Өкмет Мақтагүл
Павлодар облысының білім беру басқармасының, Баянауыл ауданы білім беру бөлімінің Туберкулез ауруына шалдығуы ықтимал мектеп жасына дейінгі балаларға арналған "Шағала" балабақшасы КММ
Топ: Ортаңғы “Ақбота”
Саласы: Шығармашылық
Бөлімі: Дәстүрден тыс сурет салу
Тақырыбы: “Асық”
Мақсаты: Балалардың, асықтуралы білімдерін толықтыру.
Міндеттері: Асықпен ойналатын ұлттық ойындар туралы түсініктерін кеңейту.
Сөздік қорын дамыту. Тәртіпті, ұқыпты сурет салуға үйрету.
Қажетті көрнекіліктер: қоржын,түрлі түсті асықтар, дайын суреттер, гуашь,губка,қылқалам, сүлгі, көрпешелер
Шаттық шеңбері
«Жүректен жүрекке»
Күніміз ашық болсын!
Түніміз тыныш болсын!
Ауамыз таза болсын!
Суымыз мөлдір болсын!
Ғажайып сәт “Қоржын”
Балалар мынау не? Сиқырлы қоржын
Дұрыс айтасындар балалар бұл қоржын, қоржынның ішінде не бар екен? Мында көп асықтар бар екен. Балалар сендер асықтың не екенін білесіңдерме?
Асық төрт түлік мал мен қоңыр аңдар тілерсегінде болатын, қызметі аса күрделі, буынға біткен шымыр сүйек. Қой , ешкі , сиыр , түйе асығы үлкен-кішілігіне қарамастан бір пішіндес, мүсіндес болып келеді. Қазақ халқында асықпен ойналатын көптеген ұлттық ойындары бар. Олар Ханталапай, асық ату, шыр, бесасық, шертпек, тайқазан т.б көптеген
ойындар бар.
Асықты иіргенде түсу қалпы жайлы айтып өту.
Тапсырма:
Балаларбүгінгі ашық ұйымдастырылған іс-әрекетіміз дәстүрден тыс сурет салу сабағы, тақырыбы «Асық »
Қазір біз сендермен трафарет әдісімен асықтың суретін екі әдіс түрін қолданып губкамен бастыру арқылы саламыз.
Балалар екі топқа бөлініп өздері қалаған үстелге отыру.
Суретін салудың жолдарың түсіндіру. Үлгіні көрсету.Үстелде керекті құрал-жабдықтар мен дайын суреттер.
Жарайсындар балалар сендер суретті өте әдемі салады екенсіңдер.
Сергіту сәті
Көрпешеде шеңбер болып отыру.
Әуенмен би
Топтық жұмыс
Дидактикалық ойын
Мақсаты: Балалар ортада жатқан фетрдағы әр түрлі кіріктірілген тапсырмаларды орындау.
Ойын әуенмен ойнатылады.
Рефлексия Қорытынды сұрақтар.
Бүгін сендермен немен таныстық
Ненің суретін салдық?
Асық пен ойналатын қандай ойын ойнадық?
Бүгінгі сабақ сендерге ұнады ма?
Балаларды мадақтау
Мақала құжаттары
Журнал, мақала және жарияланғаны туралы анықтама — бөлек PDF файлдар
Мақаланы телефонда ашыңыз
Автор
Bilimger Media
Сіз де өз мақалаңызбен бөлісіңіз
Мақалаңызды жариялап, сертификат пен журналды бірден алыңыз — аттестация мен портфолиоға дайын.
- Сертификат (QR-коды бар)
- Google, Yandex жүйелерінде шығады
- Журналға шығады (онлайн)
- Анықтама, журнал
- Жеке кабинетте құжаттар сақталады
- Мақалаға тұрақты сілтеме
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін аккаунтқа кіріңіз
Әзірге пікір жоқ — алғашқы болыңыз.