Мазмұнға өту

Алматыда кедергісіз орта құруға жастар қатыса алады

Ашамай 2 мин оқу 36 оқылым

Қалалардағы кедергісіз орта проблемалары қазіргі қоғамның ең өзекті мәселелерінің бірі. Шағын шаһарларды айтпағанда ірі қалаларда қажет инфрақұрылымның жетіспеушілігі, тұрғын үй жабдықтары мен қоғамдық орындардың қолжетімсіздігі көптеген адамға, әсіресе, мүмкіндігі шектеулі және егде тартқан азаматтарға үлкен қиындықтар туғызады. Жүріп-тұру қиындығы қоғамдық өмірге толыққанды қатысу мүмкіндігін шектейді, бұл өз кезегінде әлеуметтік теңсіздіктердің артуына әкеледі.

Қазіргі кезде Алматы қаласында 60 мыңнан аса азаматтың мүгедектігі бар.

 Кедергісіз орта – физикалық мүмкіндіктеріне қарамастан барлық адамға қалалық инфрақұрылымды оңай пайдаланып, қалалық ортада емін-еркін жүріп-тұруына жағдай жасауға бағытталған тұжырымдама. Демек, кедергісі орта бордюр, баспалдақ сияқты кедергілерді азайтып, пандус, лифт, тактильді белгілер және инклюзивті кеңістік секілді ыңғайлы шешімдерді құруду қамтиды.

Алматы қаласында осы проблемаларды шешуге атсалысу үшін Алматы қаласын дамыту орталығы, «Алматыбасжоспар» ҒЗИ және Қазақ бас сәулет-құрылыс академиясы бірлесіп, жастар арасында DESIGN REVIEW 2024 байқауын жариялады.

«Қалаларымыздың кедергісіз орта арқылы әркім үшін ыңғайлы әрі қауіпсіз болуы — барша қоғамның міндеті. Осы байқау арқылы біз талантты жастарды тартып, оларға арнайы шеберлік сабақтарын өткізіп, қаламызда әбден іске асыруға болатын дайын жобаларды жинағымыз келеді», - деді «Алматыбасжоспар» ҒЗИ  жобасының бас сәулетшісі Қалби Қошқарбаева.

DESIGN REVIEW 2024 байқауына қатысу жас сәулетшілер мен дизайнерлерге көпқабатты үйлерде мүмкіндігі шектеулі адамдарға инклюзив ортаны құруға мүмкіндік береді. Байқау нысаны ретінде кеңес одағы дәуірінен қалған, поскеңестік кезеңдегі лифті жоқ үйлер алынып отыр. Үздік жобаларға қаржылай жүлде қарастырылған.

Байқау мақсаты – ескі үйлерде мүмкіндігі шектеулі тұрғындардың қажеттіліктерін ескеретін неғұрлым жайлы қалалық кеңістік құру, тұрғындардың жүріп-тұруын жеңілдету бойынша жоба әзірлеу.

Жүлде қоры: 600 000 теңге.

Қалалық байқау 2024 жылғы 30 қазаннан 30 қараша аралығында өтеді. Жеңімпаздарды марапаттау – 30 қараша.  Байқауға студенттер, 25 жасқа дейінгі дизайнерлер, ландшафт сәулетшілері және жас мамандар қатыса алады.

DESIGN REVIEW 2024 байқауы аясында 7-15 қараша аралығында бірнеше шеберлік сабақ өтеді:

Шеберлік сабақтардың тақырыбы қалалық кеңістікті зерттеу әдістері, дизайн-жобаларды құру және жобаны таныстыра алу дағдыларын игеруді қамтиды.

Жұмыстар 28 қарашаға дейін қабылданады. Жұмыстарды таныстыру: 29-30 қараша.

Жүлделер:

* 1-орын — 300 мың теңге.

* 2-орын — 200 мың теңге.

* 3-орын — 100 мың теңге.

Үздік жұмыстар әлеуметтік қызметтер мен бизнестің нормативтік актілерінде іске асыруға ұсынылады. Байқаудың шарты мен толық мәліметті ережеден біле аласыз. Қалалық инфрақұрылымды дамытуға үлес қосу мүмкіндігін өткізіп алмаңыз!

Ұйымдастырушылар: «Алматы қаласын дамыту орталығы» АҚ, «Алматыбасжоспар» ҒЗИ және ҚазБСҚА.

Тіркелу:  2024 жылдың 6 қарашасына дейін  жалғасады: https://clck.ru/3EG77E

Толық ақпарат https://almatydc.kz/ сайтында.

Материал пайдалы болды ма? Бөлісіңіз

WhatsApp

Автор

Ашамай

Автордың басқа материалдары

Жалпы рубрика

Развитие дорожно-транспортной системы Алматинской агломерации

Для большого города его агломерация с областью — это неотъемлемая часть, образующая единое целое, наполненное жизнью и динамикой. У города и области общие трассы и дороги, которые образуют транспортные артерии для…

Ашамай 25 оқылым 4 мин
Жалпы рубрика

Референдум барынша ашық өтті - сарапшы

6 қазанда Қазақстанда атом электр станциясын (АЭС) салу мәселесіне қатысты референдум өтті. «Ел Дауысы» қоғамдық қорының жетекшісі Аида Джексенованың айтуынша референдум барынша ашық әрі әділ өткен. Қоғамдық қор…

Ашамай 23 оқылым 2 мин

Осы тақырыптағы материалдар

Жалпы рубрика

Тәрбиешілерге және мұғалімдерге арналған тегін көрнекіліктер: дайын материалдарды Telegram-нан жүктеп алыңыз

Сабаққа сапалы көрнекілік дайындау мұғалімнің көп уақытын алады. Әдемі безендіру, қажетті суреттерді іздеу, мәтінді орналастыру, басып шығаруға ыңғайлы формат жасау — мұның бәріне бірнеше сағат кетуі мүмкін. Енді…

Bilimger Media 57 оқылым 2 мин
Жалпы рубрика

Баламен жұмыс – жүрекпен атқарылатын үлкен еңбек

Балабақша – баланың алғашқы білім алып, қоршаған ортамен танысып, достық пен мейірімділікті үйренетін ерекше орта. Ал осы ортада тәрбиешінің орны ерекше. Баламен жұмыс істеу – тек сабақ өткізу емес. Ол – әр баланың…

Шәмшиева Мария Әділбекқызы 52 оқылым 1 мин
Жалпы рубрика

1 Қыркүйек - Білім күніне арналған тақпақтар

Ыбырай Алтынсарин – Кел, балалар, оқылық! Бір Аллаға сыйынып, Кел, балалар, оқылық, Оқығанды көңілге Ықыласпен тоқылық! Істің болар қайыры Бастасаңыз Аллалап, Оқымаған жүреді Қараңғыны қармалап. Кел, балалар, оқылық,…

Bilimger Media 102 оқылым 8 мин
Жалпы рубрика

1 қыркүйек - Білім күні сценарий

«Қош келдің, білім ордасы!» 1 қыркүйек – Білім күніне арналған салтанатты жиын сценарийі Мақсаты: Оқушыларға Білім күнінің маңызын түсіндіру, жаңа оқу жылына жақсы көңіл күй сыйлау, бірінші сынып оқушыларын мектеп…

Bilimger Media 83 оқылым 4 мин