Мазмұнға өту
Мақала жариялау
Axiomus олимпиадасы·математика мен физика, 3–11 сынып·нәтиже 20 минутта, дипломда жетекші мұғалімнің аты Математика, физика олимпиадасы·3–11 сынып Қатысу

Ашық сабақ "Күн шауағын төкті"

Ділдәбайқызы Гүлсән
2 мин оқу 35 оқылым

Білім беру саласы: «Шығармашылық»
Бөлімі: Сурет салу.
Тақырыбы: «Күн шуағын төкті».
Мақсаты: Балаларды жылы түстер реңктерімен таныстыру, әрбір түстің қандай мінез-құлықты, көңіл күйді білдіретінін, түсті бейнелейтін заттың сипатына қарай қолдану керек екенін түсіндіру, нәзіктікке тәрбиелеу.
Алдын - ала жүргізілетін жұмыс: Суреттер бойынша әңгімелесу.
Әдіс - тәсілдері: Түсіндіру, баяндау.
Қолданылатын көрнекі құралдар: Сурет дәптері, гуашь, қылқалам, су, сүлгі.
Қостілдік құрам: Жылы – теплый, түс – цвет,күн-солнце.

Оқу іс – әрекетінің      

         кезеңдері

Педагогтің іс әрекеті Балалардың іс – әрекеті
Мотивиациялық – қозғаушылық Тәрбиеші жұмбақ жасырады:
Тұрғанымен жырақ өзі,
Таусылмайтын шырақ көзі.
Балалар шеңбер бойында алақан түйістіріп тұрып, шешуін  айтады: «Күн»
Ұйымдастырушылық- ізденістік Топқа қонаққа бір сәулесін жоғалтып алған Күн келіп, сәулесін жасап берулерін сұрайды. Тәрбиеші «Күн шуақтары» суретін көрсете отырып әңгімелейді.

-        Күн – бүкіл жер шарына, әлемге жарық, жылу беретін табиғат сыйы.

Күнсіз адам тіршілік етуі мүмкін емес. Күннің жарығы көрінетін және көрінбейтін сәулелерден тұрады. Көрінбйтін сәулеге ультра күлгін сәуле жатады. Міне, солардың әсерінен біздің терімізде адам ағзасы үшін маңызды «Д» дәрумені болады.

«Жылы және суық түстер» ойын.
- Жылы түстерге қандай түстер жататынын білесіңдер ме?! (Балалар жауап таба алмаса, педагог өзі айтады).
- Қызыл, сары, алқызыл, сарғыш қызыл. Не себептен олар жылы түстер деп аталған? Өйткені олар от тәрізді жылу береді, күннің көзі де жылы  сәулесін шашып тұрғандықтан біз жылы түспен – қызылсары немесе  сары түспен саламыз деп келісіп алайық.
Тәрбиеші бір түсті атайды, балалар сол түсті көргендегі көңіл күйлерін білдіреді немесе осы түске ұқсас заттарды атайды.
Тәрбиеші күн және оның сәулелерін салу жолдарын түсіндіреді.

-        Алдымен қылқаламмен үлкен шеңбер жасап аламыз, дөңгелекті бір нүктеден бастап қылқаламды қағаздан алмай сол нүктеге дейін сызып саламыз, оның ішін бояймыз.

Енді күннің сәулелерін саламыз. Сәулелер ұзын-қысқа болып келеді, сондықтан бір үзын, бір қысқа сызықтарды кезектестіріп салуларыңа болады.

Сурет салуды түзу сызықтар мен дөңгелектен бастап, түзу сызықтарды ретімен қағазды айналдыра отырып сызып шығу ұсынылады.

Сергіту сәті:

Соз қолыңды оң жаққа,

Соз қолыңды сол жаққа.

Қолды айналдыр бұлданбай,

Шеңбер жасап тұрғандай.

Қонаққа келген Күн «Күнді кім тез жинайды?» ойынын ұйымдастырады.

Күннің пішіні неге ұқсайтындығын, түсін, жылы түс реңктерін пайдаланатынын айтады.

Қылқаламның тек ұшымен жұмыс жасайды. Дөңгелекке түзу сызықтарды кезекпен үзіліссіз сызады.

Түстерді ажыратып ойнайды.

Балалар бояуға қылқаламды батырған соң, бір сәулені бір рет жүргізу арқылы салады, бір ұзын, бір қысқа сәулелер кезектесіп келсе әдемі көрінеді.

Дәптерді қолдарымен қозғалтып, айналдыра отырып салып көреді.

Өлең шумақтары бойынща қимылдар жасайды.

Рефлексиялық - түзетушілк Тәрбиеші балаларды мақтайды және мадақтайды. Күн рахметін айтып, шығып кетеді. Өз-өздеріне баға береді.

Күтілетін нәтиже:

Жасайды: суық түстер реңктерін атай білуді..
Түсінеді: Әрбір түстің қандай мінез-құлықты, көңіл күйді білдіретінін .
Қолданады: Түсті бейнелейтін заттың сипатына қарай қолдануды.

Материал пайдалы болды ма? Бөлісіңіз

WhatsApp Telegram

Мақала құжаттары

Журнал, мақала және жарияланғаны туралы анықтама — бөлек PDF файлдар

Осы материал бойынша

AI Көмекші 30 секундта дайындайды — жауап кілті мен PDF бірге.

Автор

Ділдәбайқызы Гүлсән

Пікірлер

Пікір қалдыру үшін аккаунтқа кіріңіз

Әзірге пікір жоқ — алғашқы болыңыз.

Авторларға

Сіз де өз мақалаңызбен бөлісіңіз

Мақалаңызды жариялап, сертификат пен журналды бірден алыңыз. Жарияланым Google мен Yandex-те табылады.

  • Сертификат (QR-коды бар)
  • Google, Yandex жүйелерінде шығады
  • Журналға шығады (онлайн)
  • Анықтама, журнал
  • Жеке кабинетте құжаттар сақталады
  • Мақалаға тұрақты сілтеме

2015 жылдан бері · ресми тіркелген журнал

Мақала жариялау

Осы тақырыптағы материалдар

Балабақша

Күз туралы тақпақтар

4–6 жастағы балаларға арналған күз туралы 30 қысқа тақпақ: табиғат, жеміс-жидек және «Алтын күз» ертеңгілігіне жаттауға жеңіл төртжолдық өлеңдер.

Bilimger Media 5 мин 405 оқылым
Балабақша

Тәрбиеші – бала жүрегіне жол табатын жан

Балабақша тәрбиешісінің бала жүрегіне жол тауып, мейірім мен адамгершілік қасиеттерін қалыптастырудағы маңызды рөлі туралы мәтін.

Садыкова Насихат Баиндыевна 1 мин 18 оқылым
Балабақша

Мектепке дейінгі ұйымдарда инклюзивті білім беруді ұйымдастыру: ерекше білім беру қажеттілігі бар балалармен жұмыс жүргізудің тиімді әдістері.

Қарағанды облысы Қарқаралы ауданы Егіндібұлақ ауылы "Айгөлек" бөбекжайы Тәрбиеші Аннотация Мақалада мектепке дейінгі ұйымдарда инклюзивті білім беруді ұйымдастырудың маңызы, негізгі қағидалары және ерекше білім беру…

Едильбаева Тойжан Батырбековна 10 мин 100 оқылым
Балабақша

Балабақшада балалардың сөйлеу тілін дамыту

«Жауқазын»бөбекжай-бақшасы МКҚК-нің тәрбиешісі Ақтөбе облысы,Шалқар ауданы,Тоғыз станциясы Мақалада мектепке дейінгі жастағы балалардың сөйлеу тілін дамыту мәселесі қарастырылады. Баланың сөздік қорын байыту,…

Садықова Маржанкүл Баянқұлқызы 2 мин 82 оқылым