Мазмұнға өту

"Ақымақ қасқыр" ашық сабақ

Bilimger Media 3 мин оқу 1 009 оқылым

Білім беру саласы: «Коммуникация»
Оқу –іс әрекеті: Көркем әдебиет.
Сабақтың тақырыбы: «Ақымақ қасқыр» ертегісі
Мақсаты: Оқу-іс әрекетінде ақымақ қасқыр ертегісінің үзіндісіне тоқтала отырып бүлдіршіндердің қызығушылығын ояту. Сөздік қорын молайту, тіл байлығын дамыту, есте сақтау, дүние танымын кеңейту.
Әдіс –тәсілдер: Сұрақ –жауап, әңгімелесу,сахналау, ойын, сергіту, мадақтау, қорытындылау.
Көрнекіліктер:  Суреттер, атрибуттар, кубик.
Сабақтың барысы: Балалардың сабаққа дайындығын тексеру.
Шаттық шеңбері:                 Бәріміз енді тұрайық

Үлкен шеңбер құрайық

Жақсы-жақсы сөздерді

Қонақтарға сыйлайық

Табиғат біздің анамыз

Табиғатқа баламыз

Иіліп сәлем береміз

Біз әдепті баламыз

-Балалар қазір далада қандай мезгіл?

-Күз айларын атап беріңдерші?

-Қазір күздің қай айы?

-Бір аптада неше күн?

Бүгін аптаның қай күні?

Ал, қазір балалар, белгілер арқылы екі орталыққа бөлінеміз.Қатынас және шығармашылық орталығы.

-Балалар қазір бізде көркем әдебиет сабағы. Көркем әдебиеттен сендер көптеген ертегілермен таныстыңдар . Мынау не, балалар? Бұл текше осы текшенің көмегімен өткен ертегілерді еске түсірейік.

Балалар кубикті лақтырып суреттегі ертегілерді атайды.

«Мақта қызбен мысық», «Шаруа мен аю», «Түлкі мен торғай», «Бауырсақ», «Әтеш мысық және түлкі», «Қарлығаштың құйрығы неге айыр».

-Өте жақсы.

Балалар, мына сурет арқылы жұмбақ шешейікші.

Ит сияқты пішіні

Ұнатпайды ол кісіні

-Дұрыс ,қасқыр

Қасқыр дегеніміз не?

-Ол жыртқыш аң

Ол қайда жүреді?

-Ол орманда тіршілік етеді

Ол немен қоректенеді?

-Ол етпен қоректенеді

-Өте жақсы, балалалар.

Кім маған қасқыр сөзін үш тілде айтып береді

-Қасқыр-волк-wolv.

Қазір біз сендермен осы қасқыр туралы «Ақымақ қасқыр» ертегісімен танысамыз. Сурет бойынша ертегіні әңгімелеп беру.

-Балалар , осы ертегіде қандай сөздер түсініксіз болды.

Өріс- Мал жайылатын шөбі мол кең дала

Жылы-жұмсақ- семіз, еті тіске жұмсақ.

Сұрақтарға жауап беру.
1. Ертегі кейіпкерлерін атаңдар.
2. Қасқыр қандай жағдайда  болды?
3. Қой қасқырды қалай алдап кетті?
4. Ешкі қалай алдап кетті?
5. Ертегі қалай аяқталды?

-Балалар қой мен ешкі жыртқыш аң ба?

-Жоқ, қой мен ешкі үй жануарлары.

-Дұрыс

Қой мен ешкінің төлін қалай атайды?

-Қозы мен лақ

Ал,балалар қой,ешкі, қасқыр туралы мақал- мәтелдер,жұмбақтар білесіңдер ме?

«Қонақ қойдан жуас», «Семіз қой түстен кейін маңырайды», «Таңбасыз тай енсіз қой болмайды», «Ешкі жейді ебелек, ешкіні жейді кебенек», «Қасқырдың аузы жесе де қан, жемесе де қан», «Қасқырдың ойлағаны арамдық, қойдың ойлағаны амандық»

Секен-секен етеді,

Таумен тасқа жетеді.               Кішкене ғана бойы бар

Айналдырып киген тоны бар

-Өте жақсы.

Сергіту сәті: ән «Қошақаны қойдың»

Ал, енді  осы ертегідегі қойдың,ешкінің, қасқырдың сөдерін  айтып беріңдірші.

-Тамаша, балалар.

Ал, енді балалар осы ертегі кейіпекерлері болып ертегіні сахналап көрсетейік.

-Тамаша, балалар казір мен сендермен вен диаграммасы арқылы кейіпкерлердің ұқсастықтарымен, айырмашылықтарын тапқым келіп тұр.

Ұқсастығы: жануар,еркек және ұрғашы, ертегілерде кездеседі,

Айырмашылығы: үй жануары, жыртқыш, етпен, шөппен қоректенеді,пайдасы көп, қолда өспейді,

Шеңберге тұру. Шығармашылық ортада балалар не істедіңдер? Қағазды жырту арқылы қойды жапсырдық ал қатынас орталығында балалар қандай ертегімен таныстыңдар? «Ақымақ қасқыр » ертегісімен таныстық

-Өте жақсы, балалалар, сендер сабаққа жақсы қатыстыңдар

- Ал енді, балалар, бәріміз қонақтармен қоштасайық.
Қол ұстасып тұрайық,
Шеңберді біз құрайық.
Көріскенше күн жақсы ,
Cау-саламат болайық

Материал пайдалы болды ма? Бөлісіңіз

WhatsApp

Осы материал бойынша

AI Көмекші 30 секундта дайындайды — жауап кілті мен PDF бірге.

Автор

Bilimger Media

Осы тақырыптағы материалдар

Балабақша

Мектепке дейінгі ұйымдарда инклюзивті білім беруді ұйымдастыру: ерекше білім беру қажеттілігі бар балалармен жұмыс жүргізудің тиімді әдістері.

Қарағанды облысы Қарқаралы ауданы Егіндібұлақ ауылы "Айгөлек" бөбекжайы Тәрбиеші Аннотация Мақалада мектепке дейінгі ұйымдарда инклюзивті білім беруді ұйымдастырудың маңызы, негізгі қағидалары және ерекше білім беру…

Едильбаева Тойжан Батырбековна 65 оқылым 10 мин
Балабақша

Балабақшада балалардың сөйлеу тілін дамыту

«Жауқазын»бөбекжай-бақшасы МКҚК-нің тәрбиешісі Ақтөбе облысы,Шалқар ауданы,Тоғыз станциясы Мақалада мектепке дейінгі жастағы балалардың сөйлеу тілін дамыту мәселесі қарастырылады. Баланың сөздік қорын байыту,…

Садықова Маржанкүл Баянқұлқызы 68 оқылым 2 мин
Балабақша

2026–2027 жылғы оқу жылына Балабақша тәрбиешілеріне қажетті әдістемелік құжаттар тізімі

2026–2027 оқу жылы басталар алдында балабақша тәрбиешілері үшін ең маңызды жұмыстардың бірі – әдістемелік құжаттарды талапқа сай дайындау. Перспективалық жоспар қалай жасалады? Циклограмма қандай болуы керек? Баланың…

Bilimger Media 4 427 оқылым 10 мин
Балабақша

2026–2027 жылғы оқу жылына Балабақша тәрбиешілеріне қажетті әдістемелік құжаттар тізімі

2026–2027 оқу жылы басталар алдында балабақша тәрбиешілері үшін ең маңызды жұмыстардың бірі – әдістемелік құжаттарды талапқа сай дайындау. Перспективалық жоспар қалай жасалады? Циклограмма қандай болуы керек? Баланың…

Bilimger Media 936 оқылым 10 мин