Мазмұнға өту
Мақала жариялау
Axiomus олимпиадасы·математика мен физика, 3–11 сынып·нәтиже 20 минутта, дипломда жетекші мұғалімнің аты Математика, физика олимпиадасы·3–11 сынып Қатысу

Ауыл мектебінің бейнесі

Ахетова Жібек Қаниқызы
3 мин оқу 907 оқылым

Ахетова  Жібек  Қаниқызы

Ауыл мектебінің бейнесі

Ауыл мектебі... Бұл жай ғана ауыл мектебі емес, Ыбырай Жақаевтай қарапайым ғана еңбегінің арқасында бүкіл қазақ даласына Сырдың атын паш еткен Еңбек Ері шыққан ауыл топырағында орналасқан білім ордасы.

90 жылдан аса тарихы бар осынау киелі шаңырақ қабырғасы қарапайым еңбек адамдарынан бастап, қаншама дәрігер, құрылысшы, мұғалім, инженерлермен қатар ғалымды да, жазушыны да, танымал суретшіні де, сан алуан мамандық иелерін ұшырды емес пе?

Ауыл – қазақтың бесігі болса, мектеп-ауылдың ұйытқысы. Ол тек оқушыларға білім беретін орын ғана емес, ауылдың бүкіл мәдени – қоғамдық өмірімен тығыз байланысты, рухани өсуіне ықпал ететін ордасы.

Ауыл мектебі - ұлттық рухымыз бен рухани мұраларымызды негізге алған киелі қара шаңырақ. Жалпы кез келген ұлттың сапасы мектебіне тікелей байланысты десек, бүгінгі таңда қазақ ұлтының ұлттығын,  қалыптасқан дәстүрін сақтауда мектептерінің ролі ерекше. Осындай сындарлы ой, айқын мақсаттан туындаған ел келешегінің тірегі болар ұрпақ тәрбиесі сынды қызығы мен қиыншылығы қатар жүретін  ауыл ұстазына артылар жауапкершілік жүгінің ауыр екендігі де белгілі. Сондықтан әрбір ұстазға үздіксіз ізденіс, тынымсыз еңбек қажеттілігі - заман талабы. Білім сапасын педагогикалық жаңа идеялар, тың жобалар арқылы арттыруға басымдық берген ауыл мектептерінің қатарына Шиелі ауданы  Ы. Жақаев ауылында орналасқан № 149 «Қызылту» орта мектебін атауға болады.  Ғасырға жуық тарихы бар осынау білім шаңырағында мектеп жұмысын жетілдіруге атсалысқан қаншама мұғалімдердің қолтаңбасымен бірге  ұжымның қалыптасқан ауызбіршілік дәстүрін сақтай басқара білген мектеп директорларының орындары бөлек.Ұжым табысы әр уақытта оқу – тәрбие бағытының жұмыстарын нақты жоспарлап,  тиімді ұйымдастыруға байланысты. Мектеп ұжымы бүгінгі таңда «Білім мазмұнын жаңарту арқылы сыни тұрғыда ойлауға қабілетті  тұлға қалыптастыру» тақырыбында жұмыс жасайды.  Басты мақсат –бәсекеге қабілетті, рухани адамгершілігі зор, құзыреттілігі жоғары жеке тұлға қалыптастыру. Осы мақсатта мектебімізде көптеген игі іс  - шаралар қолға алынуда.  Мектептің жылдық жұмыс жоспарына сәйкес ұйымдастырылатын түрлі деңгейдегі әдістемелік жұмыстар, пәндік апталықтар, сыныптан тыс іс – шаралар мұғалімдердің ізденісінің нәтижесінде жоғары деңгейде өткізіледі. Сондай – ақ, аудандық   білім   бөлімінің    жоспарына   сәйкес   мектеп   базасында     ұйымдастырылған  «ХХІ     ғасыр  мектебі: жоспарлау,  ұйымдастыру,  коррекция,  нәтиже»  тақырыбындағы   мектеп директорларының, «Құзыреттілік тәсіліне бағытталған білім беру мазмұнын жаңарту» тақырыбындағы оқу ісі жөніндегі орынбасарлардың  семинар   жұмыстары  жоғары деңгейде өтті.   Мектеп   директорынан    орынбасарларға,  орынбасарлардан   бірлестік   жетекшілеріне , пән  мұғаліміне  дейінгі   жүйелі    жұмыстар  арасындағы  сабақтастық     жетістікке   жетелейді. Айқын   жоспар -  нәтижелі  іс   дегендей,   алдағы  мақсат - үлкен   жауапкершілікпен   жоспардың   жүзеге   асуы жолында нақты   жұмыстар   жасау болғандықтан семинар жұмысының маңызы зор болды.

«Құзыреттілік   тәсіл   -  білім   сапасын   жаңарту   құралы »    тақырыбындағы  ұйымдастырылған   педагогикалық   көрмеде білім  беру, тәрбиелеу, ата-анамен   жұмыс,  бағдарлы   оқыту айдарлары бойынша  мектептегі  түрлі  бағыттағы   жұмыстары    тақырыпқа  сай  жүйелі   түрде   жинақталған.

Қазіргі    таңда білім саласы  қызметкерлерінің біліктілігін арттырудың жаңа модернизациясы құрылып,  деңгейлік   бағдарламалар     бойынша мұғалімдеріміз  үш   деңгейден  тұратын   курстардан   өтіп, тәжірибеде   қолданып  жатқаны   белгілі. Назарбаев   Зияткерлік  Мектептері  Педагогикалық     шеберлік   орталығының      бағдарламасы   негізінде біліктілігін арттырған мұғалімдер әріптестері арасында түрлі тақырыптар бойынша коучингтер ұйымдастырумен қатар, әрбір сабақтарында оқушы ізденістері    өз   пікірлерін  жеткізуге   мүмкіндік  берді.

Әрбір    жеке  тұлғаның  алған   білімін  өмірде  қолдана біліп,   өз  орнын    табуы , әлемдік   және   ұлттық    мәдениетпен  қарулануы -  функционалдық сауаттылығының деңгейін  көрсетеді. Мектептегі    білім  сапасының    басты   көрсеткіштерінің  бірі    -  бұл   мектеп  түлектерінің     ҰБТ- дегі   көрсеткен  білім   деңгейі.ҰБТ қорытындысы бойынша   жоғары білім сапасын  көрсету мақсатында   қазіргі  таңда ауданымыздағы  әрбір  мектепке  меже    белгіленіп ,  болжам қойылуда.  Мектептің әрбір мұғалімі осы мақсатта тынымсыз еңбек етуде.

Тұлға қалыптастырудағы, білім сапасын арттырудағы игі бастамалар мұғалім ізденісімен жалғасын табуда.  Мұғалім ізденісінің нәтижесі – оқушының сапалы білімінің көрсеткіші.  Ендеше тәрбиелеп отырған қазақ қоғамының келешегі – бүгінгі шәкірттеріміз білімнің шыңынан көрініп, ауыл мектебінің мәртебесін арттырары анық.

Материал пайдалы болды ма? Бөлісіңіз

WhatsApp Telegram

Мақала құжаттары

Журнал, мақала және жарияланғаны туралы анықтама — бөлек PDF файлдар

Автор

Ахетова Жібек Қаниқызы

Пікірлер

Пікір қалдыру үшін аккаунтқа кіріңіз

Әзірге пікір жоқ — алғашқы болыңыз.

Авторларға

Сіз де өз мақалаңызбен бөлісіңіз

Мақалаңызды жариялап, сертификат пен журналды бірден алыңыз. Жарияланым Google мен Yandex-те табылады.

  • Сертификат (QR-коды бар)
  • Google, Yandex жүйелерінде шығады
  • Журналға шығады (онлайн)
  • Анықтама, журнал
  • Жеке кабинетте құжаттар сақталады
  • Мақалаға тұрақты сілтеме

2015 жылдан бері · ресми тіркелген журнал

Мақала жариялау

Осы тақырыптағы материалдар

Жалпы рубрика

1 қазан – Қарттар күніне арналған «Қарттарым – асыл қазынам» тәрбие сағаты

1 қазан – Қарттар күні: «Қарттарым – асыл қазынам» тәрбие сағаты Қарттар күні тәрбие сағаты оқушыларды үлкенді сыйлауға, ата-әжеге қамқор болуға және ұрпақтар сабақтастығын қадірлеуге баулиды. Төмендегі «Қарттарым – асыл…

Bilimger Media 7 мин 41 оқылым
Жалпы рубрика

Ұстаздарға құттықтау сөздер: әдемі тілектер мен жылы лебіздер

Ұстаздарға құттықтау сөздер Ұстаздарға құттықтау сөздер іздегенде, жүрекжарды әрі нақты лебіз таңдаған жөн. Ұстаз – білім беріп қана қоймай, шәкіртінің болашағына бағыт көрсететін ардақты жан. Мұғалімнің білімі, ақылы…

Bilimger Media 6 мин 143 оқылым
Жалпы рубрика

Мұғалімге тілек

Құрметті ұстаз! Сізге зор денсаулық, ұзақ ғұмыр, отбасыңызға амандық және еңбегіңізге толағай табыс тілейміз. Шәкірт тәрбиелеудегі қажырлы еңбегіңіз әрдайым жоғары бағаланып, оқушыларыңыздың жетістігі сізге қуаныш…

Bilimger Media 2 мин 52 оқылым