Мазмұнға өту
Мақала жариялау
Axiomus олимпиадасы·математика мен физика, 3–11 сынып·нәтиже 20 минутта, дипломда жетекші мұғалімнің аты Математика, физика олимпиадасы·3–11 сынып Қатысу

Әкеге қарап ұл өсер, шешеге қарап қыз өсер

Әлтаева Алтынкүл
2 мин оқу 2 039 оқылым

Әлтаева  Алтынкүл

Халқымыздың  сан ғасырдан бергі даналығына  құлақ  ассақ, «Адамның бақыты  балада» деген  екен.   Кез келген  адам  өзі өмір бойы  қуып кете  алмайтын  бақыт  деген құдіретті  сөздің  өлшемі  өмірінің  жлғасы  қрпағымен   келетініне  мән  бермеуі де мүмкін.  Біреу  бақытын  байлықтан  тапқысы келсе,  екінші  біреуі  даңқ пен атақтан, мансап  пен  қызметтерден  ісдестіреді.   Мұның бәрі  түсінген  адамға  қолдың  кірі  сияқты нәрсе.  Адамға  нағыз  бақытты – тәрбиелі  ұрпағы  ғана сыйлай алады. «Адам  ұрпағымен мың  жасайды» деген сөз тегін  айтылмаса керек.   Олай болса  адам  өмірінің  мәні – өз ұрпағы.  Шыр  етіп  сәби  дүниеге  келген  сәттен бастап  ата -  ана алдында нәзік те  қиын,  қыр сыры  мол  үлкен  қоғамдық  міндет  тұрады.

Ол  - бала тәрбиесі.  Бала  тәрбиесінде  алғашқы  ұстаз – ата – ана.  Бала   үшін   ішінен, ата анадан  артық  тәрбиеші жоқ.  Адамгершілік, бауырмалдық,  татулық, қайырымдылық, әдептілік,  инабаттылық сияқты  қасиеттер – жанұяда тәрбие  балаға  сөзбен, теориямен  дамымайды,  үлкендердің  үлгісімен  сіңеді.   Ата – ана – бала тәрбиесіндегі басты  тұлға.  Сондықтан  әке де, шеше де балаларының  жан  дүниесіне  үңіліп, мінезқұлқындағы ерекшеліктерді  жете білгені жөн.  Балаларымен  әңгімелескенде олардың  пікірімен де  санасып  отырған  орынды.

Баланың бойына  барлық  жақсы  қасиеттерді дарыту, тіпті  жанында жүрген  достарына  дейін  мән беру, табиғат сыйлаған  дарыны болса дамыту,  дұрыс білім  алуына жағдай жасау – ата – ананың басты парызы. Бала – әр жанұяның бақыты.  Олай болса, өз бақытымызды  бағалай білейік.  Шәкәрім  атамыздың «Адамның  жақсы  өмір сүруіне үш сапа негіз  бола алады, олар  барлығынан үстем бола алатын адал еңбек, мінсіз ақыл, таза  жүрек,  бұл сапалар  адамды  дүниеге келген  күнінен бастап тәрбиелейді» дегендей,  құнды  қаиеттерге  ие  рухани  адамды  қалыптастыру – шынында  оның  туған кезінен басталса керек.  Ал  адамның  адам болып  қалыптасуында  ата анамен қатар  тәрбиеші мен  мұғалімнің де  рөлі бар. Алтын бесік – отбасы болса, алтын ұя – мектеп.

Материал пайдалы болды ма? Бөлісіңіз

WhatsApp Telegram

Мақала құжаттары

Журнал, мақала және жарияланғаны туралы анықтама — бөлек PDF файлдар

Автор

Әлтаева Алтынкүл

Пікірлер

Пікір қалдыру үшін аккаунтқа кіріңіз

Әзірге пікір жоқ — алғашқы болыңыз.

Авторларға

Сіз де өз мақалаңызбен бөлісіңіз

Мақалаңызды жариялап, сертификат пен журналды бірден алыңыз. Жарияланым Google мен Yandex-те табылады.

  • Сертификат (QR-коды бар)
  • Google, Yandex жүйелерінде шығады
  • Журналға шығады (онлайн)
  • Анықтама, журнал
  • Жеке кабинетте құжаттар сақталады
  • Мақалаға тұрақты сілтеме

2015 жылдан бері · ресми тіркелген журнал

Мақала жариялау

Осы тақырыптағы материалдар

Балабақша

Күз туралы тақпақтар

4–6 жастағы балаларға арналған күз туралы 30 қысқа тақпақ: табиғат, жеміс-жидек және «Алтын күз» ертеңгілігіне жаттауға жеңіл төртжолдық өлеңдер.

Bilimger Media 5 мин 292 оқылым
Балабақша

Тәрбиеші – бала жүрегіне жол табатын жан

Балабақша тәрбиешісінің бала жүрегіне жол тауып, мейірім мен адамгершілік қасиеттерін қалыптастырудағы маңызды рөлі туралы мәтін.

Садыкова Насихат Баиндыевна 1 мин 15 оқылым
Балабақша

Мектепке дейінгі ұйымдарда инклюзивті білім беруді ұйымдастыру: ерекше білім беру қажеттілігі бар балалармен жұмыс жүргізудің тиімді әдістері.

Қарағанды облысы Қарқаралы ауданы Егіндібұлақ ауылы "Айгөлек" бөбекжайы Тәрбиеші Аннотация Мақалада мектепке дейінгі ұйымдарда инклюзивті білім беруді ұйымдастырудың маңызы, негізгі қағидалары және ерекше білім беру…

Едильбаева Тойжан Батырбековна 10 мин 94 оқылым
Балабақша

Балабақшада балалардың сөйлеу тілін дамыту

«Жауқазын»бөбекжай-бақшасы МКҚК-нің тәрбиешісі Ақтөбе облысы,Шалқар ауданы,Тоғыз станциясы Мақалада мектепке дейінгі жастағы балалардың сөйлеу тілін дамыту мәселесі қарастырылады. Баланың сөздік қорын байыту,…

Садықова Маржанкүл Баянқұлқызы 2 мин 81 оқылым