Мазмұнға өту
Мақала жариялау
academ.kz онлайн сабақ беріп, қосымша табыс табыңыз·оқушы Kaspi арқылы тікелей сізге төлейді·комиссия 0% academ.kz қосымша табыс табыңыз·14 күн тегін 14 күн тегін Тегін бастау

: «» · ₸

Ақбота
3 мин оқу 274 оқылым

Тақырыбы: «Автобус»

Білім беру саласы:Шығармашылық

Бөлімі: Сурет салу

Мақсаты: Балаларға көлік жайлы түсініктерін кеңейту; көлікті сипаттап әңгімелету арқылы сөздік қорын молайту. Көліктің суретін дәстүрден тыс салуға жаттықтыру; сурет салу дағдыларын қалыптастыру. Ұқыптылыққа,тазалыққа тәрбиелеу. Көрнекіліктер: слайдтар арқылы түсіндіру.

Құрал-жабдықтар: Интерактивты тақта. Автобус суреті,қара түсті бояу,автобус бейнеленген қағаз,сәбіз,сүрткіш,атрибут торғай.

Әдіс - тәсілдері:көрсету,түсіндіру, әңгімелеу, сұрақ-жауап.

Үш тілдік: автобус-автобус,ұшақ-самолет,кеме-лодка,

Жүру барысы:

Шаттық шеңбер:

Қуанамын, күлемін

Жылы менің жүрегім

Достарыма үнемі,

Риза болып жүремін

Амандасу үлкенге ,

Тәрбиенің басы ғой,

Ал қәнекей бәріміз,

Сәлем дейік үлкенге.

Қәнекей балалар қонақтармен амандасып алайық.

–Сәлематсізба

-Здраствуйте

-Coodmoning

Жарайсыңдар балалар ендеше жәймендеп орнымызға отырайық.(осы жерде машинаның даусы шығады)

-Балалар бұл ненің даусы?

-Бұл машинаның даусы

-Жарайсыңдар балалар бүгін біздер көліктер туралы әңгімелесетін боламыз.Балалар көліктердің бірнеше түрлері бар.Әуеде ұшатын,суда жүзетін, жерде жүретін.

-Мынау әуеде ұшатын көлік

-Бұл ұшақ.

-Ал мынау суда жүзетін

-Бұл кеме

Ал енді балалар осы көліктердің ішінен автобусқа тоқталамыз.

-Бұл автобус

Енді балалар қараңдаршы осы автобусты сипаттайық.

-Автобустың түсі қандай?

-Автобустың түсі қызыл

-Автобустың пішіні қандай?

-Автобустың пішіні төртбұрыш

-Автобустың терезелері қандай пішінді?

-терезелерінің пішіні төртбұрыш

-Ал мынау автобустың есігі есігінін ішінен адамдар кіреді.

-Автобустың адамдарға беретін пайдасы қандай?

-Автобус адамдарды баратын жерлеріне жылдам апарып тастайды.

-Ал мынау не балалар

-Машинаның дөңгелегі

-Дөңгелегінің түсі қандай?

- дөңгелегінің түсі қара Жарайсыңдар балалар

Ғажайып сәт: Қонаққа Жүргізуші ағай келеді қолында дөңгелегі бар.

-Балалар бізге кім келді?

-Жүргізуші ағай

-Ағай неге ренжеп тұрсыз көңіл күйіңіз жоққой

Жүргізуші ағай: Ой балалар осы маңда өтіп бара жатып менің көлігімнің дөңгелегі жарылып қалды.Ал мен болсам аулыма баруым керекпін,осыны ойлап көңіл күйім түсіп келе жатқан жәйім бар. Мен сендерден көмек сұрағалы келдім сендер менің дөңгелегімді жасап бере аласыңдарма?

-Балалар жүргізуші ағайға көмектесемізба?
-Иә әрине көмектесеміз

-Жарылған дөңгелектің орнына жаңадан дөңгелек жасап бере аламызба?

-Балалар алдарында дайын автобустың суреті тұр.Бүгін біздер дәстүрден тыс арқылы дөңгелектің суретін саламыз.

-Мынау не балалар?

-Сәбіз Осы сәбізбен дөңгелектің суретін салатын боламыз.Ең бірінші жасалу жолын түсіндірейін.Алдымен сәбізді оң қолға ұстап,қара түсті бояуымызға батырамыз.Бірінші дөңгелегімізді жасаймыз,қайтадан қара түске батырып екінші дөңгелегімізді жасаймыз.(Машина туралы өлең жолды айта отырып,автобустың дөңгелегін саламыз)

Досым маған ойыншық,

Машинасын сыйлады.

Дөңгеленіп аяғы,

Асыр сала зырлады.

-Балалар қараңдаршы біз не жасадық?

-Дөңгелектің түсі қандай?

Қәнекей кім болды қарап шығайыншы. Суретті ілу қолдарын сүрту.Балалар қараңдаршы қандай әдемі автобустың суреті шықты.

-Жүргізуше ағай қараңызшы сізге ұнап жатырма?

-Балалар енді осы автобус туралы кім маған тақпақ айтып береді.

Автобус алға зулайды,

Бағыттан еш аумайды.

Зыр айналар дөңгелек,

Көлік бізге ең керек.

Төрт аяғым дөңгелек

Адамсыз мен жүрмеймін

Барлық жерге жеткізер.

Қаласаңыз апарам.

Жүргізуші ағай: Қандай тамаша жарайсыңдар балалар. -Балалар мен сендерге қызықты ойын ала келдім ойнның аты «Торғайлар мен автомобиль»

Қимылды ойын: «Торғайлар мен автомобиль»

Торғай, торғай, торғайсың,

Жақын келіп қонбайсың.

Жем шашамын тойып ал,

Сонда торғай тоңбайсың.

Жүргізуші ағай: Жарайсыңдар балалар менің көңілім көтеріліп қалды сендер маған әдемі дөңгелек жасап бердіңдер.Сендерге көп рахмет.

-Балалар бүгін біздер не туралы әңгімелестік?

-Көліктер туралы әңгімелестік

-Қандай көлікпен түрімен таныстық?

-Автобус

-Қонаққа кім келді?

-Жүргізуші ағай келді

-Жүргізуші ағайға қалай көмектестік?

-Жүргізуші ағай бізден көмек сұрады ал біздер үлкенге көмектестік,әрқашанда үлкенге құрмет көрсетіп қол ұшымызды беріп жүруіміз керек.Сендер бүгінгі оқу қызметіне жақсы ат салыстыңдар көп рахмет.

Материал пайдалы болды ма? Бөлісіңіз

WhatsApp Telegram

Мақала құжаттары

Журнал, мақала және жарияланғаны туралы анықтама — бөлек PDF файлдар

Осы материал бойынша

AI Көмекші 30 секундта дайындайды — жауап кілті мен PDF бірге.

Автор

Ақбота

Пікірлер

Пікір қалдыру үшін аккаунтқа кіріңіз

Әзірге пікір жоқ — алғашқы болыңыз.

Авторларға

Сіз де өз мақалаңызбен бөлісіңіз

Мақалаңызды жариялап, сертификат пен журналды бірден алыңыз. Жарияланым Google мен Yandex-те табылады.

  • Сертификат (QR-коды бар)
  • Google, Yandex жүйелерінде шығады
  • Журналға шығады (онлайн)
  • Анықтама, журнал
  • Жеке кабинетте құжаттар сақталады
  • Мақалаға тұрақты сілтеме

2015 жылдан бері · ресми тіркелген журнал

Мақала жариялау

Автордың басқа материалдары

Жалпы рубрика

Цирктің шығу тарихы

Мәтінде цирктің ежелгі Римдегі бастаулары, гладиаторлық ойындар және Филипп Астли қойылымдарының қазіргі цирк өнерінің қалыптасуына ықпалы баяндалады.

Ақбота 2 мин 34 оқылым
Информатика

Трейдинг саласының мақсаты және түрлері

Материалда трейдингтің мәні, биржаға қатысушылардың рөлі және сауда түрлері түсіндіріледі. Сондай-ақ Рэй Далионың еңбегі аталады.

Ақбота 1 мин 406 оқылым
Жалпы рубрика

“Айқап журналы және Мұхамеджан Сералин”

Материалда Мұхамеджан Сералиннің өмір жолы мен қоғамдық қызметі, сондай-ақ 1911 жылы Троицкіде жарық көрген «Айқап» журналының тарихы баяндалады.

Ақбота 7 мин 150 оқылым

Осы тақырыптағы материалдар

Ашық сабақтар

Ашық сабақ: «Ата Заң — ел тірегі» (балабақша)

Балабақша балаларына арналған тәрбие сағатының жоспары: Ата Заң, құқық пен міндет туралы әңгіме, ойындар, сергіту жаттығуы және сурет салу тапсырмасы.

Bilimger Media 2 мин 379 оқылым
Ашық сабақтар

"Ата заң" ашық тәрбие сағаты (бастауыш сынып)

Бастауыш сынып оқушыларына арналған тәрбие сағатының жоспарында Ата Заң, балалардың құқықтары мен міндеттері туралы әңгіме, топтық тапсырмалар және рефлексия қамтылған.

Bilimger Media 2 мин 434 оқылым
Ашық сабақтар

«Ата Заң — ел тірегі» атты ашық сабақ (5–11 сынып оқушыларына)

5–11 сынып оқушыларына арналған ашық сабақта Қазақстан Конституциясы таныстырылып, құқықтар мен міндеттер талқыланады. Жоспарда топтық жұмыс, құқықтық ойын және рефлексия бар.

Bilimger Media 2 мин 676 оқылым