Мазмұнға өту
Мақала жариялау
academ.kz онлайн сабақ беріп, қосымша табыс табыңыз·оқушы Kaspi арқылы тікелей сізге төлейді·комиссия 0% academ.kz қосымша табыс табыңыз·14 күн тегін 14 күн тегін Тегін бастау

: «» · ₸

«Бес төре» (ІI нұсқа) — Қазанқапұлы Тәттімбет

Күй аңыздары · 1 мин оқу

Тәттімбет Омбыға барған сапарында Шыңғыс Уәлиханов, Мұса Шорманов, Ыбырай Жайықбаев, тағы басқа бірталай би, төрелермен сапарлас болады. Кейбір шонжарлардың жол-жөнекей елді қатты шығынға ұшыратып, қыспаққа алған озбырлық, зомбылығына төзбей «Бес төре» күйін шығарыпты. Іштен тынып жүрген күйші бір ауылда мәжіліс құрып отырған азулы төрелер арасында тыңнан бір күй тартады. Бұл күйдің жайын сұрағандарға:

Күйдің аты «Бес төре»,
Бесеуі де мес төре,
Санаң болса кеудеңде
Жұмбағымды шеш, төре.
Өз еліне қасқырдай,
Неге мұнша өш төре?—
деп жауап берген екен.

Күй аңыздары

Барлығы: 365 аңыз

Тағы оқыңыз