Мазмұнға өту
Мақала жариялау
Axiomus олимпиадасы·математика мен физика, 3–11 сынып·нәтиже 20 минутта, дипломда жетекші мұғалімнің аты Математика, физика олимпиадасы·3–11 сынып Қатысу

Ағайынды ардагерлер ( Ұлы Отан соғысы ардагерлері Боранкулов Оңболсын мен Есетов Бекболсынның тағылымды өмірінің өзектілігі.)

Nurzhan Kamila
2 мин оқу 48 оқылым

МАҢҒЫСТАУ ОБЛЫСЫНЫҢ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫ

МҰНАЙЛЫ АУДАНЫ БОЙЫНША БІЛІМ БӨЛІМІНІҢ

«БІЛІМДІ ҚАЗАҚСТАН» ЖШС IQ ЖЕКЕМЕНШІК БАСТАУЫШ МЕКТЕБІ

ОРЫНДАҒАН: 3 «А» СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫ АБЫЛАЙ САҒЫНЫШ,

ГАЙРАДДИНОВ АРМАН

Мақала

Ағайынды ардагерлер

Мен майдан даласында жауына қарсы қару алып, бізге бейбіт өмір сыйлау үшін, жеңіс үшін соғысқан майдангерлерді зерттеудемін. Бұл – мен үшін үлкен мақтаныш. Зұлмат соғыстың бел ортасында, бораған оқ пен оттың арасында Отан үшін қан кешкен аталардың ерлігін зор мақтанышпен айтамын. Сондықтан майдангер ардагерлер жайлы аздап сыр шерткім келеді.

Ағайынды Есетов Бекболсын мен Боранқулов Оңболсын – Ұлы Отан соғысында, қан майданда соғысқан жауынгерлер. Ардагерлеріміздің ұрпақтары аталарымыз жайлы бізге көп әңгіме айтып берді. Айтқан сайын қызыға тыңдаймын, себебі соғыстағы, соғыстан кейінгі өмірі мені қатты қызықтырды. Соғыс басталғанда, ауылдағы ер-азаматтармен бірге 1941 жылы екеуі де алғашқылардың бірі боп аттанған екен. Оңболсын атамыз жайлы деректер аз боп тұр, жан-жақты іздестірудеміз. Ал Бекболсын атамыз Сталинград үшін шайқасып, Берлинді де алуға қатысқан. Отан алдындағы борышын адал атқарған ардагердің «Сталинградты азат еткені үшін» медалін көріп, көз алдыма соғыс туралы кинолар келді. Ардагерлер жайлы деректерді білген сайын оның  ержүрек, батыр болғанына көзім жете түсуде. Бірнеше рет жарақат алса да, жазылған соң, ұрыс даласына қайта кіріп, Отан алындағы борышын адал атқаруды ойлаған Бекболсын атаның қайтпас қайсарлығына тәнті болдым. 1945 жылы соғысты аяқтап, елге оралған соң да ерліктері ескеріліп, 1948 жылы «Кеңес Армиясы мен флотына 30 жыл» медалімен, 1965 жылы «Ұлы Жеңістің 20 жылдығы», 1965 жылы «Ұлы Жеңістің 30 жылдығы», КСРО Қарулы күштерінің 50, 60 жылдығына орай медальдарымен марапатталған. Бұлар – ұрпақтарының үйіндегі ең қастерлі заттар. Оларды көзінің қарашығындай сақтап келеді. Жыл сайын 9 мамырда бұл медаль, ордендер сандықтан шығып, үйдің төріне ілінеді. Фашисттік басқыншыларды ойсырата жеңіп, Жеңіс күнін 79-рет атап өтсек те, бұл күн - біз үшін әлі де ең қастерлі күн. Сол бір бізге бейбіт өмір сыйлаған, миллиондаған адамның қанымен, көз жасымен келген жеңіс пен Отаны үшін жанын пида еткен аталарымыздың ерліктері жылдар өткен сайын асқақтай түсетіндей.

«Ешкім де, ешқашан да ұмытылмайтыны» ақиқат болса, аталарымның аты, ерлігі қазақ елінің санасында мәңгі сақталады. Ержүрек аталарымыздың қанымен, жанымен келген жеңістің арқасында бейбіт өмір сүріп жатырмыз. Сол үшін қазақ тарихында ерліктері алтын әріппен жазылған майдангерлердің есімдерін үнемі еске алып, рухтарына тағзым етеміз. Бұл – біздің, бүгінгі ұрпақтың перзенттік парызы деп білемін.

Біздер үшін жанын қиған,

Бас иеміз жандарға,

Атақ-даңқын жеткіземіз

Ертеңгі атар таңдарға, - деп, Есетов Бекболсын мен Боранқулов Оңболсын аталарым секілді бейбітшілік орнатуға қатысқан барлық майдангерлердің ерлігін ұрпақтан-ұрпаққа жеткізіп, қазіргі «қой үстінде бозторғай жұмыртқалайтын заманның» оңай келмегенін әлі талай айтатын боламыз.

Материал пайдалы болды ма? Бөлісіңіз

WhatsApp Telegram

Мақала құжаттары

Журнал, мақала және жарияланғаны туралы анықтама — бөлек PDF файлдар

Автор

Nurzhan Kamila

Пікірлер

Пікір қалдыру үшін аккаунтқа кіріңіз

Әзірге пікір жоқ — алғашқы болыңыз.

Авторларға

Сіз де өз мақалаңызбен бөлісіңіз

Мақалаңызды жариялап, сертификат пен журналды бірден алыңыз. Жарияланым Google мен Yandex-те табылады.

  • Сертификат (QR-коды бар)
  • Google, Yandex жүйелерінде шығады
  • Журналға шығады (онлайн)
  • Анықтама, журнал
  • Жеке кабинетте құжаттар сақталады
  • Мақалаға тұрақты сілтеме

2015 жылдан бері · ресми тіркелген журнал

Мақала жариялау

Осы тақырыптағы материалдар

Жалпы рубрика

1 қазан – Қарттар күніне арналған «Қарттарым – асыл қазынам» тәрбие сағаты

1 қазан – Қарттар күні: «Қарттарым – асыл қазынам» тәрбие сағаты Қарттар күні тәрбие сағаты оқушыларды үлкенді сыйлауға, ата-әжеге қамқор болуға және ұрпақтар сабақтастығын қадірлеуге баулиды. Төмендегі «Қарттарым – асыл…

Bilimger Media 7 мин 41 оқылым
Жалпы рубрика

Ұстаздарға құттықтау сөздер: әдемі тілектер мен жылы лебіздер

Ұстаздарға құттықтау сөздер Ұстаздарға құттықтау сөздер іздегенде, жүрекжарды әрі нақты лебіз таңдаған жөн. Ұстаз – білім беріп қана қоймай, шәкіртінің болашағына бағыт көрсететін ардақты жан. Мұғалімнің білімі, ақылы…

Bilimger Media 6 мин 146 оқылым
Жалпы рубрика

Мұғалімге тілек

Құрметті ұстаз! Сізге зор денсаулық, ұзақ ғұмыр, отбасыңызға амандық және еңбегіңізге толағай табыс тілейміз. Шәкірт тәрбиелеудегі қажырлы еңбегіңіз әрдайым жоғары бағаланып, оқушыларыңыздың жетістігі сізге қуаныш…

Bilimger Media 2 мин 55 оқылым