Мазмұнға өту
Мақала жариялау
academ.kz онлайн сабақ беріп, қосымша табыс табыңыз·оқушы Kaspi арқылы тікелей сізге төлейді·комиссия 0% academ.kz қосымша табыс табыңыз·14 күн тегін 14 күн тегін Тегін бастау

: «» · ₸

Қожа Ахметтің ұлының өлімі (ІІ нұсқа)

Тарихи аңыздар · 1 мин оқу

Сури халқы қаншама таяқ жегендеріне қарамастан, Қожамен жауласуын қоймайды. Қожаның Ибраһим деген бір ұлы және бір тамаша аты болады. Бір күні оның: «Кімде-кім ұлымның өлім хабарын естіртсе, соған атымды беремін»,— деген сөзі Сури халқының құлағына жетеді. Күндердің бір күнінде Шаһзада Ибраһимді бір ағаштың түбінде ұйықтап жатқан жерінен басын кесіп алып, оны бір сүлгіге орап, Қожаның алдына әкеліп тастайды. Қожа олардан «Бұл не?» деп сұрайды. Жаңа піскен қауын әкелгендерін айтады. Қожа істің мән-жайын түсініп, іші өртене отырып бәрібір атын береді және соңынан қан дауы болып, араларында мәңгі-бақи дұшпандық қалмасын деп өлтірген адамға қызын да береді.

Тарихи аңыздар

Барлығы: 695 аңыз

Тағы оқыңыз