Мазмұнға өту
Мақала жариялау
Axiomus олимпиадасы·математика мен физика, 3–11 сынып·нәтиже 20 минутта, дипломда жетекші мұғалімнің аты Математика, физика олимпиадасы·3–11 сынып Қатысу

Атамұра: Болашаққа жол

Мәдина Жолдас
3 мин оқу 44 оқылым

Қазақстанның баспа саласы ғасырлар бойы дамып, түрлі тарихи кезеңдерден өтті. Оныңқалыптасуы мен дамуы ұлттық руханияттың, мәдениеттің және ғылымның өркендеуіне, сондай-ақ, қазақ тілінің сақталуы мен дамуына зор ықпал етті. Бүгінгі күні қазақ баспасынан шығатын кітаптар мен басылымдар тек ұлттық мәдениет пен білімнің құндылығын сақтауға ғана емес, сондай-ақ, заман талабына сай ақпарат пен білімді таратуға да үлкен үлес қосуда. Сондай-ақ, тәуелсіздігіміздің алғашқы жылдарында Білім беру министрлігі мектеп оқушыларына арнайы оқулықтарды басып шығаруды қолға алған болатын. Осы бағыт әлі де жалғасын табуда. Мұны министрліктің тапсырмасы бойынша бүгінгі күні елге белгілі корпорация орындап жатыр. Осы тұрғыда бұл мақалада «Атамұра» баспа ісінің қазіргі жағдайы, оның даму бағыттары, қиындықтары мен жетістіктері қарастырылады.

Қазіргі уақытта бұл корпорация тек оқулықтарды ғана емес, сондай-ақ өз оқырмандарына әртүрлі бағытта кітаптар ұсынатын кең ауқымды баспа. Оның шығарған өнімдері білім беру, ғылым, мәдениет, өнер, тарих және басқа да көптеген салаларды қамтиды. Қазақ тіліндегі сапалы контентті ұсынады сонымен қатар оқу үрдісін тиімді әрі қызықты ету үшін заманауи әдістемелер мен технологияларды қолдануда. «Атамұра» баспасы білім беру саласында ұлттық педагогика мен дәстүрлерді сақтай отырып, сонымен қатар әлемдік тәжірибелерді енгізуге тырысады. Кітапшығару саласында 30 жылдан астам уақыттан бері қызмет етіп келе жатқаннан бері ішіндегі мазмұннан бөлек дизайнына да ерекше көңіл бөледі. Кітаптардың сыртқы келбеті мен ішкі көркемдік безендірілуі, иллюстрациялары ұлттық стиль мен мәдениетке сай жасалады. Осыған орай, бұл кітаптарды оқыған кезде ғана емес, сондай-ақ сыртқы түрі жағынан да эстетикалық ләззат алып құштарлана оқуға болады. Сондай-ақ, ұлттық ою-өрнектер мен қазақ халқының өнеріне негізделген безендірулер мен жоғары сапалы қағаз бен баспа материалдарымен ерекшеленеді. Сонымен қатар қазіргі уақытта «Атамұра» баспасы кітаптарды тек қағаз түрінде ғана емес, сонымен қатар электрондық форматта да шығарады. Бұл оқырмандарға кітаптарды цифрлық платформаларда оқу мүмкіндігін беріп қана қоймай білім алу процесін жеңілдетеді.«Атамұра» баспасы балалар әдебиетіне ерекше көңіл бөледі. Түркі халқының ұлы ақыны Әлішер Науаи: «Кітап – ақылына ақы сұрамайтын алтын қазына» деген екен. Балаларға арналған кітаптар мазмұны жағынан жеңіл, түсінікті әрі қызықты етіп жазылған. Сонымен қатар, бұл кітаптар тәрбиелік мәнге ие, олар балалардың моральдық және рухани дамуына ықпал етеді. «Атамұра» баспасы қазақ халқының бай ауыз әдебиетін жинақтап, мектеп жасына дейінгі және мектеп жасындағы жас бүлдіршіндерге арнап басып шығарады. Қазақ халық ертегілері мен аңыздары - баланың қиялын ұштауға, дүниетанымын кеңейтуге және моральдық сабақ алуға мүмкіндік береді. Бұл ертегілердің басты ерекшелігі – оларда ұлттық дәстүр мен құндылықтар, батырлық, адамгершілік және әділеттілік тақырыптары қамтылған. Т.Жексенбайдың «Әліппе әңгімелері», «Бал бұлақ» , «Алдар көсе» мен «Нөгеш» балалар энциклопедиясы сияқты туындыларда ұлттық дәстүр мен құндылықтар, батырлық, адамгершілік және әділеттілік тақырыптары қамтылған.

Алайда, баспа туралы да сындар да бар. Ата-аналардың пікірінше, оқулықтарда ғылыми терминдер мен түсініктер көп, бұл олардың мазмұнын игеруді қиындатады. Сондай-ақ, кейбірі оқулық білім алушылардың жас ерекшелігіне сай жазылған дейді. Роберт Кийосаки айтпақшы «сын адамды қарық етеді, ал талдау адамның көзін ашады» демекші «Атамұра» баспасы оқушылар мен мұғалімдер тарапынан келіп түсетін сындарға жауап ретінде өз жұмысын жетілдіруде. Оқулықтардың сапасын арттыру үшін баспа үнемі сараптама жасап, қайта өңдеулер мен түзетулер енгізуде. Осылайша  «Атамұра» баспасы өз кітаптарын үнемі жетілдіріп, Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуда өз үлесін қосуда. Баспа кітаптары мектеп жасындағы балалардың жан-жақты дамуына, ұлттық құндылықтар мен адамгершілік нормаларын игеруге көмектеседі. Оның өнімдері Қазақстандағы білім беру сапасын арттыруда маңызды рөл атқарып келеді.

Мәдина ЖОЛДАС,

әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті

Баспагерлік-редакторлық және дизайнерлік

Өнер кафедрасының магистранты

Материал пайдалы болды ма? Бөлісіңіз

WhatsApp Telegram

Мақала құжаттары

Журнал, мақала және жарияланғаны туралы анықтама — бөлек PDF файлдар

Автор

Мәдина Жолдас

Пікірлер

Пікір қалдыру үшін аккаунтқа кіріңіз

Әзірге пікір жоқ — алғашқы болыңыз.

Авторларға

Сіз де өз мақалаңызбен бөлісіңіз

Мақалаңызды жариялап, сертификат пен журналды бірден алыңыз. Жарияланым Google мен Yandex-те табылады.

  • Сертификат (QR-коды бар)
  • Google, Yandex жүйелерінде шығады
  • Журналға шығады (онлайн)
  • Анықтама, журнал
  • Жеке кабинетте құжаттар сақталады
  • Мақалаға тұрақты сілтеме

2015 жылдан бері · ресми тіркелген журнал

Мақала жариялау

Осы тақырыптағы материалдар

Жалпы рубрика

1 қазан – Қарттар күніне арналған «Қарттарым – асыл қазынам» тәрбие сағаты

1 қазан – Қарттар күні: «Қарттарым – асыл қазынам» тәрбие сағаты Қарттар күні тәрбие сағаты оқушыларды үлкенді сыйлауға, ата-әжеге қамқор болуға және ұрпақтар сабақтастығын қадірлеуге баулиды. Төмендегі «Қарттарым – асыл…

Bilimger Media 7 мин 41 оқылым
Жалпы рубрика

Ұстаздарға құттықтау сөздер: әдемі тілектер мен жылы лебіздер

Ұстаздарға құттықтау сөздер Ұстаздарға құттықтау сөздер іздегенде, жүрекжарды әрі нақты лебіз таңдаған жөн. Ұстаз – білім беріп қана қоймай, шәкіртінің болашағына бағыт көрсететін ардақты жан. Мұғалімнің білімі, ақылы…

Bilimger Media 6 мин 146 оқылым
Жалпы рубрика

Мұғалімге тілек

Құрметті ұстаз! Сізге зор денсаулық, ұзақ ғұмыр, отбасыңызға амандық және еңбегіңізге толағай табыс тілейміз. Шәкірт тәрбиелеудегі қажырлы еңбегіңіз әрдайым жоғары бағаланып, оқушыларыңыздың жетістігі сізге қуаныш…

Bilimger Media 2 мин 55 оқылым