Мазмұнға өту
Мақала жариялау
academ.kz онлайн сабақ беріп, қосымша табыс табыңыз·оқушы Kaspi арқылы тікелей сізге төлейді·комиссия 0% academ.kz қосымша табыс табыңыз·14 күн тегін 14 күн тегін Тегін бастау

: «» · ₸

Қара Кете

Шежірелік аңыздар · 1 мин оқу

...Шуақ бала жігіт кезінде еліне симай келіп, Әлімнің Жақайымынан Асан тайпасының ішіне келіп, Тәжібай деген атамыздың қолында іні болып, үш жылдай жүрген екен. Сонан Тәжібайдың әйеліне Шуақ құлаққағыс жасап, келіншек алғысы келгенін, өз алдына үй болғысы келгенін айтыпты. Әжеміз мұны Тәжібай атамызға айтып білдіреді. Ол үлкен ақсақалдарды жинап: «Отырған Қанша қызды оған қос!»—деп ақыл беріпті. Сонымен Қаншаны Шуаққа қосып, өз алдына бір үй етіп, алдына мал салып, Ізбас Асан Тәңірбергеннің ұрпақтарымен еншілес етіп, қасына көшіріп қондырыпты. Ізбасы ішіндегі «Қаракете» атанған дейді. Шуақтың ұрпақтары Жақайымның Асан тайпасына жиен болады.

Шежірелік аңыздар

Барлығы: 341 аңыз

Тағы оқыңыз