Мазмұнға өту
Мақала жариялау
Axiomus олимпиадасы·математика мен физика, 3–11 сынып·нәтиже 20 минутта, дипломда жетекші мұғалімнің аты Математика, физика олимпиадасы·3–11 сынып Қатысу

АТА-АНАЛАРМЕН КОУЧИНГ ӨТКІЗУДІҢ ЖОЛДАРЫ.

Үсенова Райхан Әлімқызы МКҚК №17 «Шұғыла
3 мин оқу 219 оқылым

Қазіргі таңда мектепке дейінгі ұйымдардың ата-аналарымен, соның ішінде арнайы топтардың ата-аналарымен бірге жұмыс жасау оңай шаруа емес. МКҚК №17 «Шұғыла» МДҰда  9 инклюзивтік, 2 арнайы топ жұмыс жасайды. Мен оқыту тілі қазақ тілінде жүретін №4 «Кәусәр бұлақ» арнайы тобында бірнеше жылдан бері дефектолог қызметін атқарып келемін . Педагогтар қауымына ауыр міндет жүктелгендіктен бүгінгі заман талабына сай , баламен қоса  ата-ананы да тәрбиелеу өздігінен туындап отырған мәселе болып отыр. Бұл мәселенің алдын алу мақсатында жалғыз біздің мекеме емес, талай жылдардан бері көптеген мектептер мен балабақшалар оңтайлы нәтижемен жұмыс жасап келегені анық.Сөз жоқ, жұмыс барысында небір түрлі ата –аналар болады, адекватты, адекватсыз мінез-құлықтары адам шошырлықта жоқ емес.  «..Жүре берсең, көре бересің » деген сияқты тағы солай солай кете береді. Әрбір ата-ана баласының дені сау дүниеге келгенін қалайды. Әрине біз құдай басқа салмасын деп тілейміз.Енді құдай басқа салса, амал қанша? Ауыратын балаларды тәрбиелеп жеткізу әрине ата-анаға психикалық түрде де, физикалық түрде де өте ауыр болып келеді. Ата-аналармен жұмыс жасағанда мен көбінесе әрқайсысына жеке көңіл бөлуге тырысамын. Баламен қоса әр ата-ананы зерттеймін. Отбасын, ортаға бейімделуін, көңіл күйін т.б. қоғамдағы орнын, өз-өзін ұстауын, басқа ата-аналармен қарым қатынасын.Біздің топқа әр түрлі диагноздағы балалар тәрбие алуға келеді. Осындай балалардың ата-аналары үнемі күйзелісте жүретінін байқадым. Сондықтан  көбіне мен психикалық көңіл-күйді көтеретін,  рухани деңгейін арттыратын коучингтер өткізуге тырысамын.

Біздің балабақшада  әр жылда көптеген  эксперименттік алаңдар ашылып нәтижеге бағытталған жұмыстар атқарылып келеді. Біз 2019 жылы «Аутист балаларға арналған  «PECS» карточкаларымен жұмыс» атты эксперименттік алаң бойынша бірнеше педагог облыстық деңгейде жұмыс бастап кеттік, қазіргі жағдайда дайындық кезеңінен өтіп, екінші этап жұмыстарын атқарудамыз.Ата-аналармен арнайы келісім шарттарға отырдық.Осындай жұмыс болсын, баламен жеке жұмыс болсын үнемі ата-анамен бөлісіп отыруға тырысамын. Мүмкіндігінше облыстық, қалалалық, халықаралық конференция-семинарлардан алған тәжірибеммен,  маған ұнаған баланы оқыту және дамыту істеріне қатысты жаңа технологиялармен жұмысты міндетті түрде  өз ата-аналарыммен өткізуге тырысамын. Біздің балабақшаның әдіскері Ахметова Г.К, қазақ тілі маманы Курамысова Ж.Ә 2017-2020 жыл аралығында «Қазақ тілін криотерапия элементтері арқылы оқытудың маңызы » атты нәтижелі эксперименттік алаң жұмысын аяқтады. Бірнеше мәрте қалалық, облыстық, халықаралық деңгейдегі семинарларға қатысып өз тәжірибелерімен бөлісті. Маған қатты ұнағаны мұзбен ойнатылатын ойындар балаға әсері. Осы әдісті пайдаланып мен де ата-аналарыммен кауч өткіздім. Ата-аналарға қатты ұнады. Мұздың бала денсаулығына пайдасы өте зор екен. Жұмыс барысында көптеген ата-аналармен  әр түрлі деңгейдегі жұмыстар жүргізілді. Сол өткізген жұмыстардың бірін сіздерге ұсынамын.

Ата –аналармен өткізілген коучтің  жүргізілу барысы:

Қош келдіңіздер құрметті ата-аналар! Бүгінгі күндеріңізге сәттілік тілеймін. Сіздерге бірнеше тапсырмалар ұсынамын. Белсенділік танытып жаңа криотерапия технологиясымен жұмысты бірге атқарайық. Алдын ала рахмет!

Тапсырмалар

  1. Топқа бөлу . Танысу.Түрлі түсті жүректер арқылы топқа бөлу. Әр ата-ана өздерін таныстырып өтеді.

2 Алдымызда бірне үзілген жолдар тұр соны жалғау үшін тапсырмаларды дұрыс орындауымыз қажет. Жолдарды жалғап, елді мекеннің атын өздеріңіз анықтайтын боласыздар! Екі дөңгелекке қатырылған мұз әкелінеді. Ішінде аңдар, жануарлар қатқан. Бұл жануарлардың атауларында қандай ерекшелік байқалып тұр? Яғни қандай дыбыс қайталанып тұр? Қ дыбысымен жұмыс!

3 Бір ыдысқа қар салынып әкелінеді, бір ыдысқа жылы су құйылып әкелінеді.

Саусақпен қар бетіне жүргізу арқылы «қ» әріпін салу керек!!

  1. Сергіту сәті. «Мұз аю» Мұз болып қатқан аюдың дене мүшелерін анықтау.
  2. 5. 3Д сурет. Берілген тапсырмаларды боялардың көмегімен бояу. Тастармен әшекейлеу.
  3. Жаңылтпаштар айту кезеңі. Бір ыдысқа қар салынып әкелінеді, бір ыдысқа жылы су құйылып әкелінеді. Ішінен қақпақтар шығады.

1.Ақ қақпақ, көк қақпақ, ақ қақпақ көк қақпақтан да көп қақпақ!

2.Қырық ақ қақпақтан моншақ жасап мойныма тақпақпын,

Көп көк қақпақтан көрпе жасап қақпақпын!!!

Тапсырмалардың барлығын орындадық. Жолдарымыз жалғанып келеді. Ай далаладан біз елді мекен жасадық!! Қаланың салынуына байланысты от шашу жасайық!!!

Бағалау. Тілшімен сұхбат!!!Газетке мақала!!Өз пікірлерімен бөліседі!!!

Міне, осы коучинг маған ұнағандықтан ата-аналарыммен өткіздім. Ата-аналарда риза болды. Осындай жұмыстарды үнемі қадағалап бағыт бағдар беріп жүрген әдіскеріміз Ахметова Гаухар Қойлыбайқызына және қазақ тілі маманы Жансая Әділғалиқызына алғысым шексіз.

Жоспарымда алдағы уақытта   «Аутист балаларға арналған  «PECS» карточкаларымен жұмыс» атты эксперименттік алаңның нәтижесі бойынша ата-аналармен бөлісетін боламын! Жұмысыз нақты, мақсатымыз айқын болса, ыңғайға кемейтін ата-ана болмайды. Бәрі өзімізге байланысты.

Материал пайдалы болды ма? Бөлісіңіз

WhatsApp Telegram

Мақала құжаттары

Журнал, мақала және жарияланғаны туралы анықтама — бөлек PDF файлдар

Автор

Үсенова Райхан Әлімқызы МКҚК №17 «Шұғыла

Пікірлер

Пікір қалдыру үшін аккаунтқа кіріңіз

Әзірге пікір жоқ — алғашқы болыңыз.

Авторларға

Сіз де өз мақалаңызбен бөлісіңіз

Мақалаңызды жариялап, сертификат пен журналды бірден алыңыз. Жарияланым Google мен Yandex-те табылады.

  • Сертификат (QR-коды бар)
  • Google, Yandex жүйелерінде шығады
  • Журналға шығады (онлайн)
  • Анықтама, журнал
  • Жеке кабинетте құжаттар сақталады
  • Мақалаға тұрақты сілтеме

2015 жылдан бері · ресми тіркелген журнал

Мақала жариялау

Осы тақырыптағы материалдар

Балабақша

Күз туралы тақпақтар

4–6 жастағы балаларға арналған күз туралы 30 қысқа тақпақ: табиғат, жеміс-жидек және «Алтын күз» ертеңгілігіне жаттауға жеңіл төртжолдық өлеңдер.

Bilimger Media 5 мин 414 оқылым
Балабақша

Тәрбиеші – бала жүрегіне жол табатын жан

Балабақша тәрбиешісінің бала жүрегіне жол тауып, мейірім мен адамгершілік қасиеттерін қалыптастырудағы маңызды рөлі туралы мәтін.

Садыкова Насихат Баиндыевна 1 мин 18 оқылым
Балабақша

Мектепке дейінгі ұйымдарда инклюзивті білім беруді ұйымдастыру: ерекше білім беру қажеттілігі бар балалармен жұмыс жүргізудің тиімді әдістері.

Қарағанды облысы Қарқаралы ауданы Егіндібұлақ ауылы "Айгөлек" бөбекжайы Тәрбиеші Аннотация Мақалада мектепке дейінгі ұйымдарда инклюзивті білім беруді ұйымдастырудың маңызы, негізгі қағидалары және ерекше білім беру…

Едильбаева Тойжан Батырбековна 10 мин 100 оқылым
Балабақша

Балабақшада балалардың сөйлеу тілін дамыту

«Жауқазын»бөбекжай-бақшасы МКҚК-нің тәрбиешісі Ақтөбе облысы,Шалқар ауданы,Тоғыз станциясы Мақалада мектепке дейінгі жастағы балалардың сөйлеу тілін дамыту мәселесі қарастырылады. Баланың сөздік қорын байыту,…

Садықова Маржанкүл Баянқұлқызы 2 мин 82 оқылым