Мазмұнға өту
Мақала жариялау
academ.kz онлайн сабақ беріп, қосымша табыс табыңыз·оқушы Kaspi арқылы тікелей сізге төлейді·комиссия 0% academ.kz қосымша табыс табыңыз·14 күн тегін 14 күн тегін Тегін бастау

: «» · ₸

«Жылқыда» — Қазанқапұлы Тәттімбет

Күй аңыздары · 1 мин оқу

Арқа бойында бір жылдары қыс тым қатты болып, тұтас жатқан адырларды қасаттанған қар алып малға жайылым бермейді.

Осындай жұт белгісін сезген жылқышы Тәттімбет көршілес найман елі отырған өңірге жылқы салып, өзі ел аралап сауықсайранмен болады. Еліне осындай өнерлінің келіп, өнерімен мәз еткенін найман елі де теріс көрмепті. Жылқысын қумай, өзін қадірлі қонақ ретінде қарсы алады.

Жылқысы жұт көрмей, өзі қысты сайранмен алған Тәттімбет ел мен жерге риза болып, «Жылқыда» атты күй шығарған екен.

Күй аңыздары

Барлығы: 365 аңыз

Тағы оқыңыз