Мазмұнға өту
Мақала жариялау
Axiomus олимпиадасы·математика мен физика, 3–11 сынып·нәтиже 20 минутта, дипломда жетекші мұғалімнің аты Математика, физика олимпиадасы·3–11 сынып Қатысу

Ана тілім - ардағым

Мерекеева Аяулым Бақытбекқызы
2 мин оқу 255 оқылым

Автор: Мерекеева Аяулым Бақытбекқызы

Ана тілім — ардағым
Ана тілі- әр халықтың жаны, рухани өзегі. Тіл- адамзатқа берілген ерекше сый. Ол- ата-бабамыздың аманаты, болашақ ұрпақтың байлығы. «Ана тілім ардағым» деген сөз - жай ғана ұран емес, бұл жүректің тереңінен шығатын шынайы сезім, тілге деген махаббаттың көрінісі.
Қазақ тілі- ұлы даланың үніндей, тарихтың тереңінен жеткен асыл қазына. Ол арқылы біз өз болмысымызды, салт-дәстүрімізді, ата-бабамыздың өмір салтын танимыз. Ана тілімізде айтылған әрбір мақал-мәтел, жыр мен терме- жылдар брйы жиналып, қалыптасқан халқымыздың даналығының дәлелі. Ұлы Абай, Мағжан Жұмабаев, Мұхтар Әуезов сынды алыптарымыздың шығармалары қазақ тілінің көркемділігін паш етеді.
Қазіргі жаһандану заманында көптеген ұлттар өз тілін жоғалтып, мәдениетінен ажырап жатыр. Мұндай жағдайда ана тілімізді көздің қарашығындай сақтап, қастерлеу - әрбір қазақ азаматының борышы. “Тілі өлген ел- тірі өлген ел” дейді ғой. Тіл жоғалса, ұлт та жоғалады. Сондықтан біз қазақ тілін тек отбасыда ғана емес, білім беру жүйесінде, мемлекеттік мекемелерде, ғылым мен техника саласында да кеңінен қолдануымыз керек.
Ана тілім - ардағым,
Ана тілім- зор бағым,
Өзіңнен күш аламын,
Өзіңде тұр бар бағым.
Ана тілім анамсың,
Өзің ғана панамсың,
Сенде өніп, өскен соң,
Ардақ тұтар жанымсың.
Ана тілім- Отаным,
Атпайды сенсіз бар таңым,
Қамқоршым өзің болған соң,
Жайнап тұр барлық жан-жағым.
Ана тілім сенсің ғой
Әлемге мені танытқан,
Мақтан етемін өзіңді
Ой санамды дамытқан.
Ана тілім- ардағым,
Ана тілім - зор бағым,
Зор бақытты қастерлеп,
Жүр ғой, міне, ұрпағың!
Мемлекеттік тіл мәртебесіне ие болғанымен, қазақ тілі әлі де толыққанды қолданысқа еңбей отыр. Бұл - ойланарлық жайт. Біз, жастар, өз тілімізді мақтанышпен сөйлеп, насихаттап, оның болашағы үшін аянбай еңбек етуіміз керек!
Ана тілім — менің үнім, менің жүрегім. Ол — менің болмысым. Тілімді құрметтеу — өзімді, ұлтымды құрметтеу. Сондықтан да әр қазақтың жүрегінде «Ана тілім — ардағым» деген сезім мәңгілік сақталуы тиіс.

Материал пайдалы болды ма? Бөлісіңіз

WhatsApp Telegram

Мақала құжаттары

Журнал, мақала және жарияланғаны туралы анықтама — бөлек PDF файлдар

Автор

Мерекеева Аяулым Бақытбекқызы

Пікірлер

Пікір қалдыру үшін аккаунтқа кіріңіз

Әзірге пікір жоқ — алғашқы болыңыз.

Авторларға

Сіз де өз мақалаңызбен бөлісіңіз

Мақалаңызды жариялап, сертификат пен журналды бірден алыңыз. Жарияланым Google мен Yandex-те табылады.

  • Сертификат (QR-коды бар)
  • Google, Yandex жүйелерінде шығады
  • Журналға шығады (онлайн)
  • Анықтама, журнал
  • Жеке кабинетте құжаттар сақталады
  • Мақалаға тұрақты сілтеме

2015 жылдан бері · ресми тіркелген журнал

Мақала жариялау

Осы тақырыптағы материалдар

Жалпы рубрика

1 қазан – Қарттар күніне арналған «Қарттарым – асыл қазынам» тәрбие сағаты

1 қазан – Қарттар күні: «Қарттарым – асыл қазынам» тәрбие сағаты Қарттар күні тәрбие сағаты оқушыларды үлкенді сыйлауға, ата-әжеге қамқор болуға және ұрпақтар сабақтастығын қадірлеуге баулиды. Төмендегі «Қарттарым – асыл…

Bilimger Media 7 мин 41 оқылым
Жалпы рубрика

Ұстаздарға құттықтау сөздер: әдемі тілектер мен жылы лебіздер

Ұстаздарға құттықтау сөздер Ұстаздарға құттықтау сөздер іздегенде, жүрекжарды әрі нақты лебіз таңдаған жөн. Ұстаз – білім беріп қана қоймай, шәкіртінің болашағына бағыт көрсететін ардақты жан. Мұғалімнің білімі, ақылы…

Bilimger Media 6 мин 143 оқылым
Жалпы рубрика

Мұғалімге тілек

Құрметті ұстаз! Сізге зор денсаулық, ұзақ ғұмыр, отбасыңызға амандық және еңбегіңізге толағай табыс тілейміз. Шәкірт тәрбиелеудегі қажырлы еңбегіңіз әрдайым жоғары бағаланып, оқушыларыңыздың жетістігі сізге қуаныш…

Bilimger Media 2 мин 52 оқылым