Мазмұнға өту
Мақала жариялау
academ.kz онлайн сабақ беріп, қосымша табыс табыңыз·оқушы Kaspi арқылы тікелей сізге төлейді·комиссия 0% academ.kz қосымша табыс табыңыз·14 күн тегін 14 күн тегін Тегін бастау

: «» · ₸

Ескелдінің ер атануы

Тарихи аңыздар · 1 мин оқу

Абылай ханның арындап тұрған кезінде Қаратал өзені бойындағы Үштөбе деген жерде қалмақпен бір қатты шайқас болып, қалмақтың аса зор Далаңқор деген батыры ортаға шығып, «жекпе-жек» деп айғай салыпты. Жұрт бөгеліңкіреп тұрғанда, бұған қарсы атойлап Ескелді жетіп барыпты. Бірін-бірі ала алмай көп шайқасып, ақырында қалмақ батырының қапысын тауып, Ескелді батыр оны атынан аударып, басын кесіп, айдарынан ұстап ханның алдына алып келіпті. Бұдан кейін Ескелдінің бастаған сарбаздары лап қойыпты. Мұны көріп қалмақтар дүрліге қашыпты. Осыдан былай Ескелді ер атаныпты.

Тарихи аңыздар

Барлығы: 695 аңыз

Тағы оқыңыз