Мазмұнға өту
Мақала жариялау
Axiomus олимпиадасы·математика мен физика, 3–11 сынып·нәтиже 20 минутта, дипломда жетекші мұғалімнің аты Математика, физика олимпиадасы·3–11 сынып Қатысу

Ажырасу-XXI ғасыр дерті

Bilimger Media
2 мин оқу 23 оқылым

Қазақ ұлттық университеті,журналистика факультетінің бірінші курс студенті Кейікші Ақбота

Ажырасу - ХХІ ғасыр дерті

Сан ғасырлық тарихы бар қазағымның қазіргі жастар арасындағы ең өзекті мәселелердің бірі ажырасу мәселесі болып отыр.Еліміздегі жастардың үйленуінен қарағанда ажырасу саны күрт өсіп жатқандығы қоғам үшін үлкен қасірет.“Бірнеше ондаған жылдар бойы ажырасу мәселесі бұрынғыдан да өзекті болып келеді. Жыл сайын ажырасулар саны өсуде, ал заңды некеге тұрған жұптардың саны, керісінше, азайып келеді.Біз ХХІ ғасырда өмір сүріп жатырмыз. Бұл технология ғасыры, өте прогрессивті ғасыр және өткенді білуге бет бұру – феодализм, онда күйеуі отбасын асырауы керек, ал әйел ошақпен айналысуы керек – бұл бүгінгі күнге дейін жұмыс істемейтін ескірген модель болып саналады.

Отбасы моделінің өзгеруі, ерлі-зайыптылар арасындағы өзара түсіністіктің болмауы, экономикалық тәуелсіздік, сатқындық, алкогольге тәуелділік, ерлі-зайыптылардың біреуінің немесе екеуінің де ерлі – зайыптылық міндеттеріне жауапкершіліксіз қарау және т.б. - осы факторлардың барлығы отбасындағы көптеген қақтығыстар мен шиеленісті жағдайларға әкеледі. Бұл жағдайдың апофеозы-ажырасу.

Бұрынғы кездегі ажырасу себептері қазіргі кезден өзгешелеу секілді,себебі кезінде ажырасу себептері ұрпақ көбейте алмау,келіндік қызметке денсаулық жағдайы жарамау және т.б.Ал қазіргі таңдағы жастар арасындағы ажырасу себептері:зорлық-зомбылық,әлімжеттік көрсету,әйелінің атынан несие алу, несиені уақытында төлей алмау,қаржылық сауаттылықтың жетіспеуі, материалдық жағдайдың төмендігінен ұрыс жан-жал туындап түбі ажырасуға дейін барады.Тіпті,кейбір ажырасулар жұбайының көзіне шөп салу салдарынан да болып жатады.Алайда ,соңғы уақыттағы ажырасулардың ең көп себебі сол ақшаға келіп тіреліп,отбасыдағы тұрмыстық жағдайдың төмендігіне төзе алмаудан туындап отыр.Сондықтан жастар арасындағы ажырасуды көптеп болдырмау мақсатында көптеген жас отбасыларға арналған бағдарламалар мен көмек қолын созып үй алуға жағдай жасайтын жобаларды көбейтсе екен деймін.Менің ойымша ,енді ғана үйленіп шаңырақ көтерген әрбір жас отбасыға мемлекет тарапынан азда болса да қолдау керек.Сонымен қатар,жеке бизнес немесе өз қожалықтарын жүргізуге субсидия секілді жәрдемақылар қарастырылса және де қоғамдағы әйелдерді қорғау заңын барынша күшейтіп үлкен бақылаумен маштабты түрде өзгертілсе,қоғамдағы ажырасу дерті біршама азаяр еді.Болашақ еліміздің ертеңі болашақ жастарымыз дені сау толыққанды отбасыда тәрбиеленуі қажет..Отан-отбасыдан басталады демекші,әрбір отбасының бүтіндігі мен саулығы ұлт үшін де үлкен нығмет.Отанымыздың тыныштығы мен ілгері алға қадам басуы үшін әрбір айрандай ұйып отырған отбасыларымызды сақтап қалуымыз керек.Жастарымыз отбасы болуға тым ерте асықпай жоспарлы түрде қаржылық сауаттылығын жетілдіріп,өзгенін болашағына жауапкершілікті алуға дайын болғанда ғана барып үйленуге шешім қабылдаса екен.Сол кезде көптеген мәселелердің алдын алар едік.

Материал пайдалы болды ма? Бөлісіңіз

WhatsApp Telegram

Мақала құжаттары

Журнал, мақала және жарияланғаны туралы анықтама — бөлек PDF файлдар

Автор

Bilimger Media

Пікірлер

Пікір қалдыру үшін аккаунтқа кіріңіз

Әзірге пікір жоқ — алғашқы болыңыз.

Авторларға

Сіз де өз мақалаңызбен бөлісіңіз

Мақалаңызды жариялап, сертификат пен журналды бірден алыңыз. Жарияланым Google мен Yandex-те табылады.

  • Сертификат (QR-коды бар)
  • Google, Yandex жүйелерінде шығады
  • Журналға шығады (онлайн)
  • Анықтама, журнал
  • Жеке кабинетте құжаттар сақталады
  • Мақалаға тұрақты сілтеме

2015 жылдан бері · ресми тіркелген журнал

Мақала жариялау

Осы тақырыптағы материалдар

Жалпы рубрика

1 қазан – Қарттар күніне арналған «Қарттарым – асыл қазынам» тәрбие сағаты

1 қазан – Қарттар күні: «Қарттарым – асыл қазынам» тәрбие сағаты Қарттар күні тәрбие сағаты оқушыларды үлкенді сыйлауға, ата-әжеге қамқор болуға және ұрпақтар сабақтастығын қадірлеуге баулиды. Төмендегі «Қарттарым – асыл…

Bilimger Media 7 мин 41 оқылым
Жалпы рубрика

Ұстаздарға құттықтау сөздер: әдемі тілектер мен жылы лебіздер

Ұстаздарға құттықтау сөздер Ұстаздарға құттықтау сөздер іздегенде, жүрекжарды әрі нақты лебіз таңдаған жөн. Ұстаз – білім беріп қана қоймай, шәкіртінің болашағына бағыт көрсететін ардақты жан. Мұғалімнің білімі, ақылы…

Bilimger Media 6 мин 146 оқылым
Жалпы рубрика

Мұғалімге тілек

Құрметті ұстаз! Сізге зор денсаулық, ұзақ ғұмыр, отбасыңызға амандық және еңбегіңізге толағай табыс тілейміз. Шәкірт тәрбиелеудегі қажырлы еңбегіңіз әрдайым жоғары бағаланып, оқушыларыңыздың жетістігі сізге қуаныш…

Bilimger Media 2 мин 57 оқылым