Мазмұнға өту
Мақала жариялау
Axiomus олимпиадасы·математика мен физика, 3–11 сынып·нәтиже 20 минутта, дипломда жетекші мұғалімнің аты Математика, физика олимпиадасы·3–11 сынып Қатысу

Ампер күші. Электрқозғалтқыштың әрекет принципі

Жасыбаева Салтанат Асқарқызы
3 мин оқу 743 оқылым
Күні/Дата/Date                                                                                                                     Топ/Группа/Group Директордың ОІЖ орынбасары                                                                                                    
Сабақ тақырыбы Ампер күші. Электрқозғалтқыштың әрекет принципі
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары  10.4.1.2 – сол қол ережесін қолдануды және зарядталған бөлшектердің қозғалысы мен  тогы бар өткізгішке магнит өрісінің әсерін сипаттау
Сабақ мақсаттары Ампер күші мен Лоренц күші туралы ақпарат ала отырып, Флеминг ережесін қолданып екі күштің бағытын анықтау
Жетістік критерийлері ü  Ампер күшін сол қол ережесін қолдана отырып, анықтай алады

ü  Лоренц күшін сол қол ережесін қолданып, анықтай алады

ü  Ампер күші мен Лоренц күшін қолданып, есептер шығарады

Тілдік мақсаттар Оқушылар өздерінің түсініктерін көрсететін жаңа сөздерді пайдаланулары керек. Олар терминдерді түсіну және қолдану керек.

Арнайы пәндік лексика мен терминология:

Қазақша Орысша Ағылшынша
Магнит өрісі Магнитное поле A magneticfield
Магнит ағыны Магнитный поток Magneticflux
Магнит ағыны тығыздығы Плотность магнитного потока Magneticfluxdensity
Магнит индукция сызығы Линии магнитной индукции Linesofmagneticinduction
Магнит индукция векторы Вектор магнитной индукции the magnetic induction vector
Сол қол ережесі Правило левой руки Rule of the left hand
Ампер күші

Лоренц күші

Сила Ампера

Сила Лоренца

AmpereForce

Lorentz Force

Құндылықтарды дарыту Қоғамның дамуы үшін физиканың маңыздылығын түсіну.

Физикалық білім жүйесін саналы түрде игеру логикалық ойлаудың, жадының, назар аударудың, елестетудің, ойлау қабілеттерінің, икемділік пен дарынның дамуына ықпал етеді.

Қалыптастырушы бағалау кезінде оқушылар академиялық әділдікті сақтайды.

Пәнаралық

байланыстар

Математика, техника, өмірмен байланыс
АКТ қолдану дағдылары Есептер мысалын АКТ көмегімен ұсыну, twig-bilim.kz
Сабақ барысы
Сабақтың жоспарланған кезеңдері Сабақтағыжоспарланғаніс-әрекет Ресурстар
І. Ұйымдастыру

Қолайлы атмосфералық орта қалыптастыру

1.Оқушылармен амандасу

2.Оқушыларды түгендеу

3.Сыныптың сабаққа даярлығы

Бүгінгі сабағымыздың тақырыбы:

Ампер күші. Электрқозғалтқыштың әрекет принципі

Сол қол ережесін қолдануды және зарядталған бөлшектердің қозғалысы мен  тогы бар өткізгішке магнит өрісінің әсерін сипаттау

Демонстрацилық тәжірибе көрсету
Эрстед тәжірибесі Ампер тәжірибесі  

Көрсетілген тәжірибе бойынша нені бақылады және болған құбылысты неліктен болып жатқанын түсіндіреді.

Қорыта келе:

Кез келген тогы бар өткізгіштің айналасында магнит өрісі болады

Магнит өрісінде тогы бар өткізгіштер өзара әсерлеседі.

Егер екі өткізгіштегі ток бір бағытта өтетін болса, тартылады, ал карама-қарсы өтсе тебіледі.

Оқушылар жаңа ақпаратпен танысады

Магнит индукциясы өткізгішке перпендикуляр болғанда күш ең үлкен мәніне жетеді. Бұл күш тізбектегі ток күшіне және өткізгіштің ұзындығына тура пропорционал болады. Осы күштің ток күші мен өткізгіштің ұзындығының көбейтіндісіне қатынасы магнит өрісін сипаттайды.

Ампер күші сол қол ережесі арқылы анықталады.

Егер сол қолымыздың алақанын N полюсінен шығатын  магнит өрісінің күш сызықтары тесіп өтетіндей орналастырсақ, төрт саусақ өткізгіштегі токтың бағытын көрсетеді, ал 90 0 бұрылған бас бармақ өткізгішке әсер ететін Ампер күшінің бағытын көрсетеді.

Лоренц күші

Қозғалыстағы зарядталған бөлшектерге магнит өрісі тарапынан әсер ететін күш Лоренц күші деп аталады, ол зат құрлысының электрондық теориясының негізін салған Голландияның физигі Х. Лоренцтің құрметіне осылай аталған. Олкүш Ампер күшініңкөмегіменанықталады.

Лоренц күші бөлшектің жылдамдығына перпендикуляр болғандықтан ол жұмыс атқармайды. Ол күш бөлшектің жылдамдығының модулін өзгертпейді, тек жылдамдығының бағытын өзгертеді.

1-тапсырма

Төмендегі сөйлемдердің   дұрыс не  қате (Д/Қ) екенін ажыратыңыз

o   Магнит индукциясы өткізгішке перпендикуляр болғанда оған әсер ететін күш ең аз мәнге ие

o   Магнит кез келген металды өзіне тартады

o   Магнит өрісі индукциясына параллель орналасқан өткізгішке күш әсер етпейді

o   Магнит өрісі солтүстік полюстен басталып, оңтүстік полюсте бітеді

o   Зарядталғандене магнит өрісінде шеңбер бойымен қозғалады

2-тапсырма.

1.      Магнит индукциясы 20мТл біртекті магнит өрісіне перпендикуляр орналасқа, ұзындығы 0,5см түзу өткізгіш арқылы 1 А ток өткенде, оған әсер етуші күшті анықтаңдар

2.      Индукциясы 0,5Тл-ға тең магнит өрісінде 2*104км/с жылдамдықпен индукция сызықтарына перпендикуляр қозғалып келе жатқан протонға әсер ететін күшті анықтаңдар

3.      Индукциясы 56,4мТл магнит өрісінде электрон 20Мм/с жылдамдықпен қозғалады. Оның айналып ұшу орбитасының радиусы нешеге тең?

Сабақтың соң

Сабақ соңындар оқушылар кері байланыс береді.

Стикерге сабақ бойынша

нені жақсыжәне қандай сұрақ

туандағанын жазады

Үй тапсырмасы:     Білімланд бойынша оқу (магнит өрісі бөлімі бойынша)

Материал пайдалы болды ма? Бөлісіңіз

WhatsApp Telegram

Мақала құжаттары

Журнал, мақала және жарияланғаны туралы анықтама — бөлек PDF файлдар

Осы материал бойынша

AI Көмекші 30 секундта дайындайды — жауап кілті мен PDF бірге.

Автор

Жасыбаева Салтанат Асқарқызы

Пікірлер

Пікір қалдыру үшін аккаунтқа кіріңіз

Әзірге пікір жоқ — алғашқы болыңыз.

Авторларға

Сіз де өз мақалаңызбен бөлісіңіз

Мақалаңызды жариялап, сертификат пен журналды бірден алыңыз. Жарияланым Google мен Yandex-те табылады.

  • Сертификат (QR-коды бар)
  • Google, Yandex жүйелерінде шығады
  • Журналға шығады (онлайн)
  • Анықтама, журнал
  • Жеке кабинетте құжаттар сақталады
  • Мақалаға тұрақты сілтеме

2015 жылдан бері · ресми тіркелген журнал

Мақала жариялау

Осы тақырыптағы материалдар

Физика

7-9 сыныптарда физиканы оқыту үдерісін ЖИ көмегімен дербестендіру және визуализациялау жолдары

Мақалада 7-9 сыныптарда физиканы жасанды интеллект көмегімен дербестендіру және визуализациялау жолдары қарастырылады. ChatGPT, Gemini, Foxar және Curipod платформаларын қолдану әдістері ұсынылған.

Айдана Мопық 10 мин 18 оқылым
Физика

Физика сабағында жасанды интеллектті қолдану арқылы есеп шығаруды оқыту және дифференциалды тапсырмалар құрастыру

Мақалада жасанды интеллект көмегімен физика есептерін қадамдап шығару және оқушылардың білім деңгейіне сай дифференциалды тапсырмалар құрастыру жолдары қарастырылады.

Bilimger Media 2 мин 230 оқылым
Физика

Физика пәнін оқытуда STEAM тәсілінің тиімділігі

Физика пәні мұғалімі Аннотация Бұл мақалада физика пәнін оқыту үдерісіне STEAM (Science, Technology, Engineering, Art, Mathematics) тәсілін кіріктірудің педагогикалық тиімділігі ғылыми-академиялық тұрғыдан талданады.…

Серикбаева Гулдана Байтемирқизы 12 мин 236 оқылым
Физика

Физика пәнін жасанды интеллект арқылы оқыту

ШҚО Ұлан ауданы Тайынты ауылы "М. Таенов атындағы негізгі мектебі" КММ физика пәні мұғалімі Кіріспе Бүгінгі таңда білім беру саласы қарқынды дамып, жаңа технологиялар мен әдістер енгізілуде. Әсіресе, жасанды интеллект…

Табыс Тілеубек 2 мин 269 оқылым