Бір айнымалысы бар сызықтық теңсіздіктер жүйесін шешу

Ұзақ мерзімді жоспардың тарауы: 6.3В Мектеп: №3 мектеп-лицей
Күні: 15.02.2021ж Мұғалімнің аты-жөні: Жарылқасын Аяулым Нұрғалиқызы
Сынып: 6 «И» Қатысқандар саны:
Сабақ тақырыбы Бір айнымалысы бар сызықтық теңсіздіктер жүйесін шешу
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) 6.2.2.14
бір айнымалысы бар сызықтық теңсіздіктер жүйесін шешу;

Сабақ мақсаттары Білім алушылар:
Бір айнымалысы бар сызықтық теңсіздіктің анықтамасын біледі;
Бір айнымалысы бар теңсіздікті шешудің алгоритмін біледі;
Жүйедегі теңсіздіктердің әрқайсысының шешімдерін табады;
Табылған шешімдерді бір координаталық түзуде кескіндейді;
Координаталық түзуден жүйедегі теңсіздіктердің ортақ шешімдерін табады.

Ойлау дағдыларының деңгейі Қолдану
Бағалау критериі Білім алушы
• Теңсіздіктер жүйесін шешеді
Құндылықтарға баулу Өзгелердің мәдениетіне және көзқарастарына құрметпен қарау құндылығына баулу топтық жұмыс арқылы іске асырылады.
Пәнаралық байланыс
Алдыңғы білім Бір айнымалысы бар сызықтық теңсіздіктер
Сабақ барысы
Сабақтың кезеңі/ уақыт Педагогтің әрекеті Оқушының әрекеті Бағалау Ресурстар
Басы
5 минут Ұйымдастыру. Амандасу.
Оқушылардың көңіл күйлерін біліп, психологиялық ахуал тудыру. Оқушылар бір-біріне жылылық сыйлау
.
Үй тапсырмасын тексерту
Оқушылардың көңіл күйлерін біліп, психологиялық ахуал тудыру. Оқушылар бір-біріне жылылық сыйлау.
Психологиялық ахуал
Керемет Тамаша
Орташа

Негізгі бөлім Тақырыпты ашу
5 минут

Оқушылардың оқу мақсатын меңгеру мақсатында Миға шабуыл арқылы сұрақтар қойылады.
Миға шабуыл» өткен сабақ бойынша қайталау сұрақтары:
C-1: Бір айнымалысы бар теңсіздік деп қандай теңсіздікті айтамыз?
С-2: Бір айнымалысы бар теңсіздіктің шешімі дегеніміз не?
С-3: Бір айнымалысы бар сызықтық теңсіздіктер жүйесінің шешімі дегеніміз не?
С-4: Теңсіздікті шешу дегеніміз не?
«Миға шабуыл» қойылған сұрақтарға жауап береді.

Дескриптор: Білім алушы:
— теңсіздіктерді түрлендіреді;
— бірінші теңсіздіктің шешімдерін табады;
— екінші теңсіздіктің шешімдерін табады;
— теңсіздіктердің қиылысуын табады;
— жауабын жазады.
Бағалау. Дескриптор арқылы өзін-өзі бағалайды.

Жеке жұмыс
20 минут

5 мин

Өз беттік жұмыс
1-тапсырма : Теңсіздіктер жүйесін шешіңіз

2 – тапсырма: Жұптық жұмыс. «Көршіңмен ой бөліс» әдісі
№ 1026, №1028 теңсіздіктер жүйесін шешіңдер

Білім алушылар Дарын онлайн платформасы арқылы тақырып бойынша тест тапсырады

Теңсіздіктер жүйесін шешеді.

.
Теңсіздіктер жүйесін шешеді.

Дарын онлайн арқылы тест тапсырады

Бағалау. Бірін бірі бағалайды.

Бағалау. Тесттен жинаған нәтижесі бойынша

https://daryn.online/lesson/3143-bir-aynymalysy-bar-syzyqtyq-tenhsizdikter-dguyesin-sheshu-ii-bolim
Соңы
5 минут Оқушылар рефлексиясы «Бір минут» әдісі арқылы оқушылар кезек бойынша бір минут ішінде сабақ тақырыбы бойынша тоқтаусыз, қайталаусыз жəне қатесіз сөйлейді.

«Бір минут» сабақтан үйренгендері туралы айтады

Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз? Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз? Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Саралау іріктелген тапсырмалар, бір оқушыдан күтілетін нәтижелер, оқушыға дербес қолдау көрсету жұмыстары.
Тапсырманы толық дұрыс орындаған оқушыларды марапаттау Нұсқаулықпен жүргізіледі.
Сабақ бойынша рефлексия
Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?
Жеткізбесе, неліктен?
Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?
Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?
Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен? Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.
Жалпы баға
Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?
Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?
Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *