Мазмұнға өту
Мақала жариялау
Axiomus олимпиадасы·математика мен физика, 3–11 сынып·нәтиже 20 минутта, дипломда жетекші мұғалімнің аты Математика, физика олимпиадасы·3–11 сынып Қатысу

Ашық сабақ.Түбір мен қосымша. 2 сынып

Рашева Гульнур Максутбаевна
4 мин оқу 496 оқылым
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

Дені саудың-жаны сау.

Мектеп: « Пенжім орта мектебі» КММ
Күні: 24.01.2020ж Мұғалімнің аты-жөні:    Г.М.Рашева
Сынып: 2 «Ә» Қатысқандар саны: Қатыспағандар саны:
Сабақ тақырыбы:   Түбір мен қосымша. Шынықсаң шымыр боласың.
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары    2.4.2.1 мұғалімнің көмегімен түбір мен қосымшаны ажырату

2.2.4.1 мұғалімнің көмегімен мәтіннің тақырыбы мен негізгі ойды анықтау

Сабақ мақсаттары Оқушылардың барлығы мынаны орындай алады:  мұғалімнің көмегімен түбір мен қосымшаны ажыратты, мұғалімнің көмегімен мәтіннің тақырыбы мен негізгі ойды анықтады.

Оқушылардың көбісі мынаны орындай алады:түбір сөздерге тиісті қосымшалар жалғайды,сұрақтарға жауап берді.

Оқушылардың кейбіреуі мынаны орындай алады:білімді сыныптастарына түсіндіріп оқулықтан тыс ресурстар қоса алды.

Бағалау  критерийлері -мұғалімнің көмегімен түбір мен қосымшаны ажыратты, мұғалімнің көмегімен мәтіннің тақырыбы мен негізгі ойды анықтады.

Т-үбір сөздерге тиісті қосымшалар жалғайды,сұрақтарға жауап береді.

-білімді сыныптастарына түсіндіріп оқулықтан тыс ресурстар қоса алады

Ойлау дағдыларының деңгейі Қолдану, білу, түсіну,талқылау
Тілдік мақсат    
Құндылықтарды дарыту Салауаттылыққа, ұйымшылдыққа, көмек көрсетуге тәрбиелеу.
Пәнаралық байланыстар  Дене шынықтыру,дүниетану
Бастапқы білім Қайталау тақырыптары екенін біледі..
Сабақ барысы
Сабақтың жоспарланған кезеңдері Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет Ресурстар
Сабақтың басы

Жағымды көңіл күй туғызу

1 минут

Үй тапсырмасын тексеру 5 минут

Сабақтың ортасы

1 тапсырма

7 минут

2 тапсырма

7 минут

Көркем жазу

5 минут

3-тапсырма

6 минут

ҚБ тапсырмасы

3 минут

Сабақтың соңы

6 минут

ҰЖ  Ұйымдастыру кезеңі 

Бүгінгі көңіл күйіміз қалай?- Тамаша !  ( от шашу жасайды )

-Сабаққа деген ынтамыз қалай?-Керемет! (Басбармақтарын көрсетеді )

-Ынтамыз қалай ? – Ғажап !(шапалақ соғып  бармақ көрсету)

 «Алфавит» әдісі бойынша үй тапсырмасын сұрау

Оқушылар әрқайсысы алфавиттің бір-бір әрпін алып, алдыңғы өткен  материалды өздеріне түскен әріпке сәйкес тақырыптардың ережесін немесе мысалын айтып шығады.  Мысалы: Т дыбысы түссе түбір туралы айтады немесе Қ дыбысы түссе қосымша туралы айтады.

Топтарға бөлу. Үш түрлі қыстық ойын түрін ұсыну ұсыну. Оқушылар  суретке байланысты топтарға бөлінеді.

1-топ: Хоккейшілер

2-топ: Мәнерлеп сырғанаушылар

3-топ: Шаңғышылар

І тапсырма Суретке қарап постер құрастырады.

Әр суреттің астында  сұрақтар берілген.

Мәнерлеп сырғанау дегеніміз не?

Қысқы ойын түрлеріне қатысқан қазақстандық қандай ойыншыларды білесің?

Қандай қыстық ойын ұнайды?

Дескриптор:

-сурет бойынша қыстық ойындарға байланысты постер құрастырады.

- сұрақтарға жауап береді.

ҚБ «Кубок»

Қосымша ақпарат.

Денис  Тен туралы мағлұмат беріп өту.

 «Қателескен мұғалім» әдісі

Шарты: Мұғалім мәтінді оқу барысында қате жібереді. Оқушылар тыңдап отырып, қателескен тұсты бірден тауып, дұрыстау керек. Мұғалім қате жіберетін болғандықтан, оқушылар асқан қызығушылықпен мәтінді қалт жібермей тыңдайды.

53-жаттығу. ҰЖ «Шынықсаң, шымыр боласың» өлеңін оқу. Қате оқыған жерді оқушыларға түзету. Мәнерлеп қайта оқыту.Өлеңнің тақырыбына қарап, мазмұнын айтады.Қарамен жазылған сөздердің түбірі мен қосымшасын ажыратады.

Дескриптор  Білім алушы

-оқушылар қатені түзейді;

-мәнерлеп дұрыс оқиды;

-тақырыбына қарап мазмұнын айтады;

- қарамен жазылған сөздердің түбірі мен қосымшасын ажыратады.

Сергіту сәті

Көркем жазу

56-жаттығу  Жаңылтпашты көшіріп жаз.

Қарамен жазылған сөздердің түбірі мен қосымшасын ажырат.

Дескриптор  Білім алушы

-жаңылтпашты көшіріп жазады;

- қарамен жазылған сөздердің түбірі мен қосымшасын ажыратады.

ҚБ: «Алтын қалам»

55-жаттығу. «Ойлан.Жұптас.Пікірлес»

Жұптық жұмыс

Сөзді дұрыс тауып, қосымшасын қосады.Саоралау тапсырмасы ретінде бір оқушы түбірін айтады, екінші оқушы қосымшасын қосып айтады.

ш ң ғ а ы          
 а                          қ й қ ы          
ә г й б е          
ж ы с р а          

Дескриптор:

-торкөздердің ішіндегі әріптерден сөз құрастырады;

-келесі торкөзге жазады;

-түбірін атайды;

-қосымша жалғап айтады.

ҚБ. «Медаль»

Қалыптастырушы бағалау тапсырмасын орындау

«Өзіңізді тексеріңіз» әдісі
Бұл мәлімет ШЫНДЫҚ па немесе ЖАЛҒАН ба?

ҚБ: «Жүрекше»

Кері байланыс  Сабақтың ұнаған,ұнамағанын бағалау.

Қимылмен көрсетеді

Қима әріптер

Суреттер

Оқулық

Жұмыс дәптері

Кесте

Тапсырма

Сұрақтар

Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз?

Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Оқушылардың қорыту кезеңіндегі белсенділігін бағалаймын.

Кері байланыс арқылы оқушылардың әрқайсысына қолдау көрсетіледі.

Оқушылар рефлексиясының нәтижесі талданады.

Денсаулық және қауіпсіздік техника-сының сақталуы
Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

 
Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:.

2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

 2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?

Материал пайдалы болды ма? Бөлісіңіз

WhatsApp Telegram

Мақала құжаттары

Журнал, мақала және жарияланғаны туралы анықтама — бөлек PDF файлдар

Осы материал бойынша

AI Көмекші 30 секундта дайындайды — жауап кілті мен PDF бірге.

Автор

Рашева Гульнур Максутбаевна

Пікірлер

Пікір қалдыру үшін аккаунтқа кіріңіз

Әзірге пікір жоқ — алғашқы болыңыз.

Авторларға

Сіз де өз мақалаңызбен бөлісіңіз

Мақалаңызды жариялап, сертификат пен журналды бірден алыңыз. Жарияланым Google мен Yandex-те табылады.

  • Сертификат (QR-коды бар)
  • Google, Yandex жүйелерінде шығады
  • Журналға шығады (онлайн)
  • Анықтама, журнал
  • Жеке кабинетте құжаттар сақталады
  • Мақалаға тұрақты сілтеме

2015 жылдан бері · ресми тіркелген журнал

Мақала жариялау

Осы тақырыптағы материалдар

Ашық сабақтар

Ашық сабақ: «Ата Заң — ел тірегі» (балабақша)

Балабақша балаларына арналған тәрбие сағатының жоспары: Ата Заң, құқық пен міндет туралы әңгіме, ойындар, сергіту жаттығуы және сурет салу тапсырмасы.

Bilimger Media 2 мин 373 оқылым
Ашық сабақтар

"Ата заң" ашық тәрбие сағаты (бастауыш сынып)

Бастауыш сынып оқушыларына арналған тәрбие сағатының жоспарында Ата Заң, балалардың құқықтары мен міндеттері туралы әңгіме, топтық тапсырмалар және рефлексия қамтылған.

Bilimger Media 2 мин 430 оқылым
Ашық сабақтар

«Ата Заң — ел тірегі» атты ашық сабақ (5–11 сынып оқушыларына)

5–11 сынып оқушыларына арналған ашық сабақта Қазақстан Конституциясы таныстырылып, құқықтар мен міндеттер талқыланады. Жоспарда топтық жұмыс, құқықтық ойын және рефлексия бар.

Bilimger Media 2 мин 668 оқылым