«Ғажайып математика»

Қосымбаева Балжан

Білім беру саласы: Таным

Ұйымдастырылған оқу іс – әрекеті: Қарапайым математика ұғымдарын қалыптастыру.

Тақырыбы: «Ғажайып математика»

Сабақтың мақсаты:

Білімділігі: Балалардың сан және санау, геометриялық пішіндер жарты жылда өткен білімдерін бекіту;

Дамытушылық: Логикалық ойлау қабілеттерін жетілдіру;

Тәрбиелігі: Ойындар арқылы математика сабағына деген қызығушылықтарын арттыру, шапшаңдыққа, тапқырлыққа үйрету.

Сабақтың әдіс – тәсілдері: Түсіндіру, сұрақ-жауап, әңгімелеу.

Сабақтың көрнекілігі: асықтар, әртүрлі пішіндер, үй жануарлары.

Күтілетін нәтиже:

Білуі қажет: сандарды тура және кері санау, логикалық есептер.

Болу керек: зейінді, ұқыпты, мейірімді, есте сақтау, ойлау қабілеттері дамыған.

Қолданады: жыл мезгілдерін, апта күндерін ретімен  атауға, тақпақтар айтуға үйрету.

Оқу іс-әрекетінің кезеңдері

 

 

Тәрбиешінің іс-әрекеті

 

Балалардың іс-әрекеті

 

 

Кіріспе бөлім

 

 

 

 

 

 

 

-Балалар, біз ненің суретін салып тұрмыз?

-Дұрыс айтасыңдар, күн жер әлеміне жылуын шашады екен. Таңертең ұйқыдан тұрғанда балалар, аналарың «Қайырлы таң, балапаным» деп айтама?

-Онда біз де қайырлы таң тілейік!

Қайырлы таң, көздерім ояныңдар!

Қайырлы таң, құлағым ояныңдар!

Қайырлы таң, қолдарым ояныңдар!

Қайырлы таң, баршаға!

Қайырлы таң, достарым!

-Ал, балалар көңіл-күйлеріміз жақсыма? Өте жақсы, орындарымызға отырайық.

 

 

-Күннің.

-Ия.

Балалар қайталап, қимылдар жасайды.

-Ия

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Негізгі бөлім

 

 

 

 

-Балалар қазір жылдың қай мезгілі?

-Қыс мезгілінде неше ай бар?

-Кәне, қыс мезгілінің айларын атайықшы?

-Қыс мезгілінде ауа райы қандай болады?

-Өте жақсы балалар!

-Ал, балалар менің қолымда тұрған не?

-Асық дұрыс айтасыңдар. Мұны біз төрт түлік малдан алады екенбіз. Бірақ балалар менің қолымдағы жәй асық емес, бұл алтын сақа. Осы алтын сақаның ішінде бізге арналған тапсырмалар бар екен. Сол тапсырмаларды орындасақ, біз ғажайып сандықшаға барады екенбіз. Ол бізге арналған тосын сый. Біз дайынбызба тапсырмаларды орындауға?

-Онда мен қазір алтын сақаны ашайын. Алтын сақамызды аштық, көрдіңдер ме балалар біздің алтын сақамыз қандай әдемі? Ішінен бірінші тапсырмамызды аламыз. Біздің бірінші тапсырмамыз балалар, 1-санынан, 5-санына шейін тура және кері санау екен. Біз білеміз бе?

Ал онда санайық.

-Өте жақсы балалар. Ал 2-ші тапсырмамыз балалар дидактикалық ойын екен. Ойын ойнауға қалайсыздар? Ойын ойнаймыз ба?

-Біздің ойынымыздың аты «жоғалған санды тап» деп аталады екен. Яғни 1-санынан, 5-санына шейін жоғалған көрші сандарды табады екенбіз. Ол бізде былай болады екен. Балалар көзімізді жұмамыз, мен  сандарды үстелге қоямын, ал енді көзімізді ашайық. Бізде сандарымыз жоғалып кетіпті. Мына ыдыстың ішінде сандар белгіленген әдемі асықтар бар. Осыдан жоғалған сандары тауып орындарына қоямыз.

Жарайсыңдар балалар, өте жақсы.

-Ал енді бізге берілген үшінші тапсырма балалар, мынадай әдемі жемістерді санау арқылы үстіне асықтарды қойып санауымыз керек екен. Біз дайынбыз ба соған? Ал онда мен сендерге жемістерді таратып шығамын. Балалар мына жемістерді санайық. Қанша жеміс болса сонша асық қоямыз. Ал енді қай суретте асық саны көп, қай суретте аз екенін алдымыздағы таяқшалар арқылы белгі қоямыз. Ал енді осы асықтарды санау арқылы үлкен кіші ұғымын табайық. Міне, біз көп, аз ұғымын орындадық. Ал балалар, сәл шаршаған болармыз, орнымыздан тұрып сергіту сәтін жасайық.

Сергіту сәті

Бойыңды тік ұста,

Емін еркін тыныста

Оң қолыңды соз алға,

Қол ұшына қарада

Үшбұрыш сыз ауада.

Сол қолым босқа тұрмасын,

Шеңбер жасап тынбасын.

Ал, көңілдерің көтеріліп қалдыма?

Отыра қойыңдар. Балалар менің қолымдағы қандай пішіндер? Геометриялық пішіндер, оларды білемізғой ия? Қазір мен осыны ортаға қоямын, мына екі қоржыннан асықтарды алып, пішіндерді асықтармен толтырамыз. Шапшаңдық танытайық, әдемілеп асықтарды қоямыз.  Асықтарды бүк жағынан, шік жағынан және алшы жағынан қоямыз. Әдемі болсын.

Міне біздің пішіндер асыққа толды, әдемі болды, жарайсыңдар!

 

Ал балалар, біз ғажайып сандықшаға келгенше, тағы да алдымыздан бір кедергі шықты. Бұл кедергіден қалай өтеміз? Біз бұдан жаңа өзіміз жасаған геометриялық пішіндер арқылы өтеміз. Мен сендерге пішіндер беремін. Осы қолымыздағы пішіндер арқылы өткелден өтеміз. Біз өткелден өттік, жарайсыңдар! Ғажайып сандықшада біз нені көріп тұрмыз?

Дұрыс айтасыңдар, бұл қазақтың ою-өрнектері! Ою-өрнектер қандай пішіндерге ұқсайды?

Жарайсыңдар, балалар! Қазақтың ою-өрнектері геометриялық пішіндерге ұқсайды екен. Ғажайып сандықшаның келесі жағын көрейік. Мұнда не бейнеленген? Дұрыс айтасыңдар үй жануарлары!   Осы біз манадан бері қолданып жатқан асықтарымыз төрт – түлік малдан алынады екен. Міне сол асықтарымыз. Мынау бүк жағы, шік, тәйке, алшы, ал мынау – алтын сақа екен балалар. Ал енді ғажайып сандықшаның келесі жағын көрейік. Бұл жерде қазақтың ұлттық асбабы  жетіген. Жетігенде асықтан жеті тиегі болады екен. Осы жеті тиегін санап отырып, апта күндерін айтайықшы балалар.

Ал балалар мыналар біздің санамақтарымыз. Біз 1-ден 5-ке дейін санап білемізғой балалар. Онда біз санамақ санайық. Санамақты кім айтады?

Дұрыс балалар! Біз санамақты санай алады екенбіз. Балалар бүгін біз өз-өзімізді бағалайық. Егер оқу қызметі ұнаса – өте тамаша, ал ұнамаса – ұнамады деп бағалаймыз.

-Қыс.

-Үш.

-Желтоқсан, қаңтар, ақпан.

-Күн аяз болады, қар жауады.

-Асық.

 

 

 

 

 

-Ия, дайынбыз.

 

-Ия.

 

 

 

 

-1, 2, 3, 4, 5.

-5, 4, 3, 2, 1.

-Ия.

 

 

 

-Балалар жоғалған сандарды тауып қояды.

 

 

 

 

 

-Ия.

 

 

 

 

-Ия

 

 

Балалар тәрбиешінің қимылдарын қайталайды.

 

 

 

 

 

-Ия.

 

-Геометриялық пішіндер.

-Ия.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

-Оюлар.

 

-Дөңгелек, ром, үшбұрыш, төртбұрыш.

 

-Үй жануарлары.

 

 

 

 

 

-Дүйсенбі, сейсенбі, сәрсенбі, бейсенбі, жұма, сенбі, жексенбі.

-Балалар санамақтарын айтады.

Аяла:

Бір дегенім-бақбақ

Үлпілдеген жақсы-ақ

Жол шетінде тұрсақ

Кетпеңіздер тап-тап.

Дархан:

Екі дегенім ерінгүл

Гүл күтудің емін біл

Көктемде ол көктейді

Күн нұрын жерге төккенде.

Р. Нұрасыл:

Үш дегенім-үлпек

Үйімде ондай гүл көп

Суыққада шыдамды

Әдемі боп өспек

Жұлдызай:

Төрт дегенім-тұңғиық

Білесіңбе бұл тым қиын

Бір шеті суға бойлап

Өзгеше тұрар жайнап

Айдай:

Бес дегенім бәйшешек

Бірінші гүл көктемнің

 

Бәйшешекті оятар

Баяу түртіп жәй ғана.

-Балалар бағалайды.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қорытынды бөлім

Тәрбиеші балалардан бүгінгі сабақтан алған әсерлерін сұрайды, көңіл күйлерін, немен айналысқандарын сұрайды. Балаларды мадақтайды. Сабақтан алған әсерлерін айтады.Қойылған сұрақтарға жауап береді.

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.