Ағаштар

Алматы облысы «Қапшағай қаласының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Ақдидар»балабақшасы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны.

Тәрбиеші:Ермекбаева Ж.Н.

Білім беру саласы: Таным                                                                                

Оқу қызметі: Жаратылыстану

Тақырыбы:«Ағаштар»

Мақсаты:ағаштар туралы мағлұмат беру өсімдіктерге күтім жасауға үйрету, олардың пайдасы және биік-аласа ұғымдарын ажырата білуді үйрету.

СМАРТ мақсат: ағаштардың ішінен алма, шырша, күзгі ағаш түрімен танысып, ашық сұрақтарға жауап береді. Мезгіл ағаштарының ішінен күзгі ағашты табады, 3-түрлі ағашты безендіреді, ағаштар мен жапырақтардың көлеңкесінтабады.                                                Әдіс-тәсілдер: түсіндіру, сұрақ-жауап.

Бастапқы  бөлім

Шаттық шеңбері

Педагог төмендегі өлең жолдарын қайталайды:

Балалар шеңберге тұрып, педагогпен бірге бүгінгі күндеріне сәттілік    тілейді.

Мейірімді жүрекпен

Бөлісемін бақытты.

Ақ ниетпен шын тілеп

Ізгі істерді, жақұтты!

Балалардың іс-әрекеті:

Шеңбер бойына тұрып, өлең  жолдарын қайталап, қимылдар жасайды.

-Балаларға сұрақ-жауап қойылады, өтпелі тақырып қозғалады.

-Жаңа тақырыпты видео арқылы таныстырылады. Алма ағашынан алма жемісін аламыз. Алманың адам ағзасына пайдасы көп. Алма темірге бай, темір қан айналымы жүйесіне өте қажет. Ол жүрек, бауыр, бүйрек, асқазан, ішек жолдарының жұмыстарын жақсартады.Қайың ағашы: Қайың жұрттың бәріне көмектесе бермейді, өзін еркелететін жақсы көретін жандарға көмектеседі. Қайың шырынын ішу денсаулыққа өте пайдалы.

Көктерек ағашы: Көктерек-адам бойынан жаман энергияны жұлып алуда таптырмайтын ең күшті ағаш саналады. Ол үшін ағашқа арқаңызды тіреп, 15 минуттай тұру керек.

Емен ағашы: Емен мен қайың әлсіз қан қысымын төмендетеді. Сондықтан (гипертониямен) ауыратын адамдар осы ағашқа жақын жүрген жөн екен.   Шырша мәңгі жасыл, бір үйлі, қылқан жапырақты өсімдіктер.Шыршаның әрбір жапырағы, қылқаны адамға пайдалы. Хош иіс беріп, теріге түскен кейбір жараларды жазады.Ауаны оттегімен байытады. Шыршаның жәй келбетінің өзі адамға әсер етеді. Сәнділік қасиеттері де бар. Скрипка, рояль сынды музыкалық аспаптар осы шыршадан дайындалады.

Негізгі бөлім

Балалар стол үстінде аралас жатқан  ағаштардың суретін таңдау арқылы  үш топқа топтасады.

Шырша

Алма

Күзгі ағаш

Тапсырма:                                                                                          

Жеке тапсырма «Қай ағаш» төрт түрлі ағаш суреті беріледі, ішінен күз мезгілінің ағашын тап, алма ағашын тап ойыны ойнатылады.

Жұптық тапсырма «Көлеңкесін тап» ойынында ағаш пен жапырақтың көлеңкесін табады.

Сергіту сәті:

 Тербеледі ағаштар,

Алдымнан жел еседі.

Кіп-кішкентай ағаштар.

Үп-үлкен болып өседі.

4К Командалық жұмыс:

Топтық тапсырма:

Бірінші топ: алма ағашынан алмаларды себетке жинайды.

Екінші топ:шырша ағашын ойыншықтарымен құрастырып шығады.

Үшінші топ: күзгі ағаштың жапырақтарын жапыстырып щығады.

Қорытындылау:  сұрақ-жауап арқылы

2-3 баладан әңгіменің мазмұнын сұрау.

Дидактикалық ойын.«Жапырағына қарай ажырат»

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *