Мазмұнға өту
Мақала жариялау
Axiomus олимпиадасы·математика мен физика, 3–11 сынып·нәтиже 20 минутта, дипломда жетекші мұғалімнің аты Математика, физика олимпиадасы·3–11 сынып Қатысу

Ахмет Байтұрсынұлы - ұлт ұстазы

Төлеуханова Нұрдана Ермекқызы
4 мин оқу 55 оқылым

Төлеуханова Нұрдана Ермекқызы

№3 Күршім гимназиясы

11 сынып оқушысы

Жетекшісі: Нурсейтова Акерке Тулеутаевна

Бұл мақалада А.Байтұрсынұлының өмірбаяны, қызметі жайлы жазылған. Автор Ахмет Байтұрсынұлының тұлғасын жан-жақты зерделеп, күрескерлік рухтағы қырын да ашқан. Алаш қайраткерінің балалық шағы мен білім алған оқу ордалары туралы ақпараттар берілген. Сонымен қатар ұлт ұстазының білім беру саласындағы еңбегіне ерекше тоқталған. Атап айтқанда, оның осы жолдағы қызметі, атқарған істері, жазған оқулықтары және оқу құралдарының бүгінгі күндегі ел тарихында, білім беру саласында алатын орны айшықталады.
Кілт сөздер: Ахмет Байтұрсынұлы, ұлт ұстазы, «Қырық мысал», «Маса», «Қазақ» газеті, «Тіл жұмсар», «Әдебиет танытқыш», фольклор, қазақ әліпбиеті, Алаш қайраткері

Қазақтың ақыны, әдебиетті зерттеуші ғалым, түркітанушы, публицист, педагог, аудармашы, қоғам қайраткері Ахмет Байтұрсынұлы 1872 жылы Торғай облысында Торғай уездінің Сарытүбек деген жерінде дүниеге келген. Қазақ халқының XX ғасырдың басындағы ұлт-азаттық қозғалысы жетекшілерінің бірі, мемлекет қайраткері, қазақ тілі білімі мен әдебиеттану ғылымдарының негізін салушы ғалым, ұлттық жазудың реформаторы, ағартушы, Алаш Орда өкіметінің мүшесі. Арғын тайпасының Шақшақ руынан шыққан. Атасы Шошақ оның немересі Ахмет өмірге келгенде ауыл ақсақалдарынан бата алып, азан шақырып атын қойған. Әкесінің інісі Ерғазы Ахметті 1886-1891 жылы Торғайдағы 2 сыныптық орыс-қазақ мектебіне береді. Оны 1891 жылы бітіріп, Орынбордағы 4 жылдық мектепке оқуға түседі. 1895-1909 жылы Ақтөбе, Қостанай, Қарқаралы уездеріндегі орыс-қазақ мектептерінде оқытушы, Қарқаралы қалалық училищесінде меңгеруші қызметін атқарады. Ол өте кемеңгер, білімді тұлғаның бірі болған [1].
Ахмет Байтұрсынұлының саяси қызмет жолына түсуі 1905 жылы басталды. 1905 жылы Қоянды жәрмеңкесінде жазылып, 14500 адам қол қойған ең көлемді Қарқаралы петициясының авторы [2]. Қарқаралы петициясында жергілікті басқару, сот, халыққа білім беру істеріне қазақ елінің мүддесіне сәйкес өзгерістер енгізу, ар-ұждан бостандығы, дін ұстану еркіндігі, цензурасыз газет шығару және баспахана ашуға рұқсат беру, күні өткен Дала ережесін қазақ елінің мүддесіне сай заңмен ауыстыру мәселелері көтерілді. Онда қазақ даласына орыс шаруаларын қоныс аударуды үзілді-кесілді тоқтату талап етілген болатын. 1913-1918 жылдары «Қазақ» газетінің редакторы қызметін атқарған. Бұл газетте халықтың көкейтесті мәселелерін көтерген. Ол 1918 жылға дейін қазақтар арасындағы негізгі мінбер әрі кең таралған саяси және әдеби ғылыми басылымы саналды. 1920-1921 жылдары Казак АКСР халық-ағарту комиссары қызметінде болды.
Оның өмірі - өз халқына адал кызмет етудің, ел-жұртының мәдениеті мен әдет-ғұрпына, тарихына деген сүйіспеншіліктің айқын белігісі. 1929 жылы ОГПУ тергеушілеріне берген жауабында: «Менің мақсат-мұратым - қазақ халқының материалдық жағдайын жақсарту, мүмкін болғанынша мәдениетін көтеру. Мен осы мақсатты қамтамасыз ететін үкіметті қолдауға арқашан әзірмін», - деген. 1917 жылдан бастап Ахмет Байтұрсынұлы Алаш партиясын құруға атсалысты. Алашорда үкіметінің құрамына кіріп, онда білім мен мәдениетке қатысты маселелермен айналысты
Әдеби мұрасына тоқталатын болсақ, Ахмет Байтұрсынұлы қазақ әдебиетін зерттеуге көп үлес қосқан. 1909 жылы оның тұңғыш туындысы «Қырық мысал» кітабы жарыққа шығады, онда Крылов әнгімелері мен Абай өлеңдерін негізге ала отырып, биліктің шектен шығуы мен зорлық-зомбылықтарын сынайтын бірқатар туындылары енген. 1911 жылы «Маса» өлеңдер жинағы жарық көрді. Ондағы басты идея - қазақ халқын ілім-білімге әрі мәдениетті қоғам құруға шақыру еді. «Қазақ» газетіне шыққан «Қазақтың бас ақыны» мақаласында Абайдың рухани мұрасының ұлт мәдениеті мен ағарту ісіне ықпалын зерделейді.
1921 жылдары ана тілі, суретті әліппе оқулықтары сауатсыздықты жою бойынша жоғары сұранысқа ие болды. 1912-1925 жылдар аралығында жаңартылып шығып отырған «Оқу құралы» авторы. Лингвистикалық түсініктерге анықтама беріп, оқулықтары құрылымын зерттеп, тілдің Ахмет, бір жүйеге келтірген алғашқы қазақ тілі оқулығы «Тіл құрал» Ахмет атамыздың қаламыннан шықты, сонымен қатар мұғалімдерге арналған тәжірибелік нұсқаулық - «Тіл жұмсар» мен сауатсыздықты жою кезінде қолданылған «Баяншыны» жазған. Ахмет Байтұрсынұлы араб жазуы негізінде жаңа қазақ әліпбиін жасаған [3]. Бұл әліпбиді шетелдік қандастармыз әлі күнге дейін қолдануда. 1926 жылы ғалымның құнды еңбегі «Әдебиет танытқыш» жарыққа шықты, онда әдебиет тарихы, теориясы мен методологиясы қарастырылып, қазақ әдебиеттану ғылымының негізі қаланды.
Ол қазақ фольклорын зерттеуге маңызды үлес қосты. Қазақ халқының музыкалық шығармалары мен халык ауыз-әдебиеті үлгілерін жинақтап, жеке кітап етіп шығарды. Онда 1923 жылғы«Ер Сайын» және 1926 жылғы «23 жоқтау» жыры енді. Бакуде өткен І түркология съезіне, Қазандағы халық ағарту қызметкерлерінің съезіне қатысып, білім беру жүйесін дамытудың мәселелерін көтерді.
Оның білімдарлығын тек қазақтар ғана емес, сонымен қатар өзге ұлт өкілдері де бағалаған. Мысалы, 1921-1928 жылдары Ташкенттегі халаққа білім беру институтында қазақ тілі мен әдебиетінен дәріс оқыған.
Бұл істері Кеңес үкіметіне жақпай, 1937 жылы желтоқсан айында атылған. 1988 жылы аты ақталды.
Ахмет Байтұрсынұлының «Ұлт ұстазы» атануы – оның қазақ халқы үшін атқарған зор еңбегінің, ұлт болашағы үшін аянбай еңбек еткен қызметінің айқын дәлелі. Ол ұрпаққа тіл, мәдениет және білім саласында жарқын жол көрсеткен ұлы қайраткер. Ахметтің мұрасы – ұлттың дамуы мен жаңғыруының алтын қазығы болып қала бермек.

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:
1. https://adebiportal.kz/kz/authors/view/2236
2. Қабылдинов З.Е., т.б. Қазақстан тарихы. Жалпы білім беретін мектептің 9 (8)-сыныбына арналған оқулық. – Алматы: «Атамұра», 2019. – 192 бет. – Б. 116
3. Сабырбай Р. Болашақ әліпби, ондағы әріптің аты//«Қазақ тілі мен әдебиеті» журналы, 2006 жыл желтоқсан. – Б.78

Материал пайдалы болды ма? Бөлісіңіз

WhatsApp Telegram

Мақала құжаттары

Журнал, мақала және жарияланғаны туралы анықтама — бөлек PDF файлдар

Автор

Төлеуханова Нұрдана Ермекқызы

Пікірлер

Пікір қалдыру үшін аккаунтқа кіріңіз

Әзірге пікір жоқ — алғашқы болыңыз.

Авторларға

Сіз де өз мақалаңызбен бөлісіңіз

Мақалаңызды жариялап, сертификат пен журналды бірден алыңыз. Жарияланым Google мен Yandex-те табылады.

  • Сертификат (QR-коды бар)
  • Google, Yandex жүйелерінде шығады
  • Журналға шығады (онлайн)
  • Анықтама, журнал
  • Жеке кабинетте құжаттар сақталады
  • Мақалаға тұрақты сілтеме

2015 жылдан бері · ресми тіркелген журнал

Мақала жариялау

Осы тақырыптағы материалдар

Жалпы рубрика

1 қазан – Қарттар күніне арналған «Қарттарым – асыл қазынам» тәрбие сағаты

1 қазан – Қарттар күні: «Қарттарым – асыл қазынам» тәрбие сағаты Қарттар күні тәрбие сағаты оқушыларды үлкенді сыйлауға, ата-әжеге қамқор болуға және ұрпақтар сабақтастығын қадірлеуге баулиды. Төмендегі «Қарттарым – асыл…

Bilimger Media 7 мин 41 оқылым
Жалпы рубрика

Ұстаздарға құттықтау сөздер: әдемі тілектер мен жылы лебіздер

Ұстаздарға құттықтау сөздер Ұстаздарға құттықтау сөздер іздегенде, жүрекжарды әрі нақты лебіз таңдаған жөн. Ұстаз – білім беріп қана қоймай, шәкіртінің болашағына бағыт көрсететін ардақты жан. Мұғалімнің білімі, ақылы…

Bilimger Media 6 мин 146 оқылым
Жалпы рубрика

Мұғалімге тілек

Құрметті ұстаз! Сізге зор денсаулық, ұзақ ғұмыр, отбасыңызға амандық және еңбегіңізге толағай табыс тілейміз. Шәкірт тәрбиелеудегі қажырлы еңбегіңіз әрдайым жоғары бағаланып, оқушыларыңыздың жетістігі сізге қуаныш…

Bilimger Media 2 мин 53 оқылым