Мазмұнға өту
Мақала жариялау
academ.kz онлайн сабақ беріп, қосымша табыс табыңыз·оқушы Kaspi арқылы тікелей сізге төлейді·комиссия 0% academ.kz қосымша табыс табыңыз·14 күн тегін 14 күн тегін Тегін бастау

: «» · ₸

Үш бидің әулиелігі

Тарихи аңыздар · 1 мин оқу

Бірде Қабылиса, Ескелді, Балпық үшеуі келе жатып, Ескелді Қабылисадан:

—Мен өлгенде қай жерге қойыламын?—дейді. Қабылиса:

—Сіз Үштөбе маңындағы Қызылжарға қойыласыз,—дейді.

—Балпық ше?

—Мұның жасы сенен кіші ғой, сенен сәл төменірек батысқа таман қойылар,—дейді.

—Өзіңіз ше?

—Мен Іле бойындағы Үшарал, Көкбастау жеріне қойылармын,—дейді. Ендігі жауапты Қабылиса алмақ болып, Айнабұлаққа жеткенде:

—Апыр-ай, мына жердің у-шуы-ай! Бұл қалай?—дейді Ескелдіге бұрылып. Ескелді:

—Бұл жерге жол түсіп, қала орнайды екен. Ант көп болады екен. Ерден әйел көбейіп, қырғынға ұшырайды екен,—дейді.

Дүнгенге келгенде Қабылиса Балпыққа қарап:

—Апыр-ай, мына жерден өкіргендей дауыс шығады ғой, бұл не?—дейді.

—Бұл жерге де қала түсіп, халық көбейіп, біртүрлі өнер шығып, елді айқайымен оятады екен,—дейді Балпық

Тарихи аңыздар

Барлығы: 695 аңыз

Тағы оқыңыз