстаздарға құттықтау сөздер іздегенде, жүрекжарды әрі нақты лебіз таңдаған жөн. Ұстаз – білім беріп қана қоймай, шәкіртінің болашағына бағыт көрсететін ардақты жан. Мұғалімнің білімі, ақылы…

Bilimger Media 6 мин 146 оқылым
Жалпы рубрика

Мұғалімге тілек

Құрметті ұстаз! Сізге зор денсаулық, ұзақ ғұмыр, отбасыңызға амандық және еңбегіңізге толағай табыс тілейміз. Шәкірт тәрбиелеудегі қажырлы еңбегіңіз әрдайым жоғары бағаланып, оқушыларыңыздың жетістігі сізге қуаныш…

Bilimger Media 2 мин 59 оқылым