Мазмұнға өту
Мақала жариялау
academ.kz онлайн сабақ беріп, қосымша табыс табыңыз·оқушы Kaspi арқылы тікелей сізге төлейді·комиссия 0% academ.kz қосымша табыс табыңыз·14 күн тегін 14 күн тегін Тегін бастау

: «» · ₸

Құлыс

Шежірелік аңыздар · 1 мин оқу

Сайдан (Сәбден) бір балалы (Ожырай) болғаннан кейін қайтыс болып кетіпті дейді. Оның әйелі Қараға некелейміз десе, Қара көнбей, алмапты. Адамқожа әкесінің айтқанын қылмапты. Сонымен ол жесірді Сарыға некелеп, онан Асан мен Жанбақты туыпты. Бірде Сары би бір тойға бара жатып, жолдан көштен түсіп қалған бір бала тауып алыпты дейді. Баладан:

—Атың кім?—десе:

—Құлыс,—депті.

Үстіндегі белгісін—меңін көріп біліп, бала етіп алуға онымен келісіп, сол барған тойда жар шақырып, баланың белгісін айтып, жиналған жұртқа жария етіп, сүйіншісіне бір құла тай атап, баланы бұрын жоғалтып, енді тауып алып тұрғанына жұртты сендіріп, ауылына алып келіпті. Ауылына келген соң той жасап, балаға Құлсын деп ат қойыпты дейді.

Шежірелік аңыздар

Барлығы: 341 аңыз

Тағы оқыңыз