Мазмұнға өту
Мақала жариялау
academ.kz онлайн сабақ беріп, қосымша табыс табыңыз·оқушы Kaspi арқылы тікелей сізге төлейді·комиссия 0% academ.kz қосымша табыс табыңыз·14 күн тегін 14 күн тегін Тегін бастау

: «» · ₸

Сандуғаш
5 мин оқу 421 оқылым

Сабақтың тақырыбы: « Әлемдік мәдениеттер мен өркениеттер»
Пән: Мәдениеттану
Топ: ГС-15-1
Мақсаты:
Білімділік: Оқушылардың мәдениеттану пәнінен,соның ішінде әлемдік мәдениеттер мен өркениеттер тарауы бойынша алған білімдерін жинақтап, одан әрі таным қабілеттерін арттыру
Дамытушылық: Оқушылардың ойлау, сөйлеу дағдыларын дамыту ,өз ойын жан-жақты толық жеткізе білуге ,өзбетінше ізденуге қалыптастыру.
Тәрбиелік: Оқушыларды еңбексүйгіштікке, отаншылдыққа, туған жеріне деген құрмет сезімін қалыптастыру және өзге елдердің мәдениетімен салыстыра білуге үйрету
Көрнекіліктер: интерактивті тақта,үлестірмелі таратпалар, буклет
Түрі: сайыс , қайталау сабағы
Әдісі: аралас
Барысы:
1-кезең «Бәйге»
2-кезең «Мені түсін»
3-кезең «Кім тапқыр?»
4-кезең «Ойлан,тап»
5-кезең «Көкпар»
Жалпы сабақ барысында топты теңдей екіге бөлінеді.Сабақ сайыс түрінде өткізіледі. Ең көп ұпай жинаған топ жеңімпаз аталады.
1-кезең «Бәйге». Бұл кезеңде топбасшылар таңдаған нұсқасы бойынша 10-сұраққа жауап беруге тиіс. Әр сұраққа 1-ұпай беріледі.Қанша сұраққа жауап берсе ,сонша ұпайға ие болады.
2-кезең «Мені түсін». Бұл кезеңде екі топқада тапсырма беріледі.Жауап дұрыс болса 5 ұпай беріледі.
3-кезең «Кім тапқыр?». Бұл кезеңде екі топқада бірдей тапсырма беріледі.Тапсырмада белгілібір мәтін беріледі онда кейбір сөздер түсіп қалып көп нүкте қойылған.Осы көп нүктенің орнына тиісті сөздерді қойып жазу керек. Дұрыс сөздерді тапқан топқа 5 ұпай беріледі.
4-кезең «Ойлан,тап». Бұл кезеңде тақтада жасырылған ұяшықтаға сұрақтарға жауап беру керек.
5-кезең «Көкпар» . Бұл кезеңде «Қазақ мәдениетінің әлемдік мәдениеттер қатарына қосылу жолы» тақырыбында дебат ойыны өткізіледі.
1-кезең «Бәйге».
1-топтың сұрақтары.
1. Мәдениет термині қайтілден алынған? (араб)
2. Шумерлік жазуқалай аталады? (Иероглиф)
3. Көне грек ақындарының қайсысы трагедияның атасы болып есептелінеді?(Эсхил)
4. Сиқыр сөзінің баламасы болып табылатын ежелгі наным-сенім түрі? ( Магия)
5. Римде аса өркендеп дамыған мәдени сала? (Құқық)
6. Еуропалықалғашқы университеттер қай ғасырларда пайдаболды? (12-13ғғ)
7. Қытай тіліндегі «Сяо» ұғымы ненібілдіреді? (Балалар құрметі)
8. Көне грек мәдениетінің шарықтау кезеңі қалай аталады? (классикалық)
9. Ислам дінініңқасиетті кітабы? (Құран)
10. Көне Мысыр мәдениетіндегі құдайдың ұлы кім? (Перғаун)
2-топтың сұрақтары
1. «Өркениет» терминінің мағынасы (Азаматтық)
2. «Ресей және Еуропа» еңбегігің авторы кім? (Данилевский)
3. Рим мәдениетін бастауы қайда жатыр? (Вавилон)
4. Атақты грек комендиянты?(Аристафан)
5. «Трагедия» термин сөзінің мағынасы (ешкілер әні)
6. Христиан дінің негізін салушы? (Исус Христос)
7. Қытай және түрік мәдениетін жан –жақты зерттеген ғалым?(Гумилев)
8. Жаратылыстан тыс қасиеті бар деп танылған жансыззатқа табынуқалай аталынады?( Фетишизм)
9. Грекиядағы олимпиядалық ойындар неше жылда бір өтіп отырды? (4)
10. Тұңғыш энциклопедияны құрастырған кім? (Д.Дидро)
2-кезең «Мені түсін».
1) Ол ұзынан ұзақ басқыш тәрізді аспанға өрлей береді .Биіктігі 60 метр.Адамзат баласын таң қалдырған талай мәдени мұралар күлге айналып, гүлденген қалалар жермен- жексен болады .Ал бүгінгі күнгі кереметердің ең көнесі осы. Бұл не жайлы?
(Пирамида Джосер)
2) Ол б.з.б 551 ж шамасында дүниеге келген. Бала кезінен білімге өте құштар болған.Ұлы уағызгер көне заман тарихын қызыға оқыған. Елдегі бей- берекетсіздіктен құтылу және халықтың тұрмыс- тіршілігін дұрыс жолға қоюдың басты жолы – ата- баба лар дәстүрі мен заңдарына ,көне заман тәртібіне оралу деп санады .Бұл кім жайлы?
(Конфуций)
3) Ол ойын сауық отауы ғана емес, нағыз халық тәрбиешісіне айналды. сана- сезімдерімен өмірге деген көз қарасын қалыптастырды .М:құрылысы ғ созылған мың адам сиятындай етіп салынған ол Афины тұрғындарының үлкен өнер ордасына айналды. Бұл не жайлы ?
(Дионис театры)
4) Ол б.з.б (63-14жылдары ) империяның негізін қалады . Сөйтіп мемлекеттегі барлық өте маңызды лауазымды (консул, трибун т.б. ) бір ғана императордың қолына жинақталған саяси құрылымды алғашқы рет орнықтырды . Ең бастысы кірпіштен қаланған мемлекетті қабылдап алып , оны мәрмәмдан салып кетті.Бұл кім жайлы?
(Рим. Император Август . Ұлы Цезарьдың жиен немересі)
3-кезең «Кім тапқыр?».
1) Грек сәулет өнерінде ________________рөлі зор болды, олар храмның сырт келбетін одан әрі әсерлендіріп айқындай түсетін. _______________көлеңкесінен саудагерлер мен ақша ұстайтын адамдар сая табатын орын ғана емес, саяси айтыстар қызып жататын грек қаласының бүкіл тіршілігі осы __________аясында өтетін еді
2)___________________ – Көне Мысыр мәдениетінің ажырамас бөлігі болып табылады, өйткені бұл өлкеде салынған қай ғимаратты алсаң да, олар _________________бай болып келеді . Кейіннен, көне мысырлық ________________жазу буындық жүйеге көшті.
«Кім тапқыр» кезеңінің дұрыс жауаптары
1) Грек сәулет өнерінде колонналардың рөлі зор болды, олар храмның сырт келбетін одан әрі әсерлендіріп айқындай түсетін. Колонналар көлеңкесінен саудагерлер мен ақша ұстайтын адамдар сая табатын орын ғана емес, саяси айтыстар қызып жататын грек қаласының бүкіл тіршілігі осы колонналар аясында өтетін еді.
2) Иероглифтер – Көне Мысыр мәдениетінің ажырамас бөлігі болып табылады, өйткені бұл өлкеде салынған қай ғимаратты алсаң да, олар иероглифтерге бай болып келеді . Кейіннен, көне мысырлық иероглифтік жазу буындық жүйеге көшті.
4-кезең «Ойлан,тап».
- Мәдениеттану пәні жеке пән ретіндеқашан қалыптасты? (20ғ)
- Қытай мәдениетінің қайнар көздерінің бірін ата?( Конфуций ілімі)
- Қай ғасырда Римде ағаштан жасалған театрдың орнын тастан салынған театр басты? (Б.з.д. 4 ғ)
- Меккедегі мешіт қалай аталады? (әл- Мазджит әл Харам)
- Үнді қоғамы неше варнаға бөлінді және оларды ата? (Брахмандар, кшатрийлер, ваийшьлер,шудралар)
- Қытайдағы «Дао» ілімінің негізін салушы? (Лао Цзы)
- 5-кезең «Көкпар» дебат ойыны
Тақырыбы: «Қазақ мәдениетінің әлемдік мәдениет қатарына қосылу жолы»

4. Жаңа сабақты қорытындылау. 3 мин
1.Джосер пирамидасының биіктігі
2 Үнді мәдениетіндегі касталар
3 Қытайдағы
5. Сабақтың қорытындысын шығарып, қысқаша түсінік бере отырып бағалау.3мин.
Жеті кереметтің қатарына кіретіндер
6.Үйге тапсырма беру 5 мин.
Ежелгі мәдениеттер ошақтары, Атақты пирамидаларды біліп келу,
Жеті кереметтің қатарына кіретіндер

Оқытушы: Нұрманова Сандуғаш _______________
(аты-жөні)

Авторы
Нұрманова Сандуғаш

Материал пайдалы болды ма? Бөлісіңіз

WhatsApp Telegram

Мақала құжаттары

Журнал, мақала және жарияланғаны туралы анықтама — бөлек PDF файлдар

Автор

Сандуғаш

Пікірлер

Пікір қалдыру үшін аккаунтқа кіріңіз

Әзірге пікір жоқ — алғашқы болыңыз.

Авторларға

Сіз де өз мақалаңызбен бөлісіңіз

Мақалаңызды жариялап, сертификат пен журналды бірден алыңыз. Жарияланым Google мен Yandex-те табылады.

  • Сертификат (QR-коды бар)
  • Google, Yandex жүйелерінде шығады
  • Журналға шығады (онлайн)
  • Анықтама, журнал
  • Жеке кабинетте құжаттар сақталады
  • Мақалаға тұрақты сілтеме

2015 жылдан бері · ресми тіркелген журнал

Мақала жариялау

Автордың басқа материалдары

Балабақша

Қоғамдағы педагогтың мәртебесі

Материалда педагог мәртебесін көтеру, ұстаз еңбегін бағалау, біліктілікті арттыру және қағазбастылықты азайту мәселелері қарастырылады.

Сандуғаш 4 мин 61 оқылым
Университет

"Мен таңдаған мамандық!"

Автор психолог мамандығын таңдауы, Алматыдағы оқу жолы және балабақшадағы жұмысы туралы ой бөліседі. Психологқа қажет қасиеттер мен балаларға қолдау көрсету жайы баяндалады.

Сандуғаш 2 мин 38 оқылым
Жалпы рубрика

Ғажайып математика

Балаларға арналған «Ғажайып математика» оқу іс-әрекетінде санау, санамақ және дидактикалық ойын тапсырмалары ұсынылған.

Сандуғаш 3 мин 119 оқылым

Осы тақырыптағы материалдар

Колледж

Жаппай музыкалық тәрбие жүйесіндегі қазақтың аспапты музыкасы

Ғылыми мақалада қазақтың аспаптық музыкасы мен күй өнерінің музыкалық тәрбие жүйесіндегі орны, тәрбиелік және мәдени әлеуеті, оқытудағы заманауи әдістері қарастырылады.

Bilimger Media 4 мин 58 оқылым
Колледж

Бастауыш мектеп оқушыларының музыкалық шығармашылығын дамыту жолдары

Ақмола облысы білім басқармасы жанындағы «Ж.Мусин атындағы Көкшетау жоғары қазақ педагогикалық колледжі» МКҚК Педагогика және психология кафедрасы КІРІСПЕ Зерттеудің өзектілігі. Қазіргі заманғы білім беру жүйесінің…

Жанибек Акерке 40 мин 99 оқылым
Колледж

Музыка мұғалімінің әдіс-тәсілдік шеберлігі

Ғылыми мақалада музыка мұғалімінің кәсіби-әдістемелік шеберлігі, инновациялық технологияларды қолдану және оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту мәселелері қарастырылады.

Bilimger Media 4 мин 119 оқылым
Колледж

WorldSkills – кәсіби білім сапасын арттыру құралы

"Кентау колледжі" ЖШС Аннотация. Қазіргі заманғы еңбек нарығы жоғары білікті мамандарды талап етеді, осыған байланысты кәсіби білім беру сапасын арттыру өзекті мәселелердің біріне айналып отыр. Бүгінде кәсіптік білім…

Сарсенова Ляззат Сарыбаевна 5 мин 73 оқылым