Мазмұнға өту
Мақала жариялау
Axiomus олимпиадасы·математика мен физика, 3–11 сынып·нәтиже 20 минутта, дипломда жетекші мұғалімнің аты Математика, физика олимпиадасы·3–11 сынып Қатысу

Анашым - қуанышым

Ельмуратова Нуржамал
3 мин оқу 629 оқылым

Ельмуратова Нуржамал

Тәрбиеші:Қош келдіңіздер құрметті аналар, әжелер, әріптестер! 8-наурыз халықаралық әйелдер күні құтты болсын! Сіздерге әрқашан сыр бермес денсаулық, өмірдің шапағатын тілейміз. Бұл күні өздеріңізге бағытталған тілектер періштенің құлағына шалынсын. Әрдайым мейірім шуағын шашып жүре беріңіздер. «Балапан» тобының « Анашым - қуанышым» атты ертеңгілігін бастауға рұқсат етіңіздер.

( Балалар әуенмен залға кіріп тұрады )

Тәрбиеші:   Ана деген өмірдегі ұлы есім,

Бақ тілесе анадай-ақ тілесін.

Ана деген ардақты ат, сен оны,

Ана жайлы ән тыңдасаң білесің.

Ән: «А весной»

Тәрбиеші: Қане, балалар, аналарға арналған тақпақтарымызды айтайық.

Еркежан:      Ақ анашым, аппағым,

Өзің жайлы тақпағым.

Өзің жайлы әнім де,

Арнадым саған бәрін де.

Гүлім:          Ана біздің күніміз,

Ананың біз гүліміз.

Балаларды қуантып,

Ұзақ өмір сүріңіз.

Хамза:           Анашым, анам,

Келгенше шамам.

Үмітіңді ақтап,

Азамат болам.

Айзере:         Анашым, анам,

Ризамын саған.

Тіліңді алам,

Ақылды болам.

Әр сөзімді жаттаған,

Жүрегімде сақтаған,

Анашым деп мақтанам,

Айналайын ақ анам!

Тәрбиеші:  Балалар, тыңдаңдаршы, күннің күркіреген дауысы естіледі.  ( звук грома и дождя )

Бұл көктемнің алғашқы жаңбыры ғой, бізге қонаққа асығып келе жатқан. Қонағымызды қол соғып қарсы алайық!

( әуенмен залға Жаңбыр кіреді )

Жаңбыр: Алақай! Бұл мен, Жаңбырмын! Армысыздар аналар, әжелер, қонақтар! Саламатсыңдар ма, балалар!

Тәрбиеші:  Сәлеметсің бе, Жаңбыр! Көктемде сенің жұмысың көп болса да, уақыт тауып біздің мерекемізге келгеніңе өте қуаныштымыз.

Жаңбыр: Ия, мен қыс мезгілінде аппақ қар болдым, ал көктем келісімен жылы жаңбырға айналдым. Қысты күні балаларға көп қуанышты күндер сыйлаймын, ал көктемде жер жүзін суарып, гүл бағына айналдырамын! Балалар, мен сендермен бірге ойын-сауық құрғалы келдім. Мен өте ойыншылмын. Әсіресе билегенді қатты ұнатамын.

Тәрбиеші:  Олай болса біздің тамшылармен бірге би биле.

Аналар ақ тілекті, сөз көп дейін,

Жылытар  жүрегіңді  көз көп дейін.

Аналар ақ жаулықты бұл сіздерге,

Қол соғып қарсы алайық қыздар биін.

«Бұлттар биі»

Жаңбыр: Тамаша! Маған бұл би қатты ұнады. Балалар, менімен ойнағыларың келе ме? Ендеше, шыға қойыңдар.

Ойын: «Күн мен жаңбыр»

Ойын:  «Күн мен бұлт»

Жаңбыр: Ой, балалар, сендермен ойнап жүріп әжемді құттықтауды ұмытып кетіппін ғой!

Тәрбиеші: Жаңбыр, сенің әжең қайда тұрады?

Жаңбыр: Ол ертегілер елінде тұрады. Сендердің менімен бірге барғыларың келе ме?

Барлығы: Әрине!

Жаңбыр: Олай болса бәріміз поезға отырып, жолға шығайық.

(  Балалар «Паровоз» әуеніне залды бір айналып орындарына отырады. Ортаға үйшік қойылады, Әже шығады )

Тәрбиеші: Сәлеметсіз бе, Әже!

Жаңбыр:  Әжетай! Мен сізді мерекеңізбен құттықтайын деп асығып келдім. Өзіммен бірге балаларды да ерте келдім.

Әже: Амансыңдар ма, құлындарым. Сендерді қатты сағынып жүр едім, келгендерің қандай жақсы болды.

Жаңбыр:  Бүгін менің әжем ерекше әдемі болып кетіпті.

Тәрбиеші: Әрине, өйткені әжелер мейірімді, сұлу, асыл жандар. Қазір біздің балалар әжелерге арнап тақпақтар айтып береді.

Алихан:   Аналарды сүйеміз,

Сөзін ойға түйеміз.

Әжені де ардақтап,

Әдеппен бас иеміз.

Севинч.     Өмірдің қызығы,

Өзіңсіз өтпейді.

                  Мен үшін әжеме,

                  Ешкімде жетпейді.

Малика       Әже – біздің күніміз,

Әженің біз гүліміз.

Балаларды қүантып,

Аман-есен жүріңіз.

Тәрбиеші:  Ал енді, әжелерімізге би билеп берейік!

                         Ән-би: «Бабушка»

Әже: Рахмет сендерге боталарым! Өнерлі екенсіңдер. Тақпақ айтып, би билеп, менің көңілімді көтердіңдер. Сендердің қарындарың ашқан шығар, ал менің бәліштерім болса әлі дайын емес. Енді не істесем екен?

Жаңбыр:  Әжетай, сүт бар болса, балаларға тез ботқа пісіріп берейік.

Тәрбиеші:  Ал, біздің жігіттеріміз сіздерге көмек береді!

                         Би: «Варись кашка»

                         Ойын  «Гүл жинау»

Тәрбиеші:  Әжетай, біз енді балабақшаға қайтайық.

Әже:  Осылай жиі қонаққа келіп тұрыңдар. Жолдарың

болсын!

Тәрбиеші:  Құрметті біздің сұлу да сымбатты аналарымыз, әжелеріміз.  Біздің кішкентай ғана бүлдіршіндеріміздің сіздерге арнап жасаған сыйлығын қабыл алыңыздар!

Жүргізуші:  Құрметті қонақтар  «Балапан» тобының   аналарға,  әжелерге арналған ертеңгіліг осымен аяқталды. Сіздерді бүгінгі мерекелеріңізбен құттықтай отырып, сөз кезегін балабақша меңгерушісі Дәрменова Жұлдыз Аманжолқызына  береміз.

Материал пайдалы болды ма? Бөлісіңіз

WhatsApp Telegram

Мақала құжаттары

Журнал, мақала және жарияланғаны туралы анықтама — бөлек PDF файлдар

Автор

Ельмуратова Нуржамал

Пікірлер

Пікір қалдыру үшін аккаунтқа кіріңіз

Әзірге пікір жоқ — алғашқы болыңыз.

Авторларға

Сіз де өз мақалаңызбен бөлісіңіз

Мақалаңызды жариялап, сертификат пен журналды бірден алыңыз. Жарияланым Google мен Yandex-те табылады.

  • Сертификат (QR-коды бар)
  • Google, Yandex жүйелерінде шығады
  • Журналға шығады (онлайн)
  • Анықтама, журнал
  • Жеке кабинетте құжаттар сақталады
  • Мақалаға тұрақты сілтеме

2015 жылдан бері · ресми тіркелген журнал

Мақала жариялау

Осы тақырыптағы материалдар

Балабақша

Күз туралы тақпақтар

4–6 жастағы балаларға арналған күз туралы 30 қысқа тақпақ: табиғат, жеміс-жидек және «Алтын күз» ертеңгілігіне жаттауға жеңіл төртжолдық өлеңдер.

Bilimger Media 5 мин 296 оқылым
Балабақша

Тәрбиеші – бала жүрегіне жол табатын жан

Балабақша тәрбиешісінің бала жүрегіне жол тауып, мейірім мен адамгершілік қасиеттерін қалыптастырудағы маңызды рөлі туралы мәтін.

Садыкова Насихат Баиндыевна 1 мин 15 оқылым
Балабақша

Мектепке дейінгі ұйымдарда инклюзивті білім беруді ұйымдастыру: ерекше білім беру қажеттілігі бар балалармен жұмыс жүргізудің тиімді әдістері.

Қарағанды облысы Қарқаралы ауданы Егіндібұлақ ауылы "Айгөлек" бөбекжайы Тәрбиеші Аннотация Мақалада мектепке дейінгі ұйымдарда инклюзивті білім беруді ұйымдастырудың маңызы, негізгі қағидалары және ерекше білім беру…

Едильбаева Тойжан Батырбековна 10 мин 94 оқылым
Балабақша

Балабақшада балалардың сөйлеу тілін дамыту

«Жауқазын»бөбекжай-бақшасы МКҚК-нің тәрбиешісі Ақтөбе облысы,Шалқар ауданы,Тоғыз станциясы Мақалада мектепке дейінгі жастағы балалардың сөйлеу тілін дамыту мәселесі қарастырылады. Баланың сөздік қорын байыту,…

Садықова Маржанкүл Баянқұлқызы 2 мин 82 оқылым