Мазмұнға өту
Мақала жариялау
Axiomus олимпиадасы·математика мен физика, 3–11 сынып·нәтиже 20 минутта, дипломда жетекші мұғалімнің аты Математика, физика олимпиадасы·3–11 сынып Қатысу

Алаш жұртының айрықша шежіресі

Алимбаев Нәділ
2 мин оқу 33 оқылым

Тақырыбы:Алаш жұртының айрықша шежіресі

Иә,Ұлы Дала-ұлы кеңістік,құт мекеніміз.Бабалардың рухы,тұлпарлардың ізі қалған ұлан-байтақ даламыздың қарыс жері қымбат.

Ерлердің қаны мен Аналардың көз жасы сіңген қасиетті Атамекенді ұрпақтарға ұғындыру-қашан да күн тәртібінен түсееу керек.

Осы тұрғыдан келгенде аталған мақаланың тарихи маңызы зор.Ұлтымызға аса қажетті құжат екендегі рас.Екі бөлімнен тұратын танымдық толғам көненің көзі болып шартараптан сыр шертеді.Қай бөлімнен алып қарасақта,байтақ даламыздың асты-үстіндегі байлықты сеземіз һәм көреміз.Маған ерекше бір әсер еткені бірінші бөлімдегі”Атқа міну мәдениеті”.

Бәріміз де ауылда туып-өстік.Жылқыға жақын болдық.Бұрынғы кезде жылқысыз қазақты елестету мүмкін емес еді.Халық даналығында”Қазақ-жылқы мінездес”,”Ат-ердің қанаты”,”Жақсы ат-жауда қалдырмайды”,”Биенің сүті-сары бал” дейтін ғажап сөздер бар.Осыған қарап-ақ,біздің халқымыз Қамбар атаның төлін қалай қадір тұтып,қастерлегенін көруге болады.

Мақала мазмұны өткен тарихқа өткелі болып,көне дәуірлерге жетелейді.Қиялыка қанат бітіріп,өзінің арғы түп-тамырыңды түгелдейсің.Сәл елестетіп көрейікші:

….Бағзы бір дәуірде Ұлы Даладағы Ботай қонысында боз айғырдың үйіріндегі боз биенің арда емген асау тайына Алаштың арғы бабасы бұғалық тастап,мінуге көндірген екен.Жабайы жылқының арқасына қонған адамзат баласы қара жерден табаны ажырап,бір метр биіктікте шексіз өркениетке тұңғыш қадам жасады.Ұлы Далада асауды үйретіп,адамзатта алғашқы болып атқа қонған атамызға қолайлы бір күнді мереке қылып берсек те,артық болмас еді.Жылқының жанындай жақсы көріп,әспеттеген Елбасымыздың осынау өзекті мақаласының аясында тағы бір ойдың шеті шығады.Алла Тағала Алаштың алдына жылқы салған.Осының қызығын көрсін деп.Сол аманатты біз орындауға тиісппіз ғой.Баяғы ата-бабаларымыз мұны жақсы түсінген.Кең даламызды жылқыға толтырған.Бүгінде республикамыздағы игерілмей бос жатқан жерлердің барлығын жылқы шаруашылығына айналдырса болар еді.

Қазақстандағы қала,аудан,ауылдардағы сырхана нүктелерінің бәрін жауып,қымызхана қылса,қандай ғанибет болар еді.

Өңештерге өзен болып құйылған сұмырай сыраның орнын табиғи күш-қуаты,дәрумендік емі бар бал қымыз басса,қандай жарасымды болар еді.Атқа міну мәдениетімен қатар,қымыз ішу салтын да өмірімізге ендіру қажет деп ойлаймын.

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев бастаған осынау қайырлы істі халық болып қолдап жатсақ,бірлігі жарасқан берекелі ел екендігіміз білінер.Кеше атты қырдың астында алтыны жатыр Алаштың деуші едік,ал бүгінде жеті қырдың үстінен тіл қатып тұр Тарихым!

Қуан қазақ!

Материал пайдалы болды ма? Бөлісіңіз

WhatsApp Telegram

Мақала құжаттары

Журнал, мақала және жарияланғаны туралы анықтама — бөлек PDF файлдар

Автор

Алимбаев Нәділ

Пікірлер

Пікір қалдыру үшін аккаунтқа кіріңіз

Әзірге пікір жоқ — алғашқы болыңыз.

Авторларға

Сіз де өз мақалаңызбен бөлісіңіз

Мақалаңызды жариялап, сертификат пен журналды бірден алыңыз. Жарияланым Google мен Yandex-те табылады.

  • Сертификат (QR-коды бар)
  • Google, Yandex жүйелерінде шығады
  • Журналға шығады (онлайн)
  • Анықтама, журнал
  • Жеке кабинетте құжаттар сақталады
  • Мақалаға тұрақты сілтеме

2015 жылдан бері · ресми тіркелген журнал

Мақала жариялау

Осы тақырыптағы материалдар

Жалпы рубрика

1 қазан – Қарттар күніне арналған «Қарттарым – асыл қазынам» тәрбие сағаты

1 қазан – Қарттар күні: «Қарттарым – асыл қазынам» тәрбие сағаты Қарттар күні тәрбие сағаты оқушыларды үлкенді сыйлауға, ата-әжеге қамқор болуға және ұрпақтар сабақтастығын қадірлеуге баулиды. Төмендегі «Қарттарым – асыл…

Bilimger Media 7 мин 41 оқылым
Жалпы рубрика

Ұстаздарға құттықтау сөздер: әдемі тілектер мен жылы лебіздер

Ұстаздарға құттықтау сөздер Ұстаздарға құттықтау сөздер іздегенде, жүрекжарды әрі нақты лебіз таңдаған жөн. Ұстаз – білім беріп қана қоймай, шәкіртінің болашағына бағыт көрсететін ардақты жан. Мұғалімнің білімі, ақылы…

Bilimger Media 6 мин 146 оқылым
Жалпы рубрика

Мұғалімге тілек

Құрметті ұстаз! Сізге зор денсаулық, ұзақ ғұмыр, отбасыңызға амандық және еңбегіңізге толағай табыс тілейміз. Шәкірт тәрбиелеудегі қажырлы еңбегіңіз әрдайым жоғары бағаланып, оқушыларыңыздың жетістігі сізге қуаныш…

Bilimger Media 2 мин 53 оқылым