Мазмұнға өту
Мақала жариялау
Axiomus олимпиадасы·математика мен физика, 3–11 сынып·нәтиже 20 минутта, дипломда жетекші мұғалімнің аты Математика, физика олимпиадасы·3–11 сынып Қатысу

Әке көрген оқ жонар

Bilimger Media
2 мин оқу 1 949 оқылым

Тақырыбы: «Әке көрген оқ жонар»

Мақсаты:Әке мен бала арасындағы ынтымақтастықты нығайту;

Отбасындағы әке орнын,рөлін көрсете отырып, халықтық тәрбие негіздеріне тоқталу; Оқушыларды үлкендерді сыйлауға, әкені пір тұтуға, адамгершілікке, әке мен ер азамат ұғымының мәнін ұғынуға тәрбиелеу. Мақал-мәтел, өнегелі сөздер арқылы оқушылардың ой-өрісін кеңейту.

Барысы

Отқа түстің, суға түстің мен үшін,

Енді міне бағың берді жемісін.

Бала қыран шыңға шықса бұл күнде,

Бұның бәрі ӘКЕ сенің жемісің!

Анашымды отырғызып қасыңа,

Той берейін салып алақаныма.

Ей, адамдар, шүкіршілік етіңдер

Бұл өмірде әкелердің барына.

Тек,Әкелер, сендер ғана лайықсың

Хан сарайы, патша тағына

1.Кіріспе.

Әке-жарық дүниедегі ең жақын адамның бірі. Әкені сыйлау, құрметтеу, оның отбасындағы орнын қастерлеп, қадірлеу кез келген баланың перзенттік борышы. Әкесіз бала-жетім. Әке- асқар шың, бақыттың алтын бағы. Әке- баланың тірегі, лүпілдеген жүрегі, ойындағы санасы, өмірдегі панасы.Ол бала үшін барын аямайды, аялап тәрбиелейді, болашағына үнемі бағыт-бағдар беріп отырады. Әке отбасының асыраушысы. Ер бала әкесімен сырлас, жолдас,дос. Ол әрқашан бір әрекет жасау үшін әуелі әкесімен сырласады. Ата-анаға не істесең, алдыңа сол қайтады. Дүние кезек. Сен өмір бойы жас болып тұрмайсың. Сен ата-анаңды сыйласаң, сенің балаларың да қартайғанда өзіңді аялап күтіп,бағып-қағатын болады.

-         Бүгін міне асқар таудай ардақты әкелеріміздің бірі келіп отыр. Өзіңізді таныстырып өтсеңіз.

Әке өзінін аты –жөнін, шыққан тегін, кімнің әкесі екендігін айтады.

1.Әкеге сұрақ:

1.Ұлы ғалым, философ Әбу-Насыр әл-Фараби: «Адамға ең бірінші білім емес, тәрбие керек, тәрбиесіз берілген білім адамзаттың қас жауы, ол келешекте оның өміріне қауіп әкеледі» деген екен. Қазіргі кезде бала тәрбиесімен аналар айналысып жүр, әке мен бала арасындағы қарым қатынас күрделеніп,баяулап қалған сияқты. Себебі, отбасын асырап жүрген әке бала тәрбиесімен жиі айналыса қоймайды.Ал сіздің балаңызбен қарым-қатынасыңыз қандай?

2. «Әке көрген оқ жонар» дейді ғой,ал сіз ұлыңызға қандай тәрбие, үлгі көрсетудесіз?

3. «Баланың тілі- бал» дейді ғой, балаңыздың кішкентай бүлдіршін кезіндегі қылығы есіңізде ме?

«Әке көрген оқ жонар»

Әкенің балаларға түсіндірме жұмысы:

Балаларға өз қолынан шыққан сандықшаны безендірудің жолын көрсетеді

2.Балаларға сұрақ:

1.Әкелеріңе ұқсағыларың келе ме?\

2.Әкелеріңнің қандай жақсы қасиеттерін айта аласыңдар?

2.Сабақтан келген соң қандай іспен шұғылданасың?

3.Сен өзіңнің бойыңдағы өнерді айта аласың ба?

4.Ата-анаңды қалай сыйлайсың?

5.Ата-анаңның еңбегін қалай ақтайсың?

«Жақсы сөз жарым ырыс»

Оқушылар ата-аналарға арналған өлең тақпақтарын айтады.

Әке тілегі

Қорытынды:

Шешесін ұқпайтын

Әкеден ықпайтын

Ұл болмайды.

Шешеге тартпайтын,

Әкеге жүк артпайтын

Қыз болмайды-деп тегін айтпаған. Оларды жақсы тәрбиелеп,өнегелі еңбекке баулып,еліне пайдалы азамат етіп өсіру- ата-ананың борышы.Ертеме,кешпе сіздің тәрбие беру жолындағы еңбегіңіз белгілі бір табыстарға жеткізері сөзсіз. Ұрпақ тәрбиелеу жолында шаршамаңыз талмаңыз. Балаларыңыз тек қана биіктерден көрініп, қуанта берсін! Алтын уақытыңызды бөліп келгеніңізге көп рахмет!

Материал пайдалы болды ма? Бөлісіңіз

WhatsApp Telegram

Мақала құжаттары

Журнал, мақала және жарияланғаны туралы анықтама — бөлек PDF файлдар

Осы материал бойынша

AI Көмекші 30 секундта дайындайды — жауап кілті мен PDF бірге.

Автор

Bilimger Media

Пікірлер

Пікір қалдыру үшін аккаунтқа кіріңіз

Әзірге пікір жоқ — алғашқы болыңыз.

Авторларға

Сіз де өз мақалаңызбен бөлісіңіз

Мақалаңызды жариялап, сертификат пен журналды бірден алыңыз. Жарияланым Google мен Yandex-те табылады.

  • Сертификат (QR-коды бар)
  • Google, Yandex жүйелерінде шығады
  • Журналға шығады (онлайн)
  • Анықтама, журнал
  • Жеке кабинетте құжаттар сақталады
  • Мақалаға тұрақты сілтеме

2015 жылдан бері · ресми тіркелген журнал

Мақала жариялау

Осы тақырыптағы материалдар

Тәрбие сағаты

25 қазан Республика күні: тәрбие сағатының дайын сценарийі

25 қазан Республика күніне арналған тәрбие сағатының дайын сценарийі: мақсат, жүргізушілер сөзі, топтық тапсырмалар, тарихи мәлімет және рефлексия. Сыныпқа бейімдеп қолданыңыз.

Bilimger Media 3 мин 1 960 оқылым
Тәрбие сағаты

Білім күніне арналған тәрбие сағатының жоспары

Тақырыбы: «Білім – болашақтың бастауы» Бағыты: Танымдық, патриоттық, тәрбиелік Сынып: 5–11 сыныптарға бейімдеуге болады Ұзақтығы: 40–45 минут Өткізу формасы: Тәрбие сағаты, пікір алмасу, сұрақ-жауап, шығармашылық…

Bilimger Media 7 мин 281 оқылым
Тәрбие сағаты

16-желтоқсан Тәуелсіздік күніне тәрбие сағаты мектепке

Тәрбие сағаты тақырыбы: «Тәуелсіздік — елдің тұғыры» Мереке: Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні Негізгі дата: 1991 жылғы 16 желтоқсан Мақсаты Оқушылардың тәуелсіздік құндылығын түсінуін арттыру, патриоттық…

Bilimger Media 4 мин 159 оқылым