Мазмұнға өту
Мақала жариялау
Axiomus олимпиадасы·математика мен физика, 3–11 сынып·нәтиже 20 минутта, дипломда жетекші мұғалімнің аты Математика, физика олимпиадасы·3–11 сынып Қатысу

Алматыда BRT бірінші учаскесінің жобасы мемлекеттік сараптамадан өтті

Aliya
1 мин оқу 28 оқылым

«Алматыбасжоспар» ғылыми-зерттеу институты Райымбек даңғылы бойымен жүрдек автобус көлігіне арналған жолдың бірінші учаскесінің (BRT) жобасын іске асырудағы маңызды кезеңнің аяқталғанын хабарлады. Жоба мемлекеттік сараптамадан сәтті өтті. Ұзындығы 1,7 шақырым болатын бірінші учаске Пушкин көшесінен Сейфуллин даңғылына дейінгі бөлікті қамтиды. Қазіргі кезде құрылыс-монтаждау жұмыстарын (ҚМЖ) жүргізуге конкурстық рәсімдерді өткізуге дайындық жүріп жатыр.

«Бұл жоба қала көшелерінде кептелісті азайтуға және қоғамдық көліктің сапасын арттыруға бағытталған көлік инфрақұрылымын жақсарту стратегиясының бір бөлігі. Райымбек даңғылындағы BRT жобасын іске асыру Алматы тұрғындары мен қонақтары үшін жылдам әрі ыңғайлы қоғамдық көлік жүрісін жақсарту үшін қолға алынып отыр», – деп атап өтті «Алматыбасжоспар» ҒЗИ бас директоры Асхат Садуов.

Еске салсақ, BRT жолы Алтын орда көшесінен Жетісу көшесіне дейінгі аралықты қамтитытн болады. Жалпы ұзындығы – 17 км. Райымбек даңғылының Ахрименко көшесінен Пушкин көшесіне дейінгі 1 кезеңін салу  2024 жылы басталады.

Бұл кезең  2 кезекке бөлінген:

1-кезек – Пушкин көшесінен Сейфуллин даңғылына дейін.

2-кезек – Сейфулин даңғылынан Ахрименко көшесіне дейін.

2 кезең – Ахрименко көшесінен «Барлық» базарына дейін (2025-2026 жылдары).

 «BRT – қоғамдық көлікке арналған арнайы линиялар. Бұл қаланың едәуір бөлігін қамтитын, қаланың қажетті нүктесіне тез және ыңғайлы жетуге мүмкіндік беретін жедел транзиттік дәліз жүйесі. Ыңғайлы маршруттар және қаланың шалғай аудандарына қосылу мүмкіндігі жасалады. Мысалы, Райымбек даңғылында BRT құру жобасын іске асыру кезінде бөлінген жолақтардың ұзындығы «Алтын Орда» көлік-трансплантациялау торабын қоса алғанда, өседі. Қоғамдық көлік қозғалысының жылдамдығы 70%-ға артады», - деді «Алматыбасжоспар» ҒЗИ» ЖШС көліктік жоспарлау бөлімінің басшысы Сергей Ященко.

Жақын арада құрылыс-монтаждау жұмыстарын орындауға тендер жариялау жоспарланғане. Бұл шара ауқымды жобаны іске асыру жолындағы келесі қадам болады.

Материал пайдалы болды ма? Бөлісіңіз

WhatsApp Telegram

Мақала құжаттары

Журнал, мақала және жарияланғаны туралы анықтама — бөлек PDF файлдар

Автор

Aliya

Пікірлер

Пікір қалдыру үшін аккаунтқа кіріңіз

Әзірге пікір жоқ — алғашқы болыңыз.

Авторларға

Сіз де өз мақалаңызбен бөлісіңіз

Мақалаңызды жариялап, сертификат пен журналды бірден алыңыз. Жарияланым Google мен Yandex-те табылады.

  • Сертификат (QR-коды бар)
  • Google, Yandex жүйелерінде шығады
  • Журналға шығады (онлайн)
  • Анықтама, журнал
  • Жеке кабинетте құжаттар сақталады
  • Мақалаға тұрақты сілтеме

2015 жылдан бері · ресми тіркелген журнал

Мақала жариялау

Автордың басқа материалдары

Қазақстан тарихы

Ахмет БІРІМЖАНОВ- АЛАШ ҚАЙРАТКЕРІ

Ахмет Бірімжановтың Думадағы қызметі, қазақ халқының мүддесін қорғауы және Алашорда үкіметіндегі рөлі туралы тарихи мәлімет.

aliya 2 мин 105 оқылым

Осы тақырыптағы материалдар

Жалпы рубрика

1 қазан – Қарттар күніне арналған «Қарттарым – асыл қазынам» тәрбие сағаты

1 қазан – Қарттар күні: «Қарттарым – асыл қазынам» тәрбие сағаты Қарттар күні тәрбие сағаты оқушыларды үлкенді сыйлауға, ата-әжеге қамқор болуға және ұрпақтар сабақтастығын қадірлеуге баулиды. Төмендегі «Қарттарым – асыл…

Bilimger Media 7 мин 41 оқылым
Жалпы рубрика

Ұстаздарға құттықтау сөздер: әдемі тілектер мен жылы лебіздер

Ұстаздарға құттықтау сөздер Ұстаздарға құттықтау сөздер іздегенде, жүрекжарды әрі нақты лебіз таңдаған жөн. Ұстаз – білім беріп қана қоймай, шәкіртінің болашағына бағыт көрсететін ардақты жан. Мұғалімнің білімі, ақылы…

Bilimger Media 6 мин 146 оқылым
Жалпы рубрика

Мұғалімге тілек

Құрметті ұстаз! Сізге зор денсаулық, ұзақ ғұмыр, отбасыңызға амандық және еңбегіңізге толағай табыс тілейміз. Шәкірт тәрбиелеудегі қажырлы еңбегіңіз әрдайым жоғары бағаланып, оқушыларыңыздың жетістігі сізге қуаныш…

Bilimger Media 2 мин 59 оқылым