Мазмұнға өту
Мақала жариялау
academ.kz онлайн сабақ беріп, қосымша табыс табыңыз·оқушы Kaspi арқылы тікелей сізге төлейді·комиссия 0% academ.kz қосымша табыс табыңыз·14 күн тегін 14 күн тегін Тегін бастау

: «» · ₸

Бура, Көкжарлы туралы (І нұсқа)

Шежірелік аңыздар · 1 мин оқу

Арнауыттың бүкіл елге белгілі қасиетті «Шұбарат» деген аты болады. Аттың қолтығында және таңдайында қара қалы (белгісі) болады, бірақ оны Арнауыт байқамайды екен. Сүгірші жолдастарымен жолаушылап, Арнауыттың аулына келіп түссе, Шұбарат кермеде байлаулы тұрады. Сүгірші аттан түсісімен Шұбараттың белгісін жақсылап көріп алады.

Гүлбаршын ару қыз болса керек, әкесі Арнауытқа:

—Қонағың құтты да, тентек те,—деп ескертіпті.

Сүгірші: «Құнан күнінде жоғалтқан Шұбарат—«менікі»,— деп даулайды. Арнауыт би: «Бүтін ел біледі, құлын күнінен қолбала болып өскен»,—деп көнбейді. Ақыры екеуі қазыға жүгінеді, қазы атты алдырып қарағанда, Сүгіршінің айтқан белгісі дұрыс болып, ат Сүгіршіге тиеді.

Арнауытта ұл бала жоқ екен. Гүлбаршынды Сүгіршіге қоспақшы болады. Сүйтіп, Сүгіршінің Гүлбаршынға үйленуін осыған байланыстырады.

Сонымен Сүгірші мен Гүлбаршын қосылған соң Наймантай, Төлек деген екі бала болады. Наймантайдан Бақана, Бақанас деген екі ұлы болады. Наймантай ертерек өліп, екі бала Саржомарттың тәрбиесінде болады. Саржомарт жолаушылап жүргенде екі бала өздерін «жетімбіз» деп санап, саудагер кірекештерге еріп, Түркістан кетеді. Арттарынан қуып барған Саржомарт Түркістан әкіміне Бақана үшін бір бура беріп, Бақанас үшін көк жал атын беріп, еліне алып қайтады. Арада біраз жылдар өткен соң өздеріне әкесі қойған аттары аталмай, Бақананы—«Бура» деп, Бақанасты—«Көкжарлы» деп аталып кеткен.

Шежірелік аңыздар

Барлығы: 341 аңыз

Тағы оқыңыз