Мазмұнға өту
Мақала жариялау
Axiomus олимпиадасы·математика мен физика, 3–11 сынып·нәтиже 20 минутта, дипломда жетекші мұғалімнің аты Математика, физика олимпиадасы·3–11 сынып Қатысу

Әлеуметтік желінің әлеуеті.

aaimeken
1 мин оқу 36 оқылым

Айқынбай Аймекен Иран-Ғайыпқызы.

21 ғасыр технологияның дамыған заманы. Ал қолымыздағы күнделікті пайдаланатын ұялы телефон өміріміздің ажырамас бөлігіне айналғаны рас. Ұялы телефонмен кез келген шаруамызды жылдам әрі өзімізге қолайлы уақытта бітіре алғандықтан, күніміздің ұзақ уақытын ұялы телефонға телмірумен өткіземіз. Қолымыз босай қалса, барлығымыз әлеуметтік желінің жетегіне еріп, онда не болып жатқанын бақылаймыз. Жалпы "әлеуметтік желі" дегеніміз не?

Әлеуметтік желі- ақпарат алмасу, қарым-қатынас жасау және уақыт үнемдеу құралы. Статистикаға сәйкес әлемде 7миллиард адам болса оның 3,5 миллиарды күн ұзаққа ғаламторға телміріп отырады екен. Бұл бүгінгі қоғамның әлеуметтік желінің жетегінде кеткенін растайды. Иә, әлеуметтік желі адам өмірін әлдеқайда жеңілдететіні бәрімізге мәлім. Әлеуметтік желі арқылы соңғы жаңалықтар мен оқиғалардан әрдайым хабардар болып отырасың. Сонымен қатар, әлеуметтік желілердің жеке тұлғаның өзін-өзі дамытуға пайдасы зор. Өз бизнесіңді дамытуға, сатып алушы клиенттерді тартуға да мүмкіндік жасалған. Егер сіз шығармашылықпен айналысатын болсаңыз, кітаптарыңызды әлеуметтік желіні пайдаланушыларға ұсынып, сатып алушы оқырмандар табуыңызға болады. Қазіргі таңда әлеуметтік желінің арқасында кез келген нәрсе әрбір адам үшін қолжетімді. Халықтық басым көпшілігі әлеуметтік желіні қазір не үшін пайдаланатынын білесіз бе? Ендеше мына деректерге көз жүгіртейік.

1. Кино көру үшін

2. Онлайн ойын ойнау үшін

3. Сауда жасау үшін

4. Білім алу және пайдалы ақпараттармен бөлісу үшін.

Әлеуметтік желінің зардабы. Дәрігерлердің айтуы бойынша, телефонды шамадан тыс пайдаланудың соңы бас пен арқаның ауруына, ұйқының бұзылуына, сондай-ақ асқазан ішек жолдары ауруларының туындауына әкеліп соғады.. Әлеуметтік желінің пайдасы мен зияны қатар жүреді. Сол себепті ұялы телефонды қаншалықты керек жарақтарымызға пайдаланғанмен, оның адам өміріне төндіретін қауіпінде ұмытпағанымыз жөн.Сондықтан денсаулықтарыңызды күтіп, уақыттарыңызды тиімді пайдаланыңыздар.

Материал пайдалы болды ма? Бөлісіңіз

WhatsApp Telegram

Мақала құжаттары

Журнал, мақала және жарияланғаны туралы анықтама — бөлек PDF файлдар

Автор

aaimeken

Пікірлер

Пікір қалдыру үшін аккаунтқа кіріңіз

Әзірге пікір жоқ — алғашқы болыңыз.

Авторларға

Сіз де өз мақалаңызбен бөлісіңіз

Мақалаңызды жариялап, сертификат пен журналды бірден алыңыз. Жарияланым Google мен Yandex-те табылады.

  • Сертификат (QR-коды бар)
  • Google, Yandex жүйелерінде шығады
  • Журналға шығады (онлайн)
  • Анықтама, журнал
  • Жеке кабинетте құжаттар сақталады
  • Мақалаға тұрақты сілтеме

2015 жылдан бері · ресми тіркелген журнал

Мақала жариялау

Осы тақырыптағы материалдар

Жалпы рубрика

1 қазан – Қарттар күніне арналған «Қарттарым – асыл қазынам» тәрбие сағаты

1 қазан – Қарттар күні: «Қарттарым – асыл қазынам» тәрбие сағаты Қарттар күні тәрбие сағаты оқушыларды үлкенді сыйлауға, ата-әжеге қамқор болуға және ұрпақтар сабақтастығын қадірлеуге баулиды. Төмендегі «Қарттарым – асыл…

Bilimger Media 7 мин 41 оқылым
Жалпы рубрика

Ұстаздарға құттықтау сөздер: әдемі тілектер мен жылы лебіздер

Ұстаздарға құттықтау сөздер Ұстаздарға құттықтау сөздер іздегенде, жүрекжарды әрі нақты лебіз таңдаған жөн. Ұстаз – білім беріп қана қоймай, шәкіртінің болашағына бағыт көрсететін ардақты жан. Мұғалімнің білімі, ақылы…

Bilimger Media 6 мин 146 оқылым
Жалпы рубрика

Мұғалімге тілек

Құрметті ұстаз! Сізге зор денсаулық, ұзақ ғұмыр, отбасыңызға амандық және еңбегіңізге толағай табыс тілейміз. Шәкірт тәрбиелеудегі қажырлы еңбегіңіз әрдайым жоғары бағаланып, оқушыларыңыздың жетістігі сізге қуаныш…

Bilimger Media 2 мин 59 оқылым