Мазмұнға өту
Мақала жариялау
Axiomus олимпиадасы·математика мен физика, 3–11 сынып·нәтиже 20 минутта, дипломда жетекші мұғалімнің аты Математика, физика олимпиадасы·3–11 сынып Қатысу

«Әрқашан күн сөнбесін »

Мадмусаева Латофат
3 мин оқу 73 оқылым

Білім беру саласы: «Таным»

Ұйымдастырылған оқу қызметі: «ҚМҰҚ»

Өтпелі тақырып: «Әрқашан күн сөнбесін »

Апта тақырыбы: «Көңілді жаз»

Тақырыбы: Үлгі бойынша санау,сандарды

салыстыру(4-5).Тәулік бөліктері.Сол жақта,ортасында,оң жақта

Мақсат: цифрды заттың санымен сәйкестендіруді үйрету,кеңістіктегі қарым-қатынастар туралы(сол жақта,оң жақта,жоғарыда,төменде) түсінік қалыптасты-ру,әртүрлі арақашық-тықта орналасқан екі топтағы заттарды салыстыруға үйрету,ба-лаларға 5 заттың сәйкестігін анықтауды және заттарды бес-бестен бір топқа біріктіруді үйрету.

Әдіс-тәсілдері:көрсету,сұрақ-жауап, ойын. 

Көрнекі құралдар : 1-5ке дейінгі сандар .Суреттер . Тәулік бөліктері.

Оқу іс әрекетінің кезеңдері Тәрбиешінің іс әрекеті Балалардың іс әрекеті
Мотивациялық

қозғаушылық

Қараңдаршы балалар, бүгінгі біздің ұйымдастырылған оқу қызметімізге қонақтар келген екен сәлемдесіп алайық!

Шаттық шеңбері

Армысың, шұғылалы алтын күн!

Армысың, қайырымды көк аспан

Күліп шықтты күн бүгін

Қайырлы таң,достарым

Қайырлы таң, Апайлар,

Білесіңдерме бүгінгі қонақтар сіздерге не үшін келгенін? Сендердің қалай ойнайтындарыңды сабаққа қалай қатысатындарыңызды қарауға келді. Сабағымызды бастауға дайынсыңдарма?Менің қолымдар түрлі түсті шарлар бар.

- Қазір жылдың қай мезгілі?

-Көктем мезгілінде ауа райы қандай болады?

-Көктем мезгілінде неше ай бар?

Шаттық шеңберін орындайды

ойынға қызыға қатысады.

Көктем.

Табиғат көктемде оянып, жер беті жасыл шөпке толады. Ағаштар бүршік жара бастайды

Ұйымдастырушылық ізденіс -Балалар, мен бүгін бала бақшаға келе жатып, жолдан әдемі қорапша тауып алдым.Ол жай қорапша емес, сиқырлы қорапша екен. Ол қорапшаның ішіне аңдарды сиқырлап салып қойыпты. Енді бізге сол аңдарға көмектесіп, сиқырлы қорапшадан шығарып алуымыз керек.

Ол үшін біз берілген тапсырманы орындайық.

Жұмбақ шешу. -Ендеше мұқият тыңдайық.

1 Сыбдыр шықса қашады,

Қырдан бір-ақ асады .

2 Қыс бойы жатады,

Тәтті ұйқыға батады .

3 Үй iшiн аралап,

Түнде көп жортады.

Қаптарды жарып,

Мысықтан қорқады.

4.Қаймықпайды күштi аңнан,

Қорқады тек тышқаннан. (Пiл)

5 Қанжардай тісі бар,

Суық үрейлі түсі бар.

-Балалар, қараңдаршы, біз қанша аңды құтқардық?

-Ал, қане, өзіміздің құтқарған аңдарымызды тура және кері санайықшы.

1 2 3 4 5 , 5 4 3 2 1.

-Дұрыс. -Енді біз сиқырлы қорапшадан шыққан аңдардың тапсырмасын орындайық, оларда бізге тапсырма алып келіпті. Тапсырмаларды орындауға дайынбызба?

1 тапсырма.«Кім көп біледі ?». Қоянның тапсырмасы .

«Математикалық жұмбақтар»

-Қоянның тапсырмасын орындадық, енді келесі қай аңның тапсырмасы.

2 тапсырма Аюдың тапсырмасы

  1. «Адасқан сандар».Тура және кері сандар арқылы адасқан сандарды табу.

«Кеністікті бағдарла»

Мына ағаштың оң жағында не бар?

Сол жағында ше?

Ал саңырауқұлақтың артында не тығылып тұр?

Мына түлкі мен саңырауқұлақтың арасында не бар?

-Аюдың тапсырмасын орындадық .

-Біз қоян мен аюдың тапсырмасын орындадық, дем алу үшін сергіту сәтін жасайық

- Сергіту сәті :

3. Тышқан тапсырмасы.

«Тәулік бөліктері»

Тақтада тәулік бөліктері көрсетілген. Тәрбиеші нұсқауымен сағат тілін пайдалану арқылы тәуліктерді ажырату.

- Біз тышқанның тапсырмасын орындадық ,енді келесі қай аңның тапсырмасы?

4.Пілдің тапсырмасы.

«Доптарды жинастыр» Доптарды цифрмен сәйкестендіру.

5. Арыстанның тапсырмасы

«Қанша-сонша» ойыны.Тақтада қанша бәйшешек болса,астына сонша құмыра қоюуымыз керек

6. «Дәптермен жұмыс»

Қоян

Аю

Тышқан

Піл

Арыстан

Рефлексиялық түзетушілік Жарайсыңдар, балалар. Бүгін барлықтарын сабаққа өте жақсы қатыстыңдар. Аңдарға көмектесу арқылы 1- ден 5 – ке дейінгі сандарды санауды, құрамын табуды үйрендіндер. Сабаққа өте жақсы қатысқандарыңыз үшін мадақтама бергім келеді

Балаларды мадақтау .

өз өздеріне баға береді.

Күтілетін нәтиже:

Біледі:1-5 ке дейінгі реттік санауды.

Игереді: Тәулік бөліктерін және салыстыруды игереді.

Меңгереді: заттың орналасқан орнын табуды (сол жақта,оң жақта,жоғарыда,төменде,арасында)

Материал пайдалы болды ма? Бөлісіңіз

WhatsApp Telegram

Мақала құжаттары

Журнал, мақала және жарияланғаны туралы анықтама — бөлек PDF файлдар

Автор

Мадмусаева Латофат

Пікірлер

Пікір қалдыру үшін аккаунтқа кіріңіз

Әзірге пікір жоқ — алғашқы болыңыз.

Авторларға

Сіз де өз мақалаңызбен бөлісіңіз

Мақалаңызды жариялап, сертификат пен журналды бірден алыңыз. Жарияланым Google мен Yandex-те табылады.

  • Сертификат (QR-коды бар)
  • Google, Yandex жүйелерінде шығады
  • Журналға шығады (онлайн)
  • Анықтама, журнал
  • Жеке кабинетте құжаттар сақталады
  • Мақалаға тұрақты сілтеме

2015 жылдан бері · ресми тіркелген журнал

Мақала жариялау

Осы тақырыптағы материалдар

Балабақша

Күз туралы тақпақтар

4–6 жастағы балаларға арналған күз туралы 30 қысқа тақпақ: табиғат, жеміс-жидек және «Алтын күз» ертеңгілігіне жаттауға жеңіл төртжолдық өлеңдер.

Bilimger Media 5 мин 410 оқылым
Балабақша

Тәрбиеші – бала жүрегіне жол табатын жан

Балабақша тәрбиешісінің бала жүрегіне жол тауып, мейірім мен адамгершілік қасиеттерін қалыптастырудағы маңызды рөлі туралы мәтін.

Садыкова Насихат Баиндыевна 1 мин 18 оқылым
Балабақша

Мектепке дейінгі ұйымдарда инклюзивті білім беруді ұйымдастыру: ерекше білім беру қажеттілігі бар балалармен жұмыс жүргізудің тиімді әдістері.

Қарағанды облысы Қарқаралы ауданы Егіндібұлақ ауылы "Айгөлек" бөбекжайы Тәрбиеші Аннотация Мақалада мектепке дейінгі ұйымдарда инклюзивті білім беруді ұйымдастырудың маңызы, негізгі қағидалары және ерекше білім беру…

Едильбаева Тойжан Батырбековна 10 мин 100 оқылым
Балабақша

Балабақшада балалардың сөйлеу тілін дамыту

«Жауқазын»бөбекжай-бақшасы МКҚК-нің тәрбиешісі Ақтөбе облысы,Шалқар ауданы,Тоғыз станциясы Мақалада мектепке дейінгі жастағы балалардың сөйлеу тілін дамыту мәселесі қарастырылады. Баланың сөздік қорын байыту,…

Садықова Маржанкүл Баянқұлқызы 2 мин 82 оқылым