Мазмұнға өту
Мақала жариялау
Axiomus олимпиадасы·математика мен физика, 3–11 сынып·нәтиже 20 минутта, дипломда жетекші мұғалімнің аты Математика, физика олимпиадасы·3–11 сынып Қатысу

Ашық көрсетілім Тақырыбы: «Бағдаршам – біздің досымыз» «Күйкен бөбекжайы» МКҚК тәрбиеші:Нурымбетова М

Автор

Ziyada Otebaeva
4 мин оқу 525 оқылым

Білім беру саласы:  Таным

Ұйымдастырылған оқу қызметінің  түрі: Сөйлеуді дамыту

Тақырыбы: «Бағдаршам біздің досымыз»

Мақсаты: ойынды тәрбие құралы ретінде пайдаланып, бала сезімін кеңейтіп, тілін ұштастырып, жол ережесін жасына сай меңгерту. Көшеде жүру ережесін білу арқылы жолда жүру мәдениетін үйретіп, сақтыққа тәрбиелеу. Бағдаршамның шамдары туралы түсінігін кеңейту.

Көрнекіліктер: жол белгілерінің суреттері, бағдаршам, ойынға қажетті үлестірмелі материалдар.

Әдіс-тәсілдер:  сөздік, көрнекілік, ойын, практикалық.

Билингвальді компонент:  бағдаршам-светофор, жол белгілері-дорожные знаки.

Сөздік жұмыс: бағдаршам, жол белгілері, жол ережесі.

Алдын ала жұмыс: жол белгілері және бағдаршам туралы әңгіме жүргізу, слайдтар көрсету.

Оку қызметінің - кезеңдері

              Педагогтің    қызметі

Балалардың іс-әрекеті

Мотивация

лық-

қозғаушы

лық

Шаттық   шеңбері:

Біздер қазақ баласы,

Сәлем сөздің анасы.

Бақшаға біз келеміз,

Жол тәртібін білеміз.

Алдымыздан кезіккен,

Көп танысты көреміз.

Бәріне де ізетпен,

Біздер сәлем береміз!

-Балалар, қазір жылдың қай мезгілі?

-Көктем мезгілінің өзге мезгілдерден ерекшелігі қандай?

Жұмбақ жасыру:

Аяғы жоқ жүрмейді,

Аузы жоқ сөйлейді.   (Бағдаршам).

-Балалар, біз бақшаға келе жатқанда немесе көшеге шыққанда жолдан  өту үшін бізге не көмектеседі?

-Ендеше біз бүгінгі оқу қызметімізде  «Бағдаршам» және жол ережелерімен танысамыз.

бағдаршам-светофор, жол белгілері-дорожные знаки.

Балалар шаттық  шеңберінде тұрып, өлең жолдарын қайталайды.

-Көктем.

Балалар өз тәжірибелеріне сүйеніп, сұрақтарға жауап береді.

Жұмбақтың шешуін табуға тырысады.

-Бағдаршам.

Қайталайды: бағдаршам-светофор, жол белгілері-дорожные знаки.

Ұйымдасты

рушылық ізденістік

Ғажайып сәт.

Топқа Бағдаршам қонаққа келеді.

Балалармен амандасады.

Сұрақ-жауап:

-Балалар, бағдаршамның қызметі қандай?

Педагог бағдаршамның қызметі туралы түсіндіреді.

-Бағдаршамның бізге әкелген тосын сыйы бар екен. Өзінен сұрап көрейікші.

Бағдаршам:

-Ия, дұрыс айтасың. Менің де балаларға алып келген тосын сыйым бар. Ол балалармен ойын.

Ойын: «Бағдаршам».

Шарты: бағдаршам шам көздері туралы айтады, балалар сол шам көздерінің түсін тауып, бояйды.

Педагог:

-Балалар, біз бағдаршамның шамдарының түсін және олардың қызметтері туралы біліп алдық. Ал, енді балалар, біз жол ережелерін де өте жақсы білуіміз керек. Өйткені, жол ережесін білмейтін болсақ, онда көшелерде жүру өте қауіпті болады. Көшеде ерсіл-қарсылы  зулаған  көліктер көп. Олардан өту  өте қиын. Егерде балалар, біз жол ережесін біліп, сол ережені мұқият орындайтын болсақ, онда өзіміздің  және жанымыздағы адамдардың өміріне қауіп төндірмейміз. Ол үшін біз жол белгілерімен танысамыз. Ал, сендер балалар бұл белгілердің қызметін есте сақтап қалуға тырысыңдар.

Педагог балаларға жол белгілерін көрсетеді және олардың қызметтерін түсіндіреді.

Ойын: «Белгілерді құрастыр және айтып бер».

Шарты: балалар алған жарты белгінің екіншісін тауып, құрастырады. Содан кейін оны атап, қызметін айтып береді.

-Қандай көзін ашқанда,

Сынық сүйем баспайды алға? (Қызыл).

-Қайсы көзін ашқанда,

Қарап қалмайды аспанға? (Сары).

-Қайсы көзін ашқанда,

Жүре берем жасқанбай? (Жасыл).

Бағдаршам ортаға шығады:

-Балалар, менің көйлегімнің тек қана үш түймесі бар. Олар жай ғана түйме емес, сиқырлы түйме. Бұл түймелер жаяу жүргіншілер мен көліктерді жолда жүргенде ретке келтіріп, тұрады.

-Қараңдаршы, менің үстіңгі түймемнің түсі қандай?

-Дұрыс айтасыңдар, шамның бұл түсі жанғанда, көліктер тоқтап тұрады.

-Ал, ортаңғы түймемнің түсі қандай?

-Ол нені білдіреді?

-Ал, төменгі үшінші түймемнің түсі қандай?

-Ал, ол қандай белгі?

-Жарайсыңдар, міне, алалар, көрдіңдер ме, менің үш түймемнің атқаратын қызметтері әртүрлі. Осы шамдарымның қызметтерін естен шығармаңдар.

Сұрақ-жауап:

-Жүргіншілер қай жолмен жүру керек?

-Жиек болмағанда ше?

-Жолдың қай жағымен жүру керек?

-Қоғамдық көліктерге қай жерден отырамыз?

Педагог:

-Өте жақсы, балалар, бағдаршамның сұрақтарына толық жауап бердіңдер. Енді бағдаршамға арнап тақпақ айтып беріңдерші.

Сергіту сәті.

Педагог балаларды шеңберге тұрады.

Бағдаршам қызыл көзін қолымен көрсетсе, балалар орындарында қозғалмай тұрады.

Бағдаршам сары көзін көрсетсе, балалар қол шапалақтайды.

Жасыл көзін көрсетсе, балалар орындарында тұрып, жүреді.

Педагог:

-Балалар, енд біз тағы да ойын ойнаймыз.

Ойын: «Ретімен орналастыр».

Шарты: балалар алдарындағы бағдаршамның көздерін ретімен орналастырады. Бағдаршам көздері жолақшаларға қойылуы тиіс.

Бағдаршаммен амандасады.

-Жол тәртібін реттеуші қызмет атқарады.

Балалар қызығушылық танытады.

Балалар бағдаршамның тапсырмасын орындап,

шам көздерін қажет түске бояйды.

Педагогтің әңгімесін мұқият тыңдайды.

Слайдқа назарларын аударады.

Балалар ойын шартын түсініп, ойынға белсене қатысады.

-Қызыл.

-Сары.

-Жасыл.

Балалар таңданып қарайды.

-Қызыл.

-Сары.

-Жасыл.

-Жиек жолмен (тротуар).

-Жер асты жолмен.

-Оң қол жақпен жүреміз.

-Аялдамадан отырамыз.

Балалар жаттаған тақпақтарын айтып береді.

1 бала:

Ашса кезек үш көзін,

Айтты деп ұқ үш сөзін.

Тоқта, сақтан, жол ашық.

Жүрме жолға таласып.

Қызыл көзін ашқанда,

Сынық сүйем баспа алға.

2 бала:

Қызыл жанды, тоқтағын,

Көрдің жұрттың тосқанын.

Сары жанды дайындал,

Айналаңа қарап ал.

Жасыл жанды, тыңдағын,

Жолың ашық, тұрмағын.

3 бала:

Мен көшеден өткенде,

Бағдаршамға қараймын.

Қоймаған ғой бекерге,

Жәрдімшісі ол талайдың.

Балалар педагогтің көрсеткеніндей қимыл жасайды.

Балалар қуана келіседі.

Ойын шартын толық орындауға тырысады.

Рефлексия

лық түзетушілік

Педагог балалардан бүгінгі жиыннан алған әсерлерін, көңіл күйлерін, немен айналысқандарын, не үйренгендерін сұрайды.

Қорытындылау:

-Балалар, бізге бүгін қонаққа кім келді?

-Бағдаршам қандай қызмет атқарады?

-Шамдарының түстері қандай және олар нені білдіреді?

-Қандай жол ережелерімен таныстық және құрастырдық?

Балаларды мадақтау, марапаттау.

Қойылған сұрақтарға жауап беріп, пікірлерімен бөліседі.

-Бағдаршам.

Қызметі туралы айтып береді.

Күтілетін нәтиже:

Біледі: бағдаршам  және жол ережелері туралы;

Игереді: бағдаршам шамдарын өз ретімен орналастыруды, жолақшаларға қоюды;

Меңгереді:  жол ережелерінің қызметін, бағдаршам көздерінің түсін, ретін.

Материал пайдалы болды ма? Бөлісіңіз

WhatsApp Telegram

Мақала құжаттары

Журнал, мақала және жарияланғаны туралы анықтама — бөлек PDF файлдар

Осы материал бойынша

AI Көмекші 30 секундта дайындайды — жауап кілті мен PDF бірге.

Автор

Ziyada Otebaeva

Пікірлер

Пікір қалдыру үшін аккаунтқа кіріңіз

Әзірге пікір жоқ — алғашқы болыңыз.

Авторларға

Сіз де өз мақалаңызбен бөлісіңіз

Мақалаңызды жариялап, сертификат пен журналды бірден алыңыз — аттестация мен портфолиоға дайын.

  • Сертификат (QR-коды бар)
  • Google, Yandex жүйелерінде шығады
  • Журналға шығады (онлайн)
  • Анықтама, журнал
  • Жеке кабинетте құжаттар сақталады
  • Мақалаға тұрақты сілтеме

Бар болғаны

5 000 ₸

Мақала жариялау

Kaspi арқылы · 2015 жылдан бері

Автордың басқа материалдары

Сабақ жоспарлары

Ұйымдастырылған ашық оқу қызметі Тақырыбы: «Мамандықтың бәрі жақсы» Өткізген тәрбиеші: Исаева Д.

Балалар мамандық түрлерімен танысып, олардың қоғамға қызметі туралы түсінік алады. Оқу қызметінде слайд, жұмбақтар, сұрақ-жауап пен ойындар қолданылады.

Ziyada Otebaeva 542 оқылым 3 мин
Балабақша

Ертеңгілік «Қош бол, жаз!» «Күйкен бөбекжайы» МКҚК тәрбиеші: Утесинова А

Балабақшаға арналған «Қош бол, Жаз!» ертеңгілігінің сценарийі. Балалар жаз мезгілі мен айлары туралы сұрақтарға жауап беріп, ертегі кейіпкерлерімен ойын-сауыққа қатысады.

Ziyada Otebaeva 426 оқылым 4 мин
Сабақ жоспарлары

Ұйымдастырылған оқу қызметі, Тақырыбы: «Кірпіге арналған әшекейлер»,«Күйкен бөбекжайы» МКҚК Тәрбиеші: Омуркулова Ж

Ұйымдастырылған оқу қызметінде балалар кірпінің бейнесін безендіріп, оған алма мен саңырауқұлақ жапсырады. Жұмыс желіммен әрекет ету дағдыларын дамытуға бағытталған.

Ziyada Otebaeva 344 оқылым 3 мин

Осы тақырыптағы материалдар

Сабақ жоспарлары

Білдектің түрлері

Теориялық сабақ жоспары токарлық, карусельді, жоңғыш, револьверлік және тіс кесу білдектерінің түрлерін таныстырады. Білімді бекітуге арналған сұрақтар мен «Ыстық орындық» әдісі берілген.

Мадина 38 оқылым 7 мин
Сабақ жоспарлары

План урока "Модуль числа"

6-сыныпқа арналған сабақ жоспарында сан модулінің анықтамасы мен белгіленуі түсіндіріліп, оның мәнін табуға арналған оқу тапсырмалары берілген.

Абдраханова Роза Керимхановна 26 оқылым 6 мин
Сабақ жоспарлары

Сказки о художниках

5-сыныпқа арналған сабақ жоспарында суретшілер туралы мәтінмен жұмыс, ақпаратты анықтау және жіктеу есімдіктерін меңгеру тапсырмалары берілген.

Гульмира Узденова 27 оқылым 3 мин
Сабақ жоспарлары

Кимінің жекелеген түрлерін бейнелеу

Киімнің жекелеген түрлерін техникалық сурет ретінде бейнелеуге арналған тәжірибелік сабақ жоспары. Сабақта киім эскизін салу дағдылары қалыптастырылады.

Манат Бекетова 45 оқылым 6 мин