Республикалық білім порталы

Top Menu

  • Сайт ережесі. Пайдаланушылық келісім
  • Сертификат. Құрмет грамотасы. Алғыс хат
  • БАЛАБАҚША ӘЛЕМІ

Main Menu

  • МЕКТЕП ПӘНДЕРІ
    • Бастауыш сынып
      • Сауат ашу
      • Әдебиеттік оқу
      • Дүниетану
      • Жаратылыстану
    • Қазақ тілі
    • Қазақ әдебиеті
    • Қазақстан тарихы
    • Алгебра
    • Математика
    • Физика
    • Химия
    • Геометрия
    • География
    • Информатика
    • Ағылшын тілі
    • Биология
    • Алғашқы әскери дайындық
    • Дефектология
    • Дүние жүзі тарихы
    • Құқық
    • Логопедия
    • Орыс әдебиеті
    • Мектепалды даярлық сынып
    • Орыс тілі
    • Өзін-өзі тану
    • Сынып сағаты
      • Тәрбие сағаты
    • Технология
    • Шет ел тілі
  • Колледж пәндері
  • Балабақша
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • МАҚАЛА ЖАРИЯЛАУ
  • ПАЙДАЛЫ
Кіру / Тіркелу

Логин

Қош келдіңіз! Аккаунтқа кіру
Кілт сөзді ұмыттыңыз ба?
Тіркелу

Lost Password

Артқа оралу

Тіркелу

Артқа оралу
  • Сайт ережесі. Пайдаланушылық келісім
  • Сертификат. Құрмет грамотасы. Алғыс хат
  • БАЛАБАҚША ӘЛЕМІ

logo

Header Banner

Республикалық білім порталы

  • МЕКТЕП ПӘНДЕРІ
    • Бастауыш сынып
      • Сауат ашу
      • Әдебиеттік оқу
      • Дүниетану
      • Жаратылыстану
    • Қазақ тілі
    • Қазақ әдебиеті
    • Қазақстан тарихы
    • Алгебра
    • Математика
    • Физика
    • Химия
    • Геометрия
    • География
    • Информатика
    • Ағылшын тілі
    • Биология
    • Алғашқы әскери дайындық
    • Дефектология
    • Дүние жүзі тарихы
    • Құқық
    • Логопедия
    • Орыс әдебиеті
    • Мектепалды даярлық сынып
    • Орыс тілі
    • Өзін-өзі тану
    • Сынып сағаты
      • Тәрбие сағаты
    • Технология
    • Шет ел тілі
  • Колледж пәндері
  • Балабақша
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • МАҚАЛА ЖАРИЯЛАУ
  • ПАЙДАЛЫ
  • Қазақтан шыққан тұңғыш кемеңгер

  • Қазақтан шыққан тұңғыш кемеңгер

  • Астрономия – наука о Вселенной

  • Астрономия – наука о Вселенной

  • Ашық сабақ “Қысқы киімдер”

  • Халық қасіретінің жабылғанына биыл – 30 жыл!

  • ЮНЕСКО-ның DVV International аясында субөңірлік онлайн консультация өтті

  • Сауда және қоғамдық тамақтанудағы кәсіптік қызмет көрсету

  • Этностильдегі бұйымдарды жасау (баскиімдер, қазақтың ұлттық киімдері)Бұйымдарды әшекейлеу

  • «Дауылды жылдардың дауылпаз жыршысы»

ҒЫЛЫМ
Home›ҒЫЛЫМ›Ж. Баласағұнның «Құтты білік» еңбегіндегі білім мен ғылымның нағыз бақыт екендігі жайында

Ж. Баласағұнның «Құтты білік» еңбегіндегі білім мен ғылымның нағыз бақыт екендігі жайында

By
12 февраля, 2021
48
0

Жанатаев Данат, ф.ғ.к, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ доценті, Қасымова Балжан, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, қазақ филологиясы мамандығының         1-курс магистранты

Құтты білікте «Бақыттылар, беу, қанағат қылғандар!»- дейді, демек Тәңірдің сыйлаған әрбір күні біз үшін үлкен бақыт. «Өз біліміңе ешнәрсе қоспаған әрбір күнді бақытсыз деп біл» – деген тұжырымды қосқым келеді, себебі берілген күн – жаңа мүмкіндік, оны білімді жетілдіруге, тың нәрсені үйренуге арнау қажет.

«Білімді» адамға қонған бақты Ж. Баласағұн былай сипаттайды: «Біліктіге – таққанмен тең күн-жақұт» – дейді, яғни  білімді адам басына қонған бақты бағалап, оны сәуле болып, өзгелерге тарататынын, шуағын шашатынын дәлелдеп кеткен. Ал «ақымақ» адамға қонған бақты былайша суреттейді: «Ақымаққа қонған бақыт тоналар, Қалай қонса, солай ұшып, жоғалар». Бақытты бағалау үшін көкірек көзінің ояу болуы басты қағида екенін осы еңбекте көрсетеді. Тек білімді адам «бақыттың» мәнін түсінетінін айтады.

«Ақылмен ұқ, тындыр істі біліммен, Жылмен – бақыт, келсін құтың күніңмен» – деп Ж. Баласағұн біліммен біліп, ақылмен ұғып, еңбектеніп қана адам баласының нағыз бақытқа жететінін айтқан болатын.

«Ай, құштар жан, ұста өмірдің өзегін, Толып – шалқыр сонда, бақыт өзенің» – деген «Құтты біліктегі» үзіндіні алатын болсақ, адамның бақытты болуы үшін ең алдымен, өмірге құштарлығы, оның ағысына бейімделуі маңызды екенін көрсек болады. Өмірдің өзегі – білімде екенін барлық жерде дәлелдеген. Байлықты бұл дүниенің бақыты деп санаудың үлкен қателік екенін де көрсеткен: «Бақсаң дәулет көрінер де елп етер, Опасыз ол тез қартайтар, тез кетер». Яғни, автор байлық пен дәулет адам үшін бақыт бола алмайтынын, оның өзі адамды уайымға салып, жүдетіп,  тез қартайтып, соңы ауруға шалдықтыратынын көрсеткен. «Шекерімен алдап алып, у берер»,  « жарығы аз, түтіні көп қап-қара» деп байлықтың «баянсыз бақыт» екенін жеткізген. Дәулетті «үркек, ор киікке» теңеп, тұрақсыз екенін, қолдан усып, шығып кететіндігін тамаша көрсете білген.

«Тайғақ табан қонбай жатып жеріген» – деп автор «қалай білімді болам?» демес бұрын оған жетуде адамның мақсаттары айқын болуы керек дейді, себебі жігерсіз, мақсатсыз адам не қалаған нәрсесін анықтай алмайды, не жарты жолда сағы сынатынын айтады. Демек, «білімге жету – жігерлі адамның жеңісі». Яғни, адам баласы «қол мен тілін бос ойыннан сақтаса»,  «тектен-текке несібесін шашпаса»  білімге жетеді дейді. «Қонған құттың біл қасиет-қадірін, Қадірді ұққан көрмес тірлік жәбірін» – деп автор айтқандай, бақыттың тұрақты болуын сақтау – адамның біліміне, түсінігіне байланысты. Адамға ақыл мен білім келсе, оны дарытқан Аллаға шүкір айтуды да кітапта еске салады: «Құт дарыттың, бар тілекті орындадың, Бердің бәрін ризамын тағдырға». Бақыттың қақпасын ашып, құтқа бөлену үшін адамға көп еңбектену қажет. Білімді адамның жанында жүрсе адамның да бағы артатынын былай көрсеткен: «Білімдіден біліп алғын ісіңді» , «Адам егер бастаса ісін біліммен, Мақсатына жетер тілеп-жүгінген», «Қай ісің де білімменен гүлдейді, Білім кейін қалса қолың жүрмейді».

Білімді ең басты жолға қоюуына мына үзінді дәлел: «Білімнен әзіз не бар дейсің жаһанда». Яғни, бақыттың, бақтың, құттың қолымызда бағалауға жетелейтін – білім.

Ал ең бақытты адамды былайша суреттеген: «Жақсы айтыпты, бек білікті, бақытты ең, Білікті сөз тең ғой інжу- жақұтпен». Бұл сөзден аңғаратынымыз –  «ақылмен айтылған сөздің қымбаттылығы». Әрбір айтатын сөзіміздің құндылығына мән беруіміз керек, себебі ақылмен айтылған сөз арқылы өзге адамның дұрыс жолға түсуіне көмек беруге болады. Басқа адамның бақыт табуына жолу ашу – нағыз бақыт.

Ойымызды қорытындылай келе, нағыз бақыт – білімділік екеніне көз жеткіздік. Білімді адам ғана басындағы бақытын баянды етіп, бағалай біледі. Автордың сөзімен айтатын болсам, «Ақыл қолдар, ал білімнен құт қонар» – деп, ақылды қара түнді ашатын шырақ ретінде, ал білімді нұрын шашатын жарық ретінде көрсеткен. Ж.Баласағұн  өзінің аталық сөзін жеткізіп, осы айтқандарын ізгі өмірімізде қолдана білуге шақырады.

 

Previous Article

«Өлкетану – туған жердің тарихи танымы»

Next Article

TOURIST PROMOTION

Ұқсас материалдар Осы автордан

  • ҒЫЛЫМ

    Қазақ тілінде “ң” дыбысының қолданылуы

    4 марта, 2019
    By admin
  • ҒЫЛЫМ

    БҮГІНГІ БІЛІМ БЕРУДЕГІ ЦИФРЛАНДЫРУ – КИБЕРПЕДАГОГИКА МӘСЕЛЕСІ

    20 ноября, 2020
    By
  • ҒЫЛЫМ

    І.ЖАНСҮГІРОВ ШЫҒАРМАЛАРЫН ТАЛДАУДЫҢ АКСИОЛОГИЯЛЫҚ АСПЕКТІСІ

    25 февраля, 2021
    By Beket
  • ҒЫЛЫМ

    «Қаздың түрлері және оның емдік қасиеті»

    8 декабря, 2018
    By admin
  • ҒЫЛЫМ

    БҮГІНГІ БІЛІМ БЕРУДЕГІ ЦИФРЛАНДЫРУ – КИБЕРПЕДАГОГИКА МӘСЕЛЕСІ

    20 ноября, 2020
    By pedagog
  • ҒЫЛЫМ

    Болашақ бастауыш сынып мұғалімін инновациялық әдістемелік қызметке дайындау мүмкіндіктері

    30 июля, 2019
    By admin

Пікір қалдыру Отменить ответ

Для отправки комментария вам необходимо авторизоваться.

  • БАЛАБАҚША ӘЛЕМІ

    вариативтік компонент

  • Бастауыш сынып

    Заттың қимылын білдіретін сөздерге саяхат

  • Коучинг сабақтар

    «Жаңартылған білім беру бағдарлама» бойынша математика пәнінен 1-ші сыныпқа арналған сабақ үлгілерінің жинағы

 

 

WhatsApp:
+7 707 817 74 58

Біздің Instagram каналымыз

Кто в сети

Никого нет on-line

Жаңа жаряиланымдар

  • Қазақтан шыққан тұңғыш кемеңгер
  • Қазақтан шыққан тұңғыш кемеңгер
  • Астрономия – наука о Вселенной
  • Астрономия – наука о Вселенной
  • Ашық сабақ “Қысқы киімдер”
  • Халық қасіретінің жабылғанына биыл – 30 жыл!
  • ЮНЕСКО-ның DVV International аясында субөңірлік онлайн консультация өтті
  • Сауда және қоғамдық тамақтанудағы кәсіптік қызмет көрсету
  • Этностильдегі бұйымдарды жасау (баскиімдер, қазақтың ұлттық киімдері)Бұйымдарды әшекейлеу
  • «Дауылды жылдардың дауылпаз жыршысы»

Facebook

Күнтізбе

Февраль 2021
ПнВтСрЧтПтСбВс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
« Янв    

ЖАҢА ЖАРИЯЛАНЫМДАР

  • Қазақтан шыққан тұңғыш кемеңгер
  • Қазақтан шыққан тұңғыш кемеңгер
  • Астрономия – наука о Вселенной
  • Астрономия – наука о Вселенной
  • Ашық сабақ “Қысқы киімдер”
  • Халық қасіретінің жабылғанына биыл – 30 жыл!
  • ЮНЕСКО-ның DVV International аясында субөңірлік онлайн консультация өтті
  • Сауда және қоғамдық тамақтанудағы кәсіптік қызмет көрсету
  • Этностильдегі бұйымдарды жасау (баскиімдер, қазақтың ұлттық киімдері)Бұйымдарды әшекейлеу
  • «Дауылды жылдардың дауылпаз жыршысы»

жалпы мәліметтер

BILIMGER.KZ

Байланыс :
Тел:          +7 707 817 74 58
E-mail:     bilimger@bk.ru

Бұл Республикалық білім порталы 2015 жылдан бері ұстаздарға қызмет етіп келе жатыр.
Сайт материалдарын басқа сайттарға немесе жобаларға, коммерциялық жобаларға сайт әкімшілігінің рұқсатынсыз пайдалануға тыйым салынады.

Яндекс.Метрика
2021 © BILIMGER.KZ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ БІЛІМ ПОРТАЛЫ