Мазмұнға өту
Мақала жариялау
academ.kz онлайн сабақ беріп, қосымша табыс табыңыз·оқушы Kaspi арқылы тікелей сізге төлейді·комиссия 0% academ.kz қосымша табыс табыңыз·14 күн тегін 14 күн тегін Тегін бастау

: «» · ₸

Қызай руы

Шежірелік аңыздар · 1 мин оқу

Қызайдың (Нұрбикенің) сіңлісі Күнбике мұрны үлкен болғандықтан «Мұрын» аталыпты. Ол кісі ұзатылған соң көп жыл бала көтермепті. Төркініне барып шешесіне (Үйсін Бәйдібек байдың тоқалы Домалақ енеге) айтқан екен. Шешесі:

—Менің барлық ақыл-пейілім апайыңа ауған. Сол апайыңа барып батасын ал!—депті.

Күнбике шешесінің айтқанын орындапты. Нұрбике сіңлісі Күнбике аттанарда, оның қалауы бойынша бір іш киімін беріпті. Мұрын разы болып, аттанған соң ұзап кеткенше Қызай оның артынан қарап тұрыпты. Мұрын артына бұрылып қарамай кете беріпті.

Сонда Қызай:

—Япыр-ай! Мына сіңлімнің артына бір қарамай кеткен-ай! Оның ұрпағы енді менікінен көп болатын болды,—депті.

Шежірелік аңыздар

Барлығы: 341 аңыз

Тағы оқыңыз