Мазмұнға өту
Мақала жариялау
Axiomus олимпиадасы·математика мен физика, 3–11 сынып·нәтиже 20 минутта, дипломда жетекші мұғалімнің аты Математика, физика олимпиадасы·3–11 сынып Қатысу

Адамның өзін-өзі бағалауы.

Гауһар
2 мин оқу 93 оқылым

Байғали Гауһар Бауыржанқызы

Сенімсіздіктің пайда болуы мен оның шешімі неде?

Қазіргі таңда жасөспірімдер арасындағы мәселелердің бірі, бұл тіпті жасөспірімдерде ғана емес,кез келген жас арақашықтықтағы ересектер арасындағы мәселе. Ол - сенімсіздік, өзін-өзі төмен ұстау. Тұлғаның өзіндегі сыртқы келбетінен болсын,ішкі дүниесінен болсын үнемі кемшіліктерді байқау, сол кемшіліктерді өз-өзінен іздеу. Осының барлығының негізі ретінде адамда өзін қабылдамау туралы теріс ойлар қалыптасады. Барлығымыздың өзімізді сенімсіз сезінетін кездеріміз болады. Және бұл қалыпты жағдай. Ең бастысы сол сенімсіздіктің өзімізді толықтай жаулап алмауына жол бермеуге тырысуымыз қажет. Сонымен, осы мәселенің, яғни сенімсіздіктің пайда болу факторларын қарастырайық.

Біріншіден, өзіне деген сенімсіздік көбіне адамдардың өз сыртқы келбетін қабылдамау тұсында пайда болады. Бұл қазіргі жастар арасындағы тұрақты проблема деп ойлаймын. Басты кемшіліктерді сырт келбеттен іздейміз, мінсіз келбетті армандаймыз.
Екіншіден, өз-өзіңді сынау, басқалармен салыстыру. Өзімізді кейде болсын басқамен салыстыратын жағдай да болады. “Оның қолынан бәрі келеді, неге ол істегенді мен істей алмаймын?” “Мен оның қасында тым әлсізбін” деген ойлар сізді бір рет болсын мазалаған болар. Өзіңізді басқалармен салыстып, ішкі дүниеңізді жоғалтып аласыз.
Үшіншіден, басқа адамдардың сіз туралы қалай ойлайтыны. Сізді сынап, мініңізді бетіңізге басатыны. “Басқалары не деп ойлайды?”, “Дұрыс түсінбей қалса ше?” деген сұрақтардың сіздің басыңызда болуы. Мұндай сұрақтарды өзіңізге қойып, сенімділігіңізді түсірмеуге тырысыңыз. Өзін-өзі бағалау көбінесе басқалардың назарына байланысты. Американдық жазушы Роберт Гриннің айтуынша “Басқалардың назарын аудару үшін адамдар кез келген нәрсеге, соның ішінде қылмысқа немесе суицидке дайын”. Әрбір іс-әрекет басқа біреудің назарын аудару қажеттілігіне негізделген. Осыны түсінуіміз қажет.

Осы түсіндірілген себептер
өз-өзімізді бағалауға,яғни САМООЦЕНКА- мызға байланысты. Ал өз-өзімізді бағалау дегеніміз- бұл біздің өмірімізге деген эмоционалдық қарым- қатынасымыз. Сонымен, сенімсіздік бұл- өзіңді төмен бағалау. Төмен өзін-өзі бағалау - бұл адамның өзі туралы нашар ойлайтыны және өз күші мен мүмкіндіктеріне сенбейтіндігі. Ол жиі өзіне күмәнданады, өзін көбінесе сенімсіз сезінеді және басқа адамдарды өзінен жақсырақ немесе маңыздырақ деп ойлайды. Мұндай адам сәтсіздікке ұшыраудан немесе мазақ болудан қорқатындықтан, жаңа жағдайлар мен тапсырмалардан аулақ болуы мүмкін.

Өз-өзіне күмәндану қиын сынақ, бірақ оны жеңуге болады. Сіздің жетістіктеріңіз бен қасиеттеріңізге назар аударуға тырысыңыз, сана- сезіміңізді дамытуға және өзін-өзі бағалауды біртіндеп арттыруға қадамдар жасаңыз. Кішкентай қадамдардан бастап, бірте-бірте өзіңізге деген сенімділікті дамытуға болады. Өзіңізге сенімділікті біртіндеп арттыру үшін мақсаттарыңызды кішігірім, аз-аздан қол жеткізуге болатын қадамдарға бөліп көріңіз. Сондай- ақ әрбір прогресс үшін өзіңізді марапаттаңыз және алға басқан әрбір қадам жетістік екенін есте сақтаңыз. Қолдау көрсететін адамдармен байланысу да мотивация мен сенімділік көзі бола алады.

Материал пайдалы болды ма? Бөлісіңіз

WhatsApp Telegram

Мақала құжаттары

Журнал, мақала және жарияланғаны туралы анықтама — бөлек PDF файлдар

Автор

Гауһар

Пікірлер

Пікір қалдыру үшін аккаунтқа кіріңіз

Әзірге пікір жоқ — алғашқы болыңыз.

Авторларға

Сіз де өз мақалаңызбен бөлісіңіз

Мақалаңызды жариялап, сертификат пен журналды бірден алыңыз. Жарияланым Google мен Yandex-те табылады.

  • Сертификат (QR-коды бар)
  • Google, Yandex жүйелерінде шығады
  • Журналға шығады (онлайн)
  • Анықтама, журнал
  • Жеке кабинетте құжаттар сақталады
  • Мақалаға тұрақты сілтеме

2015 жылдан бері · ресми тіркелген журнал

Мақала жариялау

Осы тақырыптағы материалдар

Жалпы рубрика

1 қазан – Қарттар күніне арналған «Қарттарым – асыл қазынам» тәрбие сағаты

1 қазан – Қарттар күні: «Қарттарым – асыл қазынам» тәрбие сағаты Қарттар күні тәрбие сағаты оқушыларды үлкенді сыйлауға, ата-әжеге қамқор болуға және ұрпақтар сабақтастығын қадірлеуге баулиды. Төмендегі «Қарттарым – асыл…

Bilimger Media 7 мин 41 оқылым
Жалпы рубрика

Ұстаздарға құттықтау сөздер: әдемі тілектер мен жылы лебіздер

Ұстаздарға құттықтау сөздер Ұстаздарға құттықтау сөздер іздегенде, жүрекжарды әрі нақты лебіз таңдаған жөн. Ұстаз – білім беріп қана қоймай, шәкіртінің болашағына бағыт көрсететін ардақты жан. Мұғалімнің білімі, ақылы…

Bilimger Media 6 мин 146 оқылым
Жалпы рубрика

Мұғалімге тілек

Құрметті ұстаз! Сізге зор денсаулық, ұзақ ғұмыр, отбасыңызға амандық және еңбегіңізге толағай табыс тілейміз. Шәкірт тәрбиелеудегі қажырлы еңбегіңіз әрдайым жоғары бағаланып, оқушыларыңыздың жетістігі сізге қуаныш…

Bilimger Media 2 мин 59 оқылым