Мектепте оқылатын қазақ тілі курсы

Мектепте оқылатын қазақ тілі курсы лингвистика ғылымына жаңадан
енген теориялар мен тілдік фактілер арқылы дамуда. Мысалы, соңғы кезде
қазақ тілі бағдарламасында да, соған лайық оқулықтарға да елеулі жаңалықтар
енді. Атап айтқанда, синтаксис бөліміне сөз тіркесі туралы мәліметті енгізу
қарастырылды. Қазақ тілін оқыту әдістемесінің алдына үлкен міндеттер
қойылды. Осы тақырыптарды ғылыми тұрғыда оқушыларға түсіндңрудің әдіс-
тәсілдерін іздестіру қажеттігі қойылып отыр.
Қазіргі педагогика, психология, логика ғылымдарының соңғы
жаңалықтарына шолу жасай келіп, қазақ тілін оқыту әдістемесінің ғылым
ретінде дамуының басты ерекшеліктерін мына мәселелердің төңірегінде
қарастыруға болады: әдістемелік зерттеу жұмыстары жетілдіріліп, олар кең
өріс алды,1эксперименттік бақылау жұмыстары жүргізілуде, мектеп тәжірибесі
жан-жақты зерттеліп, жаң афакт, дәлелдермен байытылуда,2 сондай-ақ жалпы
әдістеме ғылымындағы жетістіктерді, әсірісе, орыс тілі әдістемесіндегі
қажетті тиімді, пайдалы деген іс-тіжірибелерді пайдаланып келеміз,3 атап
айтқанда, оқушылар үлгеріміндегі басты кемшіліктер, оны жоюдың нақты
жолдары қарастырылуда. Мысалы, тіліміздің фонетикалық, морфологиялық
негіздерін жетік білмеуден емлелік қате жіберу, пунктуациялық және стильдік
қателердің кездесуі қазақ тілін оқыту әдістемесіне басты назар аударуды
талап етеді. Сондай-ақ, мектептегі оқыту жүйесінің деңгейін мұқият бақылай,
зерттей отырып, әдістеме ғылымының жаңалықтарынан әсіресе, қазіргі сабаққа
қойылатын талаптардан мұғалімнің үнемі хабардар болып өсіп отыруын негізгі
мәселелердің бірі деп санау керек, яғни қазақ тіл білімі мен оның
әдістемесін тығыз байланыста қарау мұғалімдердің жан-жақты шығармашылық
ізденістерін дамыту, ой туғызу, көмектесіп, бағыт беру қазіргі мектеп
реформасы талаптарына сай негізгі мәселелердің бірі болып есептеледі.
Қазақ тілін оқыту әдістемесін жетілдіру процесі әлі аяқталған жоқ.
Өйткені әдістеме озат мұғалімдердің тәжірибелерімен толығып, мазмұны мен
жүйесі, құрылысы кеңейіп, байып отырады.
1Лернер И.Я. Проблема познавательных задач в обучении основам гуманитарных
наук и пути ее исследования (постановка проблемы). В. Сб. Познавательные
задачи в обучении гуманитарным наукам под ред. И.Я. Лернера, Москва, 1972.
2Әлімжанов Д, Маманов Ы. Қазақ тілін оқытудың методикасы, Алматы, 1965.
Арғынов Х. Жай сөйлем синтаксисін оқытудың методикасы, Алматы, 1967.
3Құлмағанбетова Б. Құрмалас сөйлемді оқытудың кейбір мәселелері. Алматы,
1963.
Әдістемеде қолданылып келген кейбір ереже, анықтама, түсініктер,
терминдер нақтыланып, жетілдіріліп, дамытылып отырады. Мысалы, қазақ тілі
әдістемесінің біраз проблемаларын зерттеген әдіскерлердің бірі И. Ұйықбаев
кезінде диктанттың мына түрлерін ұсынған болатын: түсіндірмелі, терме,
өздік, шығармашылық, еркін, сөздік және бақылау диктанттарын,1 ал әдіскер
Е. Көшербаев шығармашылық диктант, ерікті диктант, өздік ескерту, және
бақылау диктанттарын ұсынса,2 әдіскер Қ Жолымбетов көру диктантының
психологиялық жағынан тиімділігін дәлелдейді3.
Бірсыпыра оқулық авторлары мен лингвист ғалымдар Ә. Хасенов, А.
Әбілқаев Түсіндірмелі салалас, Бұйрықты сөйлем деген тілдік терминдерді
қазақ тілін оқыту әдістемесіне ұсынды.
Ғылым ретінде қазақ тілін оқыту әдістемесінің дамуы, ең алдымен,
тәжірибеде жинақталған фактілер мен эксперимент, бақылау жұмыстарының
деректеріне аса көңіл бөлініп, қолданылып жүрген әдіс-тәсілдердің кемшілік
жақтары анықталып, онан ғылыми қорытынды жасауға талаптар қойылуында.
Әсіресе, оқушылардың ойлау қабілетінің дамуына, жетілуіне, сондай-ақ
олардың сөйлеу және есту қабілеттеріне, зейініне көңіл бөле отырып, тілдік
материалдарды орынды қолдана білу сияқты іс-әрекеттерді арттыру негізгі
мәселелердің бірі болып отыр. Мысалы, қазақ тілінің фонетика, лексика,
морфаология, синтаксис, тіл дамыту бөлімдері ғылым әдіскерлердің ұзақ
жылдар зерттеу жүргізу нәтижесінде мектеп тәжірибесінде сыналып байқалды.
1 Ұйықбаев И. Мектепте қазақ тілін оқыту мәселелері. Алматы, 1957, 56-бет.
2Қаржаспаев Ж. Көшербаев Е. Диктанттар жинағы. Алматы,1963, 4-бет.
3Жолымбетов К. Ү-ҮІ сынып оқушыларында кездесетін орфографиялық қателерді
түзету және болдырмау жолдары. 1958, 46-бет.
Олардың кемшілік, жетістік жақтары нақтыланды.
Тіл ұстарту жұмыстарына байланысты тіл дамыту жұмысының жүйесін
анықтау, жазба тіл мен ауызекі сөйлеу, байланыстырып сөйлеу әдістемесі,
лексикалық материалдарды сұрыптау, тілдік материалдарды стилистика жағынан
дұрыс пайдалану жолдары осы әдістемеде көрсетіліп отырады. Қорыта келгенде,
қазақ тілін оқыту әдістемесі мектепте оқылатын қазақ тілі материалдарын
практикалық тұрғыдан оқушыларға саналы түсіндіретін ғылым саласы демекпіз.

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *