•   Ағылшын тілі сабағында критериалды бағалау жүйесін қолдану. “Білім – біліктілікке жеткізер баспалдақ, ал біліктілік сол білімді іскеасыра білу дағдысы“ А. Байтұрсынов Бүгінгі таңда Қазақстанда білім берудің деңгейі мен сапасына жаңаталаптар қойылып отыр. Қазақстан Республикасында соңғы жылдарыбілім беру саласындағы жүргізіліп жатқан реформалар еліміздегі білімберу сапасының әлемдік деңгейге сәйкес келуін қамтамасыз ету, соларқылы әлемдік сұранысқа жауап бере алатын мамандарды даярлаужәне бәсекеге қабілетті білім беру болып табылады. Еліміздің басшысыН.Ә.Назарбаев қазақстандық мұғалімдердің кәсіби даму саласындағыжаңа көзқарасы олардың педагогикалық өміріндегі қосымша оңөзгерістер енгізуге мүмкіндік беруде. Сапалы білім беру – оқыту ментәрбиелеудің үздіксіз үдерісі. Қазіргі кезде білім берудегі мақсат жан–жақты білімді, өмір сүруге бейім өзіндік ой– талғамы бар, адамгершілігі жоғары, қабілетті жеке тұлғанықалыптастыру. Оқыту — мұғалімдердің оқушыларға жасаған сыйы емес, бұлқұзіреттіліктер білім алу үшін оқушылардың өздері де оқу үдерісінебелсенді қатысуын талап етеді. Мұғалімдер, өз кезегінде, өзінің сабақберуіне емес, оқушылардың оқу ептілігін дамытуға назар аударуы тиіс.Осы мақсатта мұғалім оқыту ортасын құру керек. [ МАН,  70 бет] Осыорайда оқушылар арасында өзара  түсіністік және ұжымдық қарым–қатынасты орнатып, оқушылардың сенімсіздіктерін жойып, мүмкіндіктерін арттыруға жол ашатын бірден бір тәсіл критериалдыбағалау болып табылады. Ұлы педагог Ы.Алтынсарин «Оқытушы бағалағанда олардың іске қатысыжоқ сөздеріне қарап емес, олардың егістерінің бетіне шыққанжемістеріне, яғни оқушыларына қарай бағалау керек» деп, айтқандай,оқушы жетістігін нақты бағалау мәселесі–білім беру жүйесіндегі өзектімәселелердің бірі. Бұрын оқытуда оқушылар тек қана тыңдаушы, орындаушы болып келсе,ал қазіргі оқушы өздігінен білім іздейтін жеке тұлға екендігіне ерекшемән беруіміз керек. Критерийлер — оқытудың міндеттерін жүзеге асыратын өлшемдер, атапайтқанда, оқушылар жұмыс барысында орындайтын іс–әрекеттер тізбесі. Критериалдық бағалау — бұл білімнің мақсаты мен мазмұнына сәйкескелетін, оқушылардың оқу–танымдық біліктілігін қалыптастыруға себепшіболатын, айқын анықталған, ұжыммен шығарылған, білім процесініңбарлық қатысушыларына алдын ала белгілі критерияларменоқушылардың оқу жетістіктерін салыстыруға негізделген процесс. Егер балаға оның белгілі бір деңгейге жеткендігін айтса, онда бұл оғанүздік нәтижеге жету үшін не істеу керектігін түсінуге көмектеспейді; бұлретте егер баламен бірге оның жұмысында мұндай бағалауға неәкелгенін және бағалау өлшемдерін түсіндіруге талдау жасаса, онда бұлбалаға өзінің нәтижесін жақсарту үшін кейін не істеу керектігін түсінугемүмкіндік береді. [МАН,  107 бет] Критериалды бағалауды енгізудің мақсаты: Мектепте оқыту сапасын жоғарылату; Мектеп  бітірушілердің білімін  халықаралық стандартқа сәйкестендіру. Критериалды бағалаудың міндеттері: Сабақтың әр  бөліктеріндегі әр оқушының дайындық деңгейін анықтауға; Бағдарламаға сәйкес оқу мақсаттарын орындау қабілеті; Жеке оқушының даму жетістігін бақылауға; Оқушының білім алу барысындағы қателіктері мен олқылықтарынайқындауға; Әр түрлі жұмыс барысындағы алған өз бағасының  әділдігіне көзінжеткізуге; Оқу бағдарламасының тиімділігін саралауға; Сабақ үдерісі мен білімнің меңгерілуі туралы оқушы мен мұғалім жәнеата–ана арасындағы кері байланысты қамтамасыз етуге Критериалды бағалаудың маңызы: ...