Мазмұнға өту
Мақала жариялау
Axiomus олимпиадасы·математика мен физика, 3–11 сынып·нәтиже 20 минутта, дипломда жетекші мұғалімнің аты Математика, физика олимпиадасы·3–11 сынып Қатысу

Аквариумдағы балық.

489713477
2 мин оқу 489 оқылым

ШҚО Аягөз білім бөліміне қарасты «№3 Ақтоғай бала бақша-бөбекжайы» КМҚК Тәрбиеші:Сарсенгалиева Бақыт Гиззатовна
Тақырыбы:
Аквариумдағы балық.
Мақсаты:
Білімділігі:Балықтардың өзара ұқсастықтарымен айырмашылығын көре білу,тіршілігі басқа балықтарға қарағанда айырмашылықтары жайлы айта білуге үйрету.
Дамытушылығы:Жанды табиғат мүшелеріне қамқор болуға тәрбиелеу.
Тәрбиелігі:Балықтарды күтуге үйрету.

Көрнекіліктер:Аквариум,шыны ыдысқа салынған шілтеқұйрық балығы,суреттер.
Әдіс-тәсілдері:Сөздік,көрнекілік,ойын,практикалық.
Шаттық шеңбері:
Мен өзімді жақсы көремін.
Мен сені жақсы көремін.
Сенде өзіңді жақсы көре аласың.
Және мені де жақсы көре аласың.
Ұйымдастырушылық ізденіс

Бүгін бізге тағы да бір қонақ келді.Ол-шілтеқұйрық деген балық.
Балаларды шақырып,балықты мұқият бақылауды және алтын балық пен шілтеқұйрықтың қандай ұқсастықтары мен айырмашылықтары бар екенін айтып беруді ұсыну.
-Екі балықтың қандай ұқсастықтары бар?
-Дұрыс айтасыңдар,балықтар осы жүзбе қанаттары арқылы суда еркін жүзе алады.Жүзуге арналған қанаттары қалай орналасқан?
-Балалар енді балықтың бас жағына назар аударыңдаршы,бүлк-бүлік етеді.Бұл балаларбалықтың желбезегі.Олар осы желбезегі арқылы дем алады.Ал денесінде инелері бар екен.
-Қандай айырмашылығын байқадыңдар?
Қане,балалар құйрығына қараңдаршы неге ұқсайды.
Дұрыс айтасыңдар сол себепті де бұл балықты шілтеқұрық деп атаған екен,кәне қайталап көрейікші.Тағы да қандай өзгешелігі бар?
Енді екі балықтың да суда жүзгеніне назар аударыңдар,не байқадыңдар?
Неліктен,алтын балық шілтеқұйрыққа қарағанда еркін жүзіп жүр?
Демек,бұл балықтар қайда тіршілік етеді екен?.
Ал алтын балық пен шілтеқұйрықты өзенге жіберсек не болады деп ойлайсыңдар,олар өзен-көлдерде өмір сүре ала ма?
-Дұрыс айтасыңдар,аквариумда өсетін балықтар өзен-көлдерде тіршілік ете алмайды,себебі оларды басқа үлкен балықтар жеп қою мүмкін.Аквариумдағы балықтар да еркіндікті сезіну үшін,оларға жағдай жасау керек екен.Ол үшін біз аквариумға нелер орналастыруымыз керек?.Жарық жақсы түсетін аквариумдардың тең жарымына өсімдік отырызуға борлады.Енді,балалар шілтеқұйрыққа арнап аквариумды безендірейік.
Енді балықты тамақтандырсаңдар болады.Балыққа көп тамақ беруге болмайды.Мөлшермен береміз.Сол себепті кезек-кезекпен отырамыз.
Сергіту сәті:
Балық жүзеді,
Балық қанаттарын желпиді.
Балық тамақ жейді,
Балықтар дем алады.

Балалар шыны ыдыстағы шілтеқұйрық және аквариумдағы алтын балықты бақылап,олардың қозғаласына мән береді.
-Аузы кішкене ұқсайды,қабықтары ұқсайды,екеуінде де жүзетін қанаттары бар.

-Арқасында,іш жағында орналасқан.
-Қабыршақтары бар.
-Шілтеқұйрықтың көзі үлкен,қанаттары,құйрығы ұзын.
-Шашқа,желбірге ұқсайды.
Балалар шілтеқұйрық сөзін бірнеше рет қайталайды.
-түсінде денесінде өзгешеліктер бар.

Шілтеқұйрық дұрыс жүзе алмай жүр.Ол тез жүзе алмай жатыр т.б.
Өйткені ол аквариумда жүзіп жүр,ал шілтеқұйрық кішкентай ыдыста дұрыс жүзе алмай жүр.
-Суда,аквариумда.
Олар өзен-көлдерде тіршілік ете алмайды,себебі;қоректерін тауып жей алмайды.
-Тастар,құм,өсімдіктер орналастыруымыз керек.
Енді бала шығып,біреуі алтын балыққа,екіншісі шілтеқұйрыққа тамақ береді.
Балалар саусақтары арқылы балықтың қалай жүзетін,қанаттарын желпитінін,тамақты қармап житінін т.б. Көрсетеді.
-Оыншық балық сусыз өмір сүреді
Балалар өз ойларын айтады.
Күтілетін нәтиже:
Қайталайды:балық түрлері,олардың тіршілігі туралы,балықтың тек қана суда өмір сүретіндігін және аквариумда тіршілік ететін балықтарға жағдай жасау керектігін.
Түсінеді:шілтеқұйрық балығын таниды,оның атын балықпен өзара ұқсастықтары мен айырмашылығын,аквариумдағы балықтарға адам күтімінің қажеттілігін.
Қолданады:балықтарды күтуді,қамқорлықпен қарауды.

Материал пайдалы болды ма? Бөлісіңіз

WhatsApp Telegram

Мақала құжаттары

Журнал, мақала және жарияланғаны туралы анықтама — бөлек PDF файлдар

Осы материал бойынша

AI Көмекші 30 секундта дайындайды — жауап кілті мен PDF бірге.

Автор

489713477

Пікірлер

Пікір қалдыру үшін аккаунтқа кіріңіз

Әзірге пікір жоқ — алғашқы болыңыз.

Авторларға

Сіз де өз мақалаңызбен бөлісіңіз

Мақалаңызды жариялап, сертификат пен журналды бірден алыңыз. Жарияланым Google мен Yandex-те табылады.

  • Сертификат (QR-коды бар)
  • Google, Yandex жүйелерінде шығады
  • Журналға шығады (онлайн)
  • Анықтама, журнал
  • Жеке кабинетте құжаттар сақталады
  • Мақалаға тұрақты сілтеме

2015 жылдан бері · ресми тіркелген журнал

Мақала жариялау

Осы тақырыптағы материалдар

Ашық сабақтар

Ашық сабақ: «Ата Заң — ел тірегі» (балабақша)

Балабақша балаларына арналған тәрбие сағатының жоспары: Ата Заң, құқық пен міндет туралы әңгіме, ойындар, сергіту жаттығуы және сурет салу тапсырмасы.

Bilimger Media 2 мин 371 оқылым
Ашық сабақтар

"Ата заң" ашық тәрбие сағаты (бастауыш сынып)

Бастауыш сынып оқушыларына арналған тәрбие сағатының жоспарында Ата Заң, балалардың құқықтары мен міндеттері туралы әңгіме, топтық тапсырмалар және рефлексия қамтылған.

Bilimger Media 2 мин 430 оқылым
Ашық сабақтар

«Ата Заң — ел тірегі» атты ашық сабақ (5–11 сынып оқушыларына)

5–11 сынып оқушыларына арналған ашық сабақта Қазақстан Конституциясы таныстырылып, құқықтар мен міндеттер талқыланады. Жоспарда топтық жұмыс, құқықтық ойын және рефлексия бар.

Bilimger Media 2 мин 668 оқылым