Мазмұнға өту
Мақала жариялау
Axiomus олимпиадасы·математика мен физика, 3–11 сынып·нәтиже 20 минутта, дипломда жетекші мұғалімнің аты Математика, физика олимпиадасы·3–11 сынып Қатысу
Жаңалықтар Жаңалық

«AMANAT»: ДЕПУТАТ БІРҚАТАР МӘСЕЛЕЛЕРГЕ НАЗАР САЛДЫ

АЙМАН АРТЫҚБАЙ
1 мин оқу 20 оқылым

• «AMANAT»: ДЕПУТАТ БІРҚАТАР МӘСЕЛЕЛЕРГЕ НАЗАР САЛДЫ

Отырар ауданы түйе өсіруден оңтүстіктегі аумақтардың алдыңғы қатарында. Қазіргі таңда аталған өлкеде 11 мыңнан астам Ойсылқара түлігі бар. ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Қайнар Абасовтың облыстағы сапары Отырар ауданында жалғасып, Шілік ауылында орналасқан «Гүлмайра» ЖШС шұбат өндіру цехының жұмысымен танысты. Цех директоры О.Мұстафин бүгінде түйе өсіруден мол табысқа кенелген кәсіпкерлердің бірі. Ол Отырардың табиғаты түйе өсіруге өте қолайлы екенін айта келе:

- Осыдан бірнеше жыл бұрын Шілікте түйе өсірушілер санаулы еді. Қазір жергілікті тұрғындар да қолда бірең-сараң түйе ұстауда. Олар ауыл-аймақтағы той-жиындарда қымыран өткізіп өз несібелеріне қол жеткізіп отыр. Мұның өзі қуантарлық жайт. Ал, біздің цехтің өнімдері арнайы қалбырға құйылып, ірі сауда орындарының сөрелерінде сатылымда. Ұжымда жергілікті тұрғындар сауыншы болып жұмыс істейді. Жұмыссыздықтың деңгейін төмендетуге ықпал етіп келеміз, - дейді.

«AMANAT» партиясы Фракциясының мүшесі Қайнар Бегалыұлы мұнан соң Қарақоңыр елді мекенінде тұрғындармен жүздесіп, талап-тілектерін тыңдады. Кездесу барысында азаматтар көгілдір отын мәселесі, субсидиия алу, әйелдердің зейнеткерлік жасын қысқарту, ауыл іргесіндегі жайылым жерлерді қайтаруға байланысты мәселелерді қозғады. Қарақоңырлықтардың проблемаларын мұқият тыңдаған мәжілісмен арыз-шағымдарды топтастырып, депутаттық сауал ретінде жолдайтындығын жеткізді.

Сонымен қатар, Қ.Абасов партияның Арыс қалалық филиалының қоғамдық қабылдау бөлмесінде азаматтардың арыз-шағымдарын тыңдады. Онда Жиделі ауылының тұрғындары суару жүйелерінің тозығы жеткендігін, денсаулық сақтау қызметтерінің сапасы нашарлығын айтып шағымданды. Ал, Байырқұм ауылының тұрғындары ауыл шаруашылығындағы проблемалар, шаруаларға берілетін субсидиялар және несиелер жөніндегі мәселелерге алаңдаулы. Депутат азаматтар атаған бірде-бір мәселе назардан тыс қалмайтындығын және жеке бақылауында болатынын жеткізді.

«AMANAT» партиясы Түркістан облыстық филиалының баспасөз қызметІ

Материал пайдалы болды ма? Бөлісіңіз

WhatsApp Telegram

Автор

АЙМАН АРТЫҚБАЙ

Пікірлер

Пікір қалдыру үшін аккаунтқа кіріңіз

Әзірге пікір жоқ — алғашқы болыңыз.

Авторларға

Сіз де өз мақалаңызбен бөлісіңіз

Мақалаңызды жариялап, сертификат пен журналды бірден алыңыз. Жарияланым Google мен Yandex-те табылады.

  • Сертификат (QR-коды бар)
  • Google, Yandex жүйелерінде шығады
  • Журналға шығады (онлайн)
  • Анықтама, журнал
  • Жеке кабинетте құжаттар сақталады
  • Мақалаға тұрақты сілтеме

2015 жылдан бері · ресми тіркелген журнал

Мақала жариялау

Осы тақырыптағы материалдар

Жаңалықтар

1 тоқсан қашан бітеді? 2026 жылғы күзгі каникул күндері

1 тоқсан қашан бітеді? Бұл сұрақ 2026 жылдың қазан айында оқушылар мен ата-аналар үшін өзекті болып отыр. Қазақстанда 2026–2027 оқу жылындағы бірінші тоқсанның аяқталу мерзімі мен күзгі каникул күндері ресми түрде…

Bilimger Media 4 мин 451 оқылым
Жаңалықтар

Қазақстанда алғашқы қар: 6 қазанда қай өңірлерде жауады?

2026 жылғы 6 қазанда Қазақстанның бірнеше өңірінде қар аралас жаңбыр, көктайғақ және үсік күтіледі. Қазгидрометтің болжамы бойынша өңірлердегі ауа райы мен қауіпсіздік шараларын біліңіз.

Bilimger Media 5 мин 17 оқылым
Жаңалықтар

Ерлан Қариннің өмірбаяны: мұғалімдіктен Қазақстанның вице-президентіне дейін

Ерлан Қариннің туған жері, білімі мен еңбек жолы туралы. Материалда мұғалімдіктен мемлекеттік қызметке дейінгі мансабы және вице-президент болып тағайындалуы баяндалады.

Bilimger Media 7 мин 208 оқылым