Мазмұнға өту
Мақала жариялау
Axiomus олимпиадасы·математика мен физика, 3–11 сынып·нәтиже 20 минутта, дипломда жетекші мұғалімнің аты Математика, физика олимпиадасы·3–11 сынып Қатысу

Апат айтып келмейді : су тасқынынан кейінгі халықтың хал ахуалы қандай?

Bilimger Media
4 мин оқу 28 оқылым

Апат айтып келмейді : су тасқынынан кейінгі халықтың хал ахуалы қандай?

Табиғи апаттарды алдын ала болжап айту оңайға соқпайды. Себебі апат айтып келмейді. Ойламаған жерден орын алады. Табиғат апаттарына дауыл, дауылды қарақүйын, қүйынды дауыл, су басу, жер сілкінісі, жанартаудың атқылауы, кенеттен қалың қар жауу, цунами қар көшкіні, құрғақшылық,орманның өртенуін жатқыза аламыз. Бұл табиғи алапаттар тірі организимдерге соның ішінде адамға төтенше әсер ететін экологиялық фактор болып саналады.

Еліміздің соңғы жылдарында табиғи апаттар жиі орын алып кетті. Су тасқынының алдын да Алматы қаласында бірнеше рет жер сілкіністері орын алған болатын.

Су тасқыны — қардың еруі немесе жаңбырдың құюы, дамбаларды қоршап тұрган қақпалардың қирауы, желдің әсерінен су деңгейінің көтерілуі және жердің қозғалуы салдарынын болады. Тасқын су тасқыны ең қауіпті жағдайлардың бірі болып саналады, өйткені табиғаты бойынша олар зардап шеккен тұрғындар үшін алдын алу және көшіру міндеттерін қиындатады.

Су апаттарының себеп салдары қандай? Дәлірек айтқанда, қандай болжамдар жасалып жатыр? Су тасқынынан кейінгі халықтардың хал ахуалы қандай?

Қардың күрт еруіне байланысты аймақтарда су тасқыны көбейді. Бұл жайт 2024 жылдың 27наурызынан  бастап орын алған болатын. Әлі де толастар емес. Бұл—табиғи апат. Мұндай ахуал ұзақ жылдан бері болмаған. Бұл көлемі жағынан соңғы 80 жылдан бергі жағдай деуге болады.

Еліміздің он аймағында төтенше жағдай жарияланды. Олар:Абай, Ақмола, Ақтөбе, Атырау, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Қостанай, Павлодар, Солтүстік Қазақстан және Ұлытау облыстары. Осы өңірлерде күрделі жағдайлар орын алып, су тасқынымен күресуге Төтенше жағдайлар министрлігінің барлық ресурсы тартылды. Сондай-ақ құтқару жұмыстарына Ішкі істер министрлігі, Ұлттық Ұлан, Қарулы Күштер және Ұлттық қауіпсіздік комитетінің мамандары белсене атсалысып жатыр. Зардап шеккен аймақтардың әкімдіктері де күндіз-түні жұмыстар атқарып келеді. Волонтерлер де су тасқынынан зардап шеккендерге материалдық көмек көрсетіп,ешқайысын бей жай қалдырып жатқан жоқ. Себебі,адам өмірі оның қауіпсіздігі әрқашан бірінші орында.

Қазір 72 284 адам эвакуацияланды. Уақытша орналастыру пунктерінде 14430 адам бар. Шығын саны өте көп. 8 мыңға жуық мал қырылды. 3702 жеке тұрғын үй, 562 аула аумағы және 1822 саяжай үйлері, 73 ғимарат, сондай-ақ 155 автожолды су басты. Су тасқыны салдарынан туындаған табиғи апатқа адамдарға көмек көрсету үшін 1,5 млрд теңгеге жуық қаражат жұмсалды. Арнайы техникалар, шатырлар мен төсек-орын жабдықтары қарастырылды.

Елімізде болып жатқан су тасқыны жайында қала тұрғындары, сарапшылар, ғалымдардың пікірлеріне назар аударсақ.

Су тасқынынан зардап шеккендерге мемлекеттік материалдық резервтен көмек көрсетіледі. Бұл туралы Мемлекеттік материалдық резервтер комитеті төрағасының орынбасары Руслан Ормағамбетов ОКҚ алаңында мәлімдеді,—деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Спикердің айтуынша, мемлекеттік материалдық резервтер комитеті мен «Резерв» РМК қызметкерлері тәулік бойы жұмыс істейді, әкімдіктердің өтінімдері қарастырылып және сұраныс тудырған. Мемлекеттік материалдық резервтер номенклатурасына сәйкес резервтің қоймаларында тамақ өнімдері, төтенше жағдайларды жоюға арналған тауарлар – арнайы және автомобиль техникасы, шатырлар, төсек-орын жабдықтары және халықтың тіршілігін қамтамасыз ететін қажетті басқа да тауарлар сақталады.

Келес ауданының тұрғыны Рахматулла Ермеков:

«Құдайдың салған ісі бұл, ауыртпалығы. Тек бұған бірлесіп, халықты жұмылдырып, ұжымдасып, ынтымақтасып қана шығатын мәселе. Әрдайым бір-бірімізді қолдай білейік. Қолдау көрсетейік. Күшіміз әрдайым бірлікте»,— дейді.

"Жастар рухы" жастар қанатының төрағасы Ақерке Искандерова:«Таңертең әуе қатынасы арқылы гуманитарлық көмектің бір бөлігін алыс аудандарға жөнелттік. Қазір тағы бір жүк көлігіне гуманитарлық көмек тиеліп жатыр. Бұл жүктер шалғайдағы ауылдарға жеткізіледі. Айта кету керек, төтенше жағдай аяқталғаннан кейін де біздің волонтерлердің жұмысы тоқтамайды. Жігіттер мен қыздар тасқын су салдарын жоюға көмектесіп, елді мекендерді тазалау жұмыстарына атсалысады»,- деді.

Қала тұрғыны Жанат Маратқызы: «Таза киімдер, жаңадан өзіміз сатып алып, осылай беріп отырмыз көмек ретінде. Олардың, енді естіп жатырмыз ғой, бүкіл киімдері, үйлері суға кетті. Бүкіл Қазақстан халқына ауыр тиіп жатқан жағдай ғой. Сондықтан да бүкіл Қазақстан халқын қолдауға шақырамыз»,— деп үн қатты.

Небәрі үш күнде алматылықтар 1 тоннадан астам гуманитарлық көмек жинады. Бұл азық-түлік, бірінші кезекте қажетті заттар, киім-кешек және т.б. Көмек қолын созуға қала тұрғындары, кәсіпкерлер және белсенді жастар атсалысты.

«Алматы қаласы Алмалы ауданының комьюнити орталығында ашылған қабылдау пунктінің жұмысына қаланың 10-нан астам ірі волонтерлік ұйымы («QAMQOR CHARITY» ҚҚ, «Қазақстан волонтерлар лигасы» ҚҚ, СФРМ, Black Sea Fund «Newman» және т.б.) мен 50-ден астам ерікті жұмылдырылды»,- дейді Алматы қаласының әкімдігі.

Түрік СІМ өкілдері Қазақстандағы су тасқынына байланысты мәлімдеме жариялады – Түркия елімізге кез келген көмек көрсетуге дайын екенін мәлім етті.

«Біз Қазақстанның бірнеше өңіріндегі жойқын су тасқынына қатты қайғырып отырмыз, бұл жағдайдан біздің ондаған мың бауырымыз эвакуациялануға мәжбүр болды, сондай-ақ елеулі залал келді. Қазақстан халқы мен үкіметіне көңіл айтамыз. Түркия табиғи апаттан болған кез келген ауыртпалықты көтеруге дайын», – делінген Түркия СІМ мәлімдемесінде.

Қорыта айтқанда, Күшіміз бірлікте! Әрқашан бір бірімізге көмектесіп, қиын кезде қол ұшын созып,бәрін бірге еңсерейік. Су тасқыны—табиғи апат.Апат айтып келмейді. Бұған ешкім кінәлі емес.Бастысы халықтың амандығы. Сабыр сақтайық.Алдағы уақытта бұл қиындықты еңсеріп шығатынымызға сенеміз. Еліміз аман жұртымыз тыныш болсын!

Сапарбекқызы Жақсыгүл

Материал пайдалы болды ма? Бөлісіңіз

WhatsApp Telegram

Мақала құжаттары

Журнал, мақала және жарияланғаны туралы анықтама — бөлек PDF файлдар

Автор

Bilimger Media

Пікірлер

Пікір қалдыру үшін аккаунтқа кіріңіз

Әзірге пікір жоқ — алғашқы болыңыз.

Авторларға

Сіз де өз мақалаңызбен бөлісіңіз

Мақалаңызды жариялап, сертификат пен журналды бірден алыңыз. Жарияланым Google мен Yandex-те табылады.

  • Сертификат (QR-коды бар)
  • Google, Yandex жүйелерінде шығады
  • Журналға шығады (онлайн)
  • Анықтама, журнал
  • Жеке кабинетте құжаттар сақталады
  • Мақалаға тұрақты сілтеме

2015 жылдан бері · ресми тіркелген журнал

Мақала жариялау

Осы тақырыптағы материалдар

Жалпы рубрика

1 қазан – Қарттар күніне арналған «Қарттарым – асыл қазынам» тәрбие сағаты

1 қазан – Қарттар күні: «Қарттарым – асыл қазынам» тәрбие сағаты Қарттар күні тәрбие сағаты оқушыларды үлкенді сыйлауға, ата-әжеге қамқор болуға және ұрпақтар сабақтастығын қадірлеуге баулиды. Төмендегі «Қарттарым – асыл…

Bilimger Media 7 мин 41 оқылым
Жалпы рубрика

Ұстаздарға құттықтау сөздер: әдемі тілектер мен жылы лебіздер

Ұстаздарға құттықтау сөздер Ұстаздарға құттықтау сөздер іздегенде, жүрекжарды әрі нақты лебіз таңдаған жөн. Ұстаз – білім беріп қана қоймай, шәкіртінің болашағына бағыт көрсететін ардақты жан. Мұғалімнің білімі, ақылы…

Bilimger Media 6 мин 146 оқылым
Жалпы рубрика

Мұғалімге тілек

Құрметті ұстаз! Сізге зор денсаулық, ұзақ ғұмыр, отбасыңызға амандық және еңбегіңізге толағай табыс тілейміз. Шәкірт тәрбиелеудегі қажырлы еңбегіңіз әрдайым жоғары бағаланып, оқушыларыңыздың жетістігі сізге қуаныш…

Bilimger Media 2 мин 59 оқылым