Мазмұнға өту

Ашық көрсетілім Тақырыбы: " 5" цифрымен танысу. "Сол жақта, оң жақта". «Күйкен бөбекжайы» МКҚК Өткізген: Чимбаева Г

Ziyada Otebaeva 4 мин оқу 468 оқылым

Білім беру саласы: «Таным»

Ұйымдастырылған оқу қызметінің  түрі:   ҚМТҚ

Тақырыбы: 5 цифрымен танысу. Сол жақта, ортасында, оң жақта.

Мақсаты: 5 саны және цифрымен таныстыру; нүктелерді қосу арқылы 5 цифрын салып үйрену; заттың орналасқан орнын сөзбен айтып  үйрену (сол жақта, оң жақта, алдында, артында); жыл мезгілі туралы өткенді пысықтау.

Әдіс-тәсілдер: сұрақ-жауап, демонстрациялық, ойын, монтессори әдісі.

Үлестірмелі материал: әр баланың қолында тіктөртбұрыш, шаршы мен үшбұрыш суреті салынған карточка; олардың түсі мен көлемі әртүрлі болуы мүмкін.

Оку қызметінің - кезеңдері

                                   Педагогтің қызметі

Балалардың іс-әрекеті

Мотивация

лық-

қозғаушы

лық

Шаттық шеңбер.

Біздің топта ұл-қыздар                                                                                     Тату-тәтті ойнаймыз.                                                                                         Айналаға, бар адамға                                                                                             Тек мейірім сыйлаймыз.

1-тапсырма.

Ағашта 4 құс отыр. Оған тағы біреуі ұшып келіп қосылды. Ағашта құс нешеу болды?

Жартылай шеңберге тұрып, қимылды мәтінге сай жасайды.

Бесеу.

Ұйымдастырушылық-

ізденістік

Педагог тапсырма бойынша сұрақтар қояды.

-Ағашта неше құс бар?

-Олар қалайша бесеу болып кетті?

-Қайсысы артық: 4 пе, 5 пе?

-Суретте неше құс болса, жолаққа сонша дөңгелектің суретін сал.

2-тапсырма. Үлестірмелі материалмен жұмыс.

Нүктелерді қосу арқылы 5 цифрын салу.

«Көңілді қонжық».

Қонжықтың алғыр екенін,

Білесің бе, досым, сен?

Секіреді ол қазір,

Орнында тұрып бес рет.

Ал  біз қарап тұрмайық,

Санайықшы сонша рет.

5-ке дейін тура және кері санап жаттықтыру.

3 тапсырма.

Педагог балаларға жұмбақ жасырады:

Жақсы әдепті балаға,

Берілетін бұл баға. Бұл қандай баға?

Бес бұрышын қоссаңдар,

Жарқыраймын аспанда.  Бұл не?

Педагог балаларға 5 цифрының сандық қатардағы орнын анықтап, 5 саны қаншаны білдірсе, сонша дөңгелекті жолаққа қоюды тапсырады.

Содан соң өзге цифрлар арасындағы бестіктерді тауып, оларды қоршап сызуды сұрайды.

       Сергіту минуты:

Бір, екі, үш, төрт,бес,

Қол созамыз бәріміз.

Бір, екі, үш, төрт,бес,

Секіреміз бәріміз.

Бір, екі, үш, төрт,бес,

Отырамыз бәріміз.

Топтық жұмыс.

«Санды құрастыр»  ойын.

Балалар қиылған сан бөліктерін шапшаң құрастырып, санды атайды  және түсін айтады.

Балаларға өздерінің жұмыстарын бағалату.

Тақтамен  жұмыс.

«Орнын тап» ойын. Бесжұлдыз пішінінің әр бұрышына сандар жазылған, сол сандарды ретімен әр бұрышына орнын тауып қояды.

Ойын шарты:Балалар сан жазылған жемістің орнын тауып, ретімен орналастырады. Санды және жемісті атайды.

3-тапсырма:

Балалар, сендер тықырлаған дыбысты естіп тұрсыңдарма?

Қане, жан-жағымызға  қарайықшы? Бұл не екен?

(Педагог үйшік ішінен ойыншық Аюды шығарады).

Балалар, қараңдаршы, бұл қандай аң?

Аю үй жануары ма, әлде жабайы аң ба?

Балалар, Аюдың мұнда келген себебі, ол өзінің бал толған бөшкелерін жоғалтып  алған екен. Аю сендерден көмек сұрағалы келіпті. Оған көмектесесіңдер ме?

Аю бал толы бөшкелерінің санын да ұмытып қалған екен.

Кане, балалар іздеуге көмектесейікші.

Жарайсыңдар, біз бөшкелерді таптық. Аю қуанып қалатын болды. Балалар, біз Аюға бөшкелерін бір-бірлеп апарып, қасына қойып жатып, санын атап көрсетелік, сонда Аю бөшкелерінің санын білетін болады.

Жарайсыңдар, біз Аюдың бөшкелерін тауып бердік, енді ол өзінің орманына кетіп, қысқы ұйқыға жатады. Аюмен қоштасайықшы.

4- тапсырма: топтық жұмыс.

Педагог карточкадағы фигураларды саусақпен сызып шығуды ұсынады. Содан кейін дәл осы фигуралар салынған кестені көрсетеді. Бірақ олардың түсі мен көлемі балалардың қолындағыға қарағанда өзгеше. «Менде үлкен сары үшбұрыш жоқ, сендерше?» және т.б. сұрақтар қояды. 2-3 баланы шақырып, өздерінің қолындағы белгілі бір фигураның түсі мен көлемін (үлкен, кіші) атап беруді өтінеді.

Педагог балаларға мынадай тапсырма береді:

-Оң жақтағы пішінді сары  түспен, ортасындағы пішінді қызыл түспен, ал сол жақтағы пішінді жасыл түспен бояңдар.

Педагог қыс туралы өлең оқиды.

Күн суытып, қар борап,

Аяз бетті қариды.

Қырау түсіп, мұз қатып,

Ақ көрпеге оранды.

-Бұл өлеңде қай мезгіл туралы айтылған?

-Балалар, суретті мұқият қарап шығып, қысқа қажет заттарды атап шығыңдар?

-Қандай заттар аталмай қалды?

-Не үщін?

Алғашында 4 құс болатын.Сосын оған тағы бір құс келіп қосылды. Сонымен бесеу болды.

Бестің төрттен біреуі артық.

Олар орнынан тұрып, мәтіні бойынша қимылдайды.

5-ке дейін педагогпен бірге тура және кері санауды қайталайды.

Бестік .

Бесжұлдыз.

Балалар педагогтің тапсырмасын орындайды.

Балалар мәтінге сәйкес қимыл жасайды.

Балалар қиындылардан бүтін санды құрастырады.

Педагогтің тапсырмасын тақтаға шығып орындауға тырысады.

Балалар таңырқап жан-жағына құлақтарын тосады.

Аюды көріп таңғалады, қызықтайды.

Аю

Жабайы аң.

Ия, көмектесеміз.

Балалар жан-жақтарынан іздейді.

Балалар бөшкелерді апарып, ретімен сандарды атайды.

Аюмен қоштасады.

Балалар тапсырманы орындайды.

Балалар пішіндерді бояйды.

Балалар өлеңді мұқият тыңдайды.

-Қыс мезгілі.

Балалар тапсырманы орындайды.

Сұрақтарға жауап береді.

Рефлексия

лық түзетушілік

-Балалар, сендердің сол жақтарыңда не бар?

-Ал оң жақтарыңда ше?

-Ал ортада не бар?

-Балалар, біз бүгінгі жиыннан не үйрендік?

-Қандай санмен таныстық?

--5-ке дейін тура және кері санауды еске түсірейікші.

-Біз Аюға неше бөшке тауып бердік?

Педагог сабаққа белсенді қатысқаны үшін балаларды мадақтайды.

Өзін-өзі бағалау және өзі атқарған жұмысқа баға беру.

Балалар сұраққа жауап береді.

Балалар өз жұмыстарын педагогтің үлгісімен салыстырады.

Күтілетін нәтиже:

Біледі: 5 цифрын, қыс мезгілінің ерекшеліктерін;

Игереді: математикалық жұмбақтарды шешуді, 5 цифрын нүкте бойымен бастырып салуды, заттың орналасқан орнын сөзбен баяндауды ( сол жақта, ортасында, оң жақта).

Меңгереді: 5 саны мен цифры туралы түсінігі.

Материал пайдалы болды ма? Бөлісіңіз

WhatsApp

Осы материал бойынша

AI Көмекші 30 секундта дайындайды — жауап кілті мен PDF бірге.

Автор

Ziyada Otebaeva

Автордың басқа материалдары

Сабақ жоспарлары

Ұйымдастырылған ашық оқу қызметі Тақырыбы: «Мамандықтың бәрі жақсы» Өткізген тәрбиеші: Исаева Д.

Білім беру саласы: Қатынас Ұйымдастырылған оқу қызмет түрі: Сөйлеуді дамыту Тақырыбы: «Мамандықтың бәрі жақсы!» Мақсаты: А)Балаларға түрлі мамандықтар туралы түсінік беру арқылы бұрыннан беймәлім мамандықтар жайлы…

Ziyada Otebaeva 540 оқылым 3 мин
Балабақша

Ертеңгілік «Қош бол, жаз!» «Күйкен бөбекжайы» МКҚК тәрбиеші: Утесинова А

Тақырыбы: «Қош бол, Жаз!» Мақсаты: Жаз мехгілінің ерекшелігін басқа мезгілдермен салыстыру, жеміс жидек, көкөністер туралы түсінік беру, балалардың жазғы демалысын көңілді өткізуге, ойын-сауыққа қызығушылықпен қатысуға…

Ziyada Otebaeva 426 оқылым 4 мин
Сабақ жоспарлары

Ұйымдастырылған оқу қызметі, Тақырыбы: «Кірпіге арналған әшекейлер»,«Күйкен бөбекжайы» МКҚК Тәрбиеші: Омуркулова Ж

Мақсаты: Кірпіге арналған әшекейлерді жапсыруға қызығушылықтарын арттыру, желіммен жұмыс жасау дағдыларын дамыту. Қағаз бетінде кеңістікті бағдарлай білу іскерліктерін дамыту. Қажетті құрал-жабдықтар мен көрнекіліктер:…

Ziyada Otebaeva 344 оқылым 3 мин

Осы тақырыптағы материалдар

Сабақ жоспарлары

Білдектің түрлері

Жаңаөзен қызмет көрсету және жаңа технологиялар колледжі (білім беру ұйымының атауы) БЕКІТЕМІН: __________ Оңдасынова.Д. Оқу сабағының жоспары Сабақтың тақырыбы: Білдектердің түрлері Модуль /пән атауы: Токарлық өңдеу…

Мадина 38 оқылым 7 мин
Сабақ жоспарлары

План урока "Модуль числа"

Раздел ФИО педагога Абдраханова Роза Керимхановна Дата 09.10.2023 год Класс :6 «Ж» Количество присутствующих: 23 отсутствующих:1 Тема урока Модуль числа Цели обучения, которые достигаются на данном уроке (ссылка на…

Абдраханова Роза Керимхановна 25 оқылым 6 мин
Сабақ жоспарлары

Сказки о художниках

Узденова Гульмира Салыховна Раздел V. ЖИЗНЬ И ТВОРЧЕСТВО ФИО педагога Узденова Гульмира Салыховна Дата 05.02.24 Класс 5 Количество присутствующих: Количество отсутствующих: Тема урока УРОК § 60 Сказки о художниках Цели…

Гульмира Узденова 27 оқылым 3 мин
Сабақ жоспарлары

Кимінің жекелеген түрлерін бейнелеу

ОҚУ САБАҒЫНЫҢ ЖОСПАРЫ № 66 Киімнің жекелеген түрлерін бейнелеу (сабақтың тақырыбы) Модуль /пән атауы: КМ 02 Киім эскиздерін техникалық сурет түрінде орындау Педагог: Бекетова Манат Маратқызы дайындады Күні: 17.11.2023ж…

Манат Бекетова 45 оқылым 6 мин