Мазмұнға өту

Әлеуметтік интеллекттің қоғамдағы алатын рөлі

Bilimger Media 2 мин оқу 54 оқылым

Өзінің негізін 1934 жылы 15 қаңтарда  қалағаннан бастап еліміздің білім беру жүйесінің бетке ұстар көркі, университеттік дәстүрлердің, кәсіби білікті ғылыми және педагогикалық мектептердің бастау – көзі болған құт қонған орданың ашылғанына 90 жыл толып отыр. Қанша маман иесін тәрбиелеп, біліммен сусындатқан қара шаңырағымыздың мақтанарлық жаңалықтары баршылық.  Университет  білім беру ісі Болон реформасына сәйкес жүргізіледі, оқытудың кредиттік жүйесі толық күшіне енген, оқу үдерісінің жапсырмасыз  ашықтығы, білім алушылардың академиялық ілкімділігі, “бакалавр - магистр - PhD”  түрінде үш сатылы мамандар дайындау қамтамасыз етілген.

Университетіміздің дамуы бізге үлкен мүмкіндіктер берері анық. Сол арқылы білім жүйесінде түрлі өзгерістер болып, болашақ қамын ойлар жас мамандардың әлеуметтік интеллекттерінің дамуына да жол ашылуда.

Бүгінгі  таңда  адамның  интеллектуалдық  сипатының концептуалдануын  педагогикалық  аспектіде  зерттеу  өзектілік танытып отыр. Әлеуметтік интеллект – адамдар мінез-құлқын дұрыс түсіну қабілеті. Психологияда 1920 жылы адамның қарым-қатынасына қатысты әлеуметтік ақыл-кеңес пайда болды. Әлеуметтік интеллект туралы түсінікті Эдвард Ли Торнкике таныстырады , ол оны басқа адамдарды түсіну қабілеті, басқа адамдарға қатысты ақылмен әрекет ету және әрекет ету ретінде түсінді. Бұл қабілет тұлғааралық өзара әрекеттің нәтижелілігі мен сәтті әлеуметтік бейімделуі үшін қажет. Интеллектуалды жүйенің құрылымдық өзгеруі өмірлік факторлардың ықпалымен болады, оның себебі тұтастай жүйе ретіндегі интеллектінің сапалы өзгерісі. Бұл факторлардың арасынан адамның онтогенетикалық дамуында оқыту мен еңбек іс-әрекеті шешуші рөлге жатады. Интеллект жүйесінің күрделілігі төмендегі байланыстарды көрсетеді: логикалық ойлау және мағыналы ес; логикалық ойлау мен бейнелі ес; вербалды және вербалды емес ойлау; практикалық ойлау, есте сақтау көлемі және зейін; ойлаудағы тұжырымдау деңгейі және ақпарат көлемі.

Әлеуметтік интеллекттің дамуы - бұл бақытты және табысты өмір үшін қажетті шарт. Интеллект әр тұлғаның орындайтын іс-әрекетінің нәтижелі болуына аралық қызмет етеді. Адамның өзін қоршаған адамдармен, ортамен қарым-қатынасының дұрыс болуы,  интеллектісіне көптен-көп байланысты болмақ. Интеллект тұтас тұлғаның дамуының кіндік қазығы болып табылады. Интеллектінің қабілеттің құрылымындағы ерекше орнын зерттеген ғалымдар интеллектінің психологиялық тетіктерін анықтау жеке адамның тұлғасының құрылымын тануда маңызды рөл атқаратынын айтады.

Қорытындылай келе, әлеуметтік интеллект - өзара әрекеттесудің табысын айқындайтын білім мен дағды, адамдарға адамдармен оңай араласуға көмектесетін және ыңғайсыз жағдайларға жол бермейтін сыйлық екенін түсінуіміз және оның дамуы мен жас мамандарға насихаттау керек екенін білуіміз керек секілді. Осы жолға бастар негіз - университет қабырғасында оқытушылардың берген білімін өзімізге сіңіру және күнделікті өмірде практикада қолдану болып табылатынын ұмытпайық!

Тленчиева Н.С.

Педагогика ғылымдарының кандидаты.

Cтасюк  А.А.

Психология мамандығының 1 курс магистранты

Жалпы және қолданбалы психология кафедрасы.

Иманғазы М. , 1 курс студенті

Экономика

Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті

Материал пайдалы болды ма? Бөлісіңіз

WhatsApp

Автор

Bilimger Media

Осы тақырыптағы материалдар

Жалпы рубрика

Тәрбиешілерге және мұғалімдерге арналған тегін көрнекіліктер: дайын материалдарды Telegram-нан жүктеп алыңыз

Сабаққа сапалы көрнекілік дайындау мұғалімнің көп уақытын алады. Әдемі безендіру, қажетті суреттерді іздеу, мәтінді орналастыру, басып шығаруға ыңғайлы формат жасау — мұның бәріне бірнеше сағат кетуі мүмкін. Енді…

Bilimger Media 57 оқылым 2 мин
Жалпы рубрика

Баламен жұмыс – жүрекпен атқарылатын үлкен еңбек

Балабақша – баланың алғашқы білім алып, қоршаған ортамен танысып, достық пен мейірімділікті үйренетін ерекше орта. Ал осы ортада тәрбиешінің орны ерекше. Баламен жұмыс істеу – тек сабақ өткізу емес. Ол – әр баланың…

Шәмшиева Мария Әділбекқызы 52 оқылым 1 мин
Жалпы рубрика

1 Қыркүйек - Білім күніне арналған тақпақтар

Ыбырай Алтынсарин – Кел, балалар, оқылық! Бір Аллаға сыйынып, Кел, балалар, оқылық, Оқығанды көңілге Ықыласпен тоқылық! Істің болар қайыры Бастасаңыз Аллалап, Оқымаған жүреді Қараңғыны қармалап. Кел, балалар, оқылық,…

Bilimger Media 102 оқылым 8 мин
Жалпы рубрика

1 қыркүйек - Білім күні сценарий

«Қош келдің, білім ордасы!» 1 қыркүйек – Білім күніне арналған салтанатты жиын сценарийі Мақсаты: Оқушыларға Білім күнінің маңызын түсіндіру, жаңа оқу жылына жақсы көңіл күй сыйлау, бірінші сынып оқушыларын мектеп…

Bilimger Media 83 оқылым 4 мин