Мазмұнға өту
Мақала жариялау
Axiomus олимпиадасы·математика мен физика, 3–11 сынып·нәтиже 20 минутта, дипломда жетекші мұғалімнің аты Математика, физика олимпиадасы·3–11 сынып Қатысу

Әдептілік Әдемілік

Садуева Гульсара Еркебулановна
2 мин оқу 1 122 оқылым

Садуева Гульсара Еркебулановна

Тәрбие сағаты

Тақырыбы: Әдептілік Әдемілік

Мақсаты:Оқушыларды әдептілікке, инабаттылыққа, сыпайы сөйлеуге

Тәрбиелігі: жаман мен жақсыны ажырата білуге, үлкенді сыйлап, кішіге қамқорлық жасауға, қарт адамды қадірлеу,  ата анаы ардақтауға тәрбиелеу.

Көрнекілігі:

Әдептілік туралы суреттер, «Әдепті бала арлы бала», «Үйрен жақсы әдептен, жирен жаман әдеттен» атты плакатқа жазылған сөздер.

Амандасу салтымыз: Сәлем саған -Жер ана!

                                         Сәлем саған- Нұрлы күн!

                                         Сәлеметсіздер ме қонақтар!

                                          Аман есен болайық,

                                          Биебітшілік қалайық.

Ұйымдастыру кезеңі:Біз бүгін «Әдептілік  әлеміне саяхат жасаймыз»

Ондағы міндетіміз: сыпайы сөздерді үйрену, үлкен қарт адамдарға қамқорлық жасау, қол ұшымызды беру, көмектесу, кішілерге ізет көрсету. Жолдастыңмен қалай қарым қатынас жасау керектігі жөнінде кеңнен танысып білмекпіз.

Педого сөзі: Әдептілік адам бойындағы ең асыл қасиет. Әдепті бала, ұқыты, тілалғыш, шыншыл, қайрымды, еңбекқор, адал болады. Әдепті балалар кездескен адамдардың бәрімен амандасады, қоштасады. Ата-анасының айтқанын орындайды. Өтрік айтпайды, достарын жақсы көреді, ешкімді ренжітпейді

  1. «Бала мен қария» деген әңгіме желісі бойынша көрініс көрсетеміз.

«Көше бойымен таяққа сүйенген бір қарт келе жатты. Ол әбден қартайғандықтан, бүкірейіп кеткен. Бір бала оған қарсы келе жатты. Әлгі бала оған жақындағанда жол береді. Үлкен адам алғыс білдірді».

Балалар , әлгі бала қандай сөз айтты?

Сәлеметсіз бе, ата, өтіңіз деді.

  1. «Автобуста»

Аблайхан автобуста отыр еді.  Бір аялдамада қарт әжей кірді. Аблайхан орнынан тұрды да «отырыңыз»деді.

Әжей Аблайханға алғыс айтты.

Автобус орнынан қозғалғанда Аблайхан байқамай алдындағы адамды итеріп қалады.Әлгі адамашуланып кетті. Аблайхан «кешіріңіз» деп айтып еді, қайта жадырай қалды.

Сұрақ- жауап:

Балалар Аблайханың істеген ісі дұрыс па?

Аблайханды әдепті бала деуге болама?

Аблайханның орнында өздерің болсаңдар не істер едіндер?

  1. Оқушылардан сұрақтарға жауап аламын.

1.Өзіңе көмектескен адамға немесе жолдасыңа не деп айту керек?

Рахмет.

2.Тамақ ішіп болған соң не деу керек?

Тамағыңыз дәмді екен , рахмет .

3.Біреу өзіңе рахмет айтса не дейсің?

Оқасы жоқ.

4.Байқаусызда біреуді қағып кетсең не деу керек?

Кешіріңіз.

5.Сыныпқа кешігіп келсең  не істер едің?

Мұғаліммен,жолсатарыммен амандасып,кешірім сұрар едім.

6.Мектептен,қонақтан қайтқан кезде не дегенді ұмытпау керек?

Сау болыңыз.

Балалар бүгін біздерге қонақтар келіп отыр. Біз осы кісілерге әдептілік туралы өлең,тақпақтар айтып, әдепті оқушылар екенімізді көрсетейік

«Біз өмірдің гүліміз» әні орындалады.

«Әдептілік әліппесі» тақпақтарын жатқа айтады

Атам менің әманда

Әдепті жан бол деген.

Ата сөзі санмда

Жасы үлкенге жол бер.

Қорытынды: «Жүректен жүрекке».

Шеңберге түрып бір- бірлеріне жақсы сөздер айтады.

Ғажайып сөздер.

Біз әдепті, сыпайы баламыз.

Әдепті бала- жақсы бала.

Әдепті, сыпайы балалар айналасындағыларды жағымды, сүйкімді екенін түсіндік.

Әрдайым әдепті, сыпайы болуға, кездескен адамдармен амандасуды, кешірім сұрауды, өтінемін деген жылы  сөздерді үнемі айтуға үйрендік.

Материал пайдалы болды ма? Бөлісіңіз

WhatsApp Telegram

Мақала құжаттары

Журнал, мақала және жарияланғаны туралы анықтама — бөлек PDF файлдар

Осы материал бойынша

AI Көмекші 30 секундта дайындайды — жауап кілті мен PDF бірге.

Автор

Садуева Гульсара Еркебулановна

Пікірлер

Пікір қалдыру үшін аккаунтқа кіріңіз

Әзірге пікір жоқ — алғашқы болыңыз.

Авторларға

Сіз де өз мақалаңызбен бөлісіңіз

Мақалаңызды жариялап, сертификат пен журналды бірден алыңыз. Жарияланым Google мен Yandex-те табылады.

  • Сертификат (QR-коды бар)
  • Google, Yandex жүйелерінде шығады
  • Журналға шығады (онлайн)
  • Анықтама, журнал
  • Жеке кабинетте құжаттар сақталады
  • Мақалаға тұрақты сілтеме

2015 жылдан бері · ресми тіркелген журнал

Мақала жариялау

Осы тақырыптағы материалдар

Тәрбие сағаты

25 қазан Республика күні: тәрбие сағатының дайын сценарийі

25 қазан Республика күніне арналған тәрбие сағатының дайын сценарийі: мақсат, жүргізушілер сөзі, топтық тапсырмалар, тарихи мәлімет және рефлексия. Сыныпқа бейімдеп қолданыңыз.

Bilimger Media 3 мин 1 958 оқылым
Тәрбие сағаты

Білім күніне арналған тәрбие сағатының жоспары

Тақырыбы: «Білім – болашақтың бастауы» Бағыты: Танымдық, патриоттық, тәрбиелік Сынып: 5–11 сыныптарға бейімдеуге болады Ұзақтығы: 40–45 минут Өткізу формасы: Тәрбие сағаты, пікір алмасу, сұрақ-жауап, шығармашылық…

Bilimger Media 7 мин 281 оқылым
Тәрбие сағаты

16-желтоқсан Тәуелсіздік күніне тәрбие сағаты мектепке

Тәрбие сағаты тақырыбы: «Тәуелсіздік — елдің тұғыры» Мереке: Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні Негізгі дата: 1991 жылғы 16 желтоқсан Мақсаты Оқушылардың тәуелсіздік құндылығын түсінуін арттыру, патриоттық…

Bilimger Media 4 мин 159 оқылым